Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
6.1.1.3 қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару;
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
- қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну;
- кері пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын білу;
- кері пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алу.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Caбaқтың бacы 10 мин.
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Үй тапсырмасын тексеру. Ой түрткі: С-1: Қандай шамалар тура пропорциноал шамалар деп аталады?
С-2: Тура пропорционалдық әріптермен қалай жазылады?
С-3: Тура пропоционалға мысал келтіріңдер.
Ауызша тапсырма:
№1. 14 деталды дайындау үшін 16,8 кг металл қажет. Осындай 27 детал дайындау үшін неше килограмм метал қажет?
№2. Жанармай станциясында 2 л бензин 1,6 кг, ал 5 л бензин қанша килограмм тартады?.
4. Топқа бөлу: Үш түрлі түсті түрлері беріледі
Оқушылар сәлемдесіп, психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, 1-мысал бойынша өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. Оқушыларға конвертке салып түрлі түсті фигуралар арқылы топқа бөлінеді
«Жарайсың!»
Слайд, интербелсенді тақта
Үштүрлі түсті үшбұрышты қағаз қиындылар
Caбaқтың ортacы 30 мин.
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мынадай мысал қарастырайық.
Есеп: Тапсырманы 4жұмысшы 120 сағата орындайды. Осы тапсырманы 8,12,16 жұмысшы неше сағатта орындайды?
Шешуі: 1) Егер, тапсырманы 1 жұмысшы орындаса, ол неше сағатта орындайды?
4*120 =480 сағ.
2) тапсырманы 16 жұмысшы орындаса, неше сағ орындайтынын 480: 16 = 30 сағ екенін табамыз. Шамаларлың өзгерісін кестеге салайық
Жұмысшылар саны
4
8
12
16
Орындалу уақыты
120
60
40
30
Демек, берілген тапсырманы орындайтын жұмысшылар саны неше артса, жұмсалатын уақыттың сонша есе кемитінін көреміз.
• Егер, бірінші шама бірнеше есе артқанда(кемігенде) екінші шама сонша есе кемитін болса, мұндай шамалар кері пропорционал деп аталады. • Егер екі шама кері пропорционал болса, бірінші шаманың мәндерінің қатынасы екінші шаманың мәндерінің кері қатынасына тең болады.
Кері пропорционалдылықты әріптермен жазсақ,
х1 : х2 = у2 : у1 .
Мысалы, кері пропорционал шамалар:
Тік төртбұрыштың ауданы тұрақты болғанда оның ұзындығы мен ені;
Құны бірдей заттардың мөлшері мен бағасы;
Арақашықтық бірдей болғандағы жылдамдық пен уақыт.
Есеп: Мотоциклші өзен үстіндегі көпірден 10 м/с жылдамдықпен 54 секундта өтеді. Мотоциклші осы көпірден 12 м/с жылдамдықпен неше секундта өтеді?
Шешуі;
х – мотоциклшінің көпірден 12 м/с жылдамдықпен өту уақыты.
Есептің берілу шарты бойынша:
10 м/с --------- 54 с
12 м/с --------- х с
Есептің шарты бойынша кері пропорционал шамаларды пайдаланып, құрылған пропорция: