- Ғылыми ізденудің әдістерін оқыту, зерттеуге ынтасын қалыптастыру.
Өлкемізді сүю сипатындағы жеке тұлғаны тәрбиелеу.
«Ауылдын амандығы, елдің амандығы» дей отырып, өз елін, туған жерін сүйетін, ұлттық рухы биік бәсекеге барынша қабылетті, ізденімпаз, білімді азамат тәрбиелеу.
Ел – жер тарихын зерттей отырып, дүниетанымы кең, жетілген, сыни тұрғыдан ойлана алатын, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бағалау критерииі
Ел – жер тарихын зерттей отырып, дүниетанымы кең, жетілген, сыни тұрғыдан ойлана алатын, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу, назарларын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасы.
1.Туған өлкенің қандай ерекшеліктері ба?
2.Көне Тараз туралы қай елшінің жылнамасында айтылған?
3.Көне Тараз қаласын зерттеген археологтар
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
Қол шапалақ
Ұялы телефон
Және интернет желілері
Кітап
Ортасы
. Ойлан, бірік, бөліс» әдісі
Мәтінмен жұмыс
Қазақстан – Еуразия материгінің бел ортасында орналасқан мемлекет, оның табиғи ресурстары бай және экономикалық қуаты күшті еліміз.
Біз мемлекетіміздің оңтүстік өңіріндегі Жамбыл облысындамыз. Облыс орталығы Тараз қаласы. Обылыста барлығы 10 аудан, 3 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар 10 ауданның ішіндегі Жамбыл ауданындағы Көлқайнар ауылдық округіне қарасты «Тастөбе» ауылында орналасқанбыз.
Жамбыл ауданының жері таулы (Қаратау мен Қырғыз Алатауының түйіскен жері), қыратты (орт.), солтүстікке қарай жазық келеді.Жамбыл ауданы 1928 жылы Әулиеата ауданы атымен (шамамен 946-992 жж. өмір сүрген Қарахан әулетінен Әулиеата атанған екінші ханның мекені болған) Сырдария өлкесінің құрамында өмірге келген. Аудан орталығы Әулиеата қаласында болған. Бұл - Кеңестер Одағының жер-жерде коллективтендіру науқанын жүргізе бастаған шағы. Аудан алғаш құрылғанда 18 ауыл шаруашылық артелі жұмыс істеген. 1932 жылдың 20 ақпанында Сырдария өлкесі Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан облысы болып екіге бөлініп Әулиеата ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қалды. Ал, 1936 жылдың 10 қаңтарында Әулиеата ауданы сол кездегі Қазақстанның басшысы Мирзоянның есімімен аталды. Қазақтар «Мырзажан» немесе «Мырзабала» атаған. Мирзоян 1938 жылы халық жауы болып ұсталып кеткен соң, ауданға осы жылдың 1 шілдесінде қазақ халқының Гомері атанған ұлы Жамбылдың есімі беріледі.
мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» 17,5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан – арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады;
жалпы алаңы 3,07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы» (ботаникалық), Зайлы Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады;
жалпы алаңы 1000 мың га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал (зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, джейрандар, еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар, құрлар басым.
Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады