Сабақтың тақырыбы Туризм деген не? Сабақтың мақсаты



бет21/46
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#110943
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
Байланысты:
туризм қмж

Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы



Туған өлкенің географиялық орны, көлемі, елді мекендердің маңызы

Сабақтың мақсаты



Оқушылар бойында мәдени, рухани, ұлттық сана мен мәдениет мұраларын үлгі ету арқылы саналы тұлға қалыптастыру

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу, назарларын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасы.
1.Қасым Аманжоловтың өлеңіне сипаттама беру?
2.Жамбыл ауданы ның орналасқан жері?
3.Жамбыл облысының географиялық жағдайы қандай?

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



Слайд 6-7
Дидактикалық материалдар №1



Ортасы

«Суреттер сөйлейді» әдісі:
Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағандыоблыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².
Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар.

Облыстың аудандары


Облыс орталығы - Тараз қаласы

  • Байзақ ауданы — Сарыкемер ауылы

  • Жамбыл ауданы — Аса ауылы

  • Жуалы ауданы — Момышұлы ауылы

  • Қордай ауданы — Қордай

  • Меркі ауданы — Меркі ауылы

  • Мойынқұм ауданы — Мойынқұм

  • Тұрар Рысқұлов ауданы — Құлан ауылы

  • Сарысу ауданы — Жаңатас қаласы

  • Талас ауданы — Қаратау (қала)

  • Шу ауданы — Төле би ауылы

Жамбыл ауданы – Жамбыл облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1928 ж. құрылған. Жер аумағы 4,3 мың км². Тұрғыны 86 411 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 18 адамнан келеді (2008). Аудан аумағындағы 45 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Аса ауылы.
Аудан жері таулы (Қаратау мен Қырғыз Алатауының түйіскен жері), қыратты (орт.), солтүстікке қарай жазық келеді. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –6 – 7°С, шілдеде 22 – 26°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 250 – 400 мм.
Аудан жерімен Талас, Аса өзендері ағып өтеді; Бөгеткөл, Сұлукөл, Сеңгірбай, Көкіш көлдері бар. Жері таулы-шалғынды, шалғынды-сұр, шалғынды-батпақты келеді. Онда жусан, жантақ, сораң шөп, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер, т.б. өседі. Ақ бөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл, т.б. мекендейді.
Жер қойнауынан құрылыс материалдары (гипс, әктас, т.б.) өндіріледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 412 мың га, оның ішінде жыртылған жері 156,4 мың га, шабындығы 7,2 мың га, жайылымы 325,5 мың га. Аудан жерімен Шымкент – Тараз, Тараз – Қаратау – Жаңатас т. ж., Шымкент – Тараз, Тараз – Ақкөл – Саудакент автомобиль жолдары өтеді.
Жамбыл ауданының ауылдық округтері: Айша бибіАқбастауАқбұлымАсаБесағашГродековЕрназарЖамбыл, Көлқайнар, Қаракемер, Қараой, Қаратөбе, ҚызылқайнарӨрнекПионерПолатқосшы, Тоғызтарау
Ауданымыздың елді мекендері: Айша бибі, Ақбұлым, Аса, Бәйтерек, Бектөбе, Бесағаш, Бесжылдық, Бірлесу-Еңбек, Гродеково, Еңбек, Ерназар, Жалпақтөбе, Жамбыл, Жаңаөткел, Жасөркен, Жұма, Көлқайнар, Қапал, Қаракемер, Қаратау, Қоңыртөбе, Қостөбе, Құмсуат, Құмтүйін, Қызылдихан, Қызылқайнар, Қызылтаң, Қызылшарық, Октябрь, Өрнек, Пионер, Пригородное, Рахат, Сеңгірбай, Талас, Танты, Тастөбе, Тоғызтарау, Түрксіб, Шайдана, Шайқорық, Шайқорық (станция), Шоқай.
Аса – Жамбыл облысы Жамбыл ауданының орталығы (1973 жылдан), темір жол стансасы. Облыс орталығы – Тараз қаласынан солтүстік - батысқа қарай 26 км жерде.
Тұрғыны:

  • 8,2 мың адам (2003);

  • 8,6 мың адам (2009).

Іргесі 1941-1942 жылдары Жамбыл – Қаратау темір жолын салуға байланысты қаланған. Аса өзенінің аңғарына жақын орналасқан. Аса арқылы Тараз – Ақкөл – Саудакент автомобиль жолы өтеді. Аса ауылы Қырғыз Алатауынан бастау алып, тау асып келіп, кезінде асу бермей ағып жатқан кемері кең Аса өзенінің атымен аталады, ал Аса өзені - Аса ауылының оңтүстік жағынан ағып өтеді.
Тастөбе – Жамбыл облысыЖамбыл ауданындағы ауыл,Көлқайнар ауылдық округі құрамында. Аудан орталығы – Аса ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км жерде, Тасарық өзенінің жағалауындағы сұр, қара жусан аралас баялыш, көкпек басым өскен сұр, шалғынды сұр топырақты қуаң шөлді далада орналасқан. Тұрғыны 1,4 мың адам (1999). Ауыл 1996 жылға дейін "Куйбышев" деп аталып келді. 1964 – 1997 жылдары қызылша өсіретін Куйбышев атынд. кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Тастөбеде 1997 жылдан өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдш.-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.Тастөбе ауылы - VII-X ғасырлардағы қала (Тастөбе) орны. Тастөбе ауылының солтүстік аумағында 400 м жерде биік төбе орналасқан, айналасында қыш құмыра, күйген кірпіш сынықтары көптеп кездеседі. Ауыл маңында көптеген қорғандар бар.



Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды


Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет