Сабақтың тақырыбы №



Дата24.03.2023
өлшемі73,53 Kb.
#75878
түріСабақ
Байланысты:
Тұрақты электр тоғы ҚМЖ 8 сынып


6

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тұрақты электр тогы

Мектеп «Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Аубакирова Л.К

Сынып: 8 сынып

Қатысқандар:18

Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

3 зертханалық жұмыс. «Электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшi мен кернеуді өлшеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.4 – электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау;
8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақтыңмақсаты

Барлық оқушылар орындайды:Физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау.Электр тізбегін дұрыс сызба бойынша құрастырады

Оқушылардың көпшілігі орындайды: Электр тізбегін құрып, ток күшін және оның әр түрлі бөлігіндегі кернеуді өлшейді.

Кейбір оқушылар орындайды:Электр тізбегін сызба бойынша құрып, дәлдікпен олардың бір бөлігінің құнын анықтайдыоның әр бөлігіндегі ток күшін және кернеуді өлшеп,қорытынды жасайды.

Бағалаукритерийі

Физика кабинетіндеқауіпсіздік ережелерін біледі және анықтайды. Электр тізбегінқұрастырудашарттыбелгілердіқолданады,бөлікқұнынесептеуарқылыприбордыңкөрсетулерінанықтайды.



Тілдікмақсаттар



Оқушылар сабақ барысында жаңа терминдермен еркін сөйлеп жеткізе алады.Берілген тапсырмаларды оқиды және дәптерлеріне жазып орындайды.

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Амперметр

Амперметр

Amperage

Вольтметр

Вольтметр

Voltage

Ток күші

Сила тока

Current

Кернеу

Напряжение

Voltage

сым

провод

wire

кілт

ключ

switch

батарея

батарея

battery

электр тогы

электрический ток

electric current








Құндылықтарға баулу



Жалпығабірдейеңбекқоғамы.Зертханалықжұмысжасайотырыпеңбексүйгіштікке баулу.

Пәнаралықбайланыс

Математика(пәнінбайланыстыраотырыпжан-жақтыталқылау,ағылшынтілініңсөздіктерінқолдану)

Алдыңғы білім


Электр тiзбегi, және оның құрамдас бөліктері.Тоқ күші, кернеу туралы біледі.




Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғанжаттығутүрлері



Ресурстар

Сабақтың басы
1 минут
2минут
2 минут

5 минут


1.Ұйымдастыру кезеңі
(Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа даярлығын тексеріп,назарын сабаққа аудару)
ІІ.Психологиялық ахуал
«Ыстық лебіз»
III.Топқа бөлу:(суреттер арқылы)
Амперметр,Вольтметр,тоқ көзі суреттері салынған қима қағаздар арқылы 3 топ болып бөлінеді.
Топ басшысын сайлап, әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы



Бағалау өлшемдері

Топ мүшелері
















1

Конверттегі сұрақ
















2

Тәжірибені дәлелде
















3

Сәйкестендіру
















1-тапсырма «Миға шабуыл»Үй тапсырмасын пысықтау.
1.«Конверттегі сұрақ»әдісі
I-топ:
1.Тоқ күші деп нені атайды?Ол нені сипаттайды?
2.Вольтметр тізбекке қалай қосылады?
3.Мына шартты белгілердің атауларын сызып көрсет:
а)Кілт в)Амперметр с)Қыздыру шамы
II-топ:
1.Электр кернеуі деп нені атайды?Ол қандай бірлікпен беріледі.
2.Амперметр тізбекке қалай қосылады?
3.Мына шартты белгілердің атауларын сызып көрсет:
а)Генератор в)Реостат с)Вольтметр
III-топ:
1.Электр кернеудің формуласы қалай жазылады?
2.Электр заряды және уақыт арқылы тоқ күшін қалай өрнектеуге болады?
3.Мына шартты белгілердің атауларын сызып көрсет:
а ) қосылған сымдардың түйісу в) гальвани элементі с)қысқыштар
ҚБ: «Фигура арқылы бағалау»
Д ұрыс жауабын интерактивті тақтада шығарылады (Жұлдызша – барлық жауап дұрыс, төртбұрыш -1 қате болса, үшбұрыш – 2 қате, дөңгелек-3 қате)

Қ ұрал
жабдықтар

Сабақтың ортасы

22 минут




«Ойлан – жұптас – бөліс»әдісі
Үш топқа бірдей тапсырма беріледі
Зертханалық жұмыстардың құрал-жабдықтарын көрсете отыра түсіндіру. №3 зертханалық жұмыстың мәтінін оқып, жұппен бірлесе отыра, талқылап, топпенжасайды .
Зертханалық жұмысты орындау.
Зертханалық жұмыс №3
Электр тізбегін құрастыру және әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу
Жұмыстың мақсаты:тоқ күші тізбектің әр түрлі бөлігінде бірдей екенін көрсету және кернеуді өлшеуді үйрену.
Құрал – жабдықтар: тоқ көзі,амперметр, вольтметр, қыздыру шамы,2 резистор,кілт,өткізгіш сымдар.
Жұмыс барысы:
1)Амперметр мен вольтметрдің шкалаларын қараңдар,бір бөліктерін құнын анықтаңдар:
2)191,192 және 193 суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбектерін жинаңдар.
3)Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетуін кестеге жазыңдар.
4)Қорытынды жасаңдар.
5)Тоқ көзін,резисторды,қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып,электр тізбегін жинаңдар;
6)Тізбектегі тұйықтаңдар және әр резистордың ұштарындағы кернеулерді U U және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер
7) Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар
8/U+U қосындысын есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар
9)Қорытынды жасаңдар.
Тапсырма 1 (Қорытындысы барлық оқушыларды оқу мақсатына жетелейтін мазмұн)
Ойлау дағдысының деңгейі-қолдану
-Критериалды бағалау:Зертханалық жұмыстың мақсаты мен барысын талдау,құрал-жабдықтарды дұрыс құрастыру және амперметр мен вольтметр бөліктерінің құнын анықтау,әртүрлі бөліктернідегі кернеу мен тоқ күшін анықтау.
Кестенің дұрыс толтырылуы.
«Кесте толтыру» әдісі.
-Саралау:Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар топ ішінде орындаған кестені бір-біріне оқып талқылайды.Әр топтан бір-екі оқушының кестесі оқылып сыныпқа жарияланады.
Дескриптор:

  1. Амперметр мен вольтметр бөліктерінің құнын анықтады.

  2. Электр тізбегін дұрыс құрастырып, оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күшін анықтады

  3. Электр тізбегін дұрыс құрастырып, оның әртүрлі бөліктернідегі кернеуді анықтады.

  4. Кестені дұрыс толтырды.

  5. Мақсат бойынша есептеу жұмыстарын жүргізді.

Қ/Б: «Смайликтер»әдісі
Тапсырма 2 (Қорытындысы оқушылардың басым бөлігін оқу мақсатына жетелейтін мазмұн)
Ойлау дағдысының деңгейі-талдау
-Критериалды бағалау:Зертханалық жұмыс бойынша алынған нәтижелерді талдай алу және өлшеу қателігін анықтай алу.
«Жеке практикалық жұмыс»әдісі.Оқушылар жеке жұмыс жасайды.
Саралау:Сынып оқушыларының басым көпшілігі осы тапсырмаға жетеді.Оқушылар зертханалық жұмыс нәтижесін талдайды және өлшеу қателігін жазады.
Дескриптор:
1.Зертханалық жұмыс бойынша алынған нәтижелерді қорытындылады.
2.Өлшеу қателігін анықтады.
Қ.Б:«Смайликтер»әдісі
Тапсырма 3(Қорытындысы кейбір оқушыларды оқу мақсатына жетелейтін мазмұн)
Ойлау дағдысының деңгейі-жинақтау және бағалау.
Критериалды бағалау:Электр тізбегінің адам өміріндегі қапжеттілігін білу.
«Эссе»әдісі
Саралау:Эссе белгілі сөз көлемімен шектелгендіктен,ойды нақты жеткізе білу.
Дескриптор:
1.Электр тізбегінің адам өміріндегі пайдасын біледі.
2.Өмірде қолдана алады.



8 сынып
оқулық

Апмерметр, Вольтметр
Резистор
Өткізгіш
сымдар
Кілт
Тоқ көзі









Сабақтың соңы
5минут

1 минут
2 минут



«Кім жылдам?»(сәйкестігін табу)

Физикалық шама

Белгіленуі

Формула

Тоқ күші

U

q =It

Кернеу

I

A= Uq

Жұмыс

A

I =q\t

Заряд

q

U= A\q


Үй тапсырмасы:
«Синквейн»Бес жолды өлең құрастыру.
Бірінші жолда- тақырып бір сөзбен беріледі(зат есім)
Екінші жолда-тақырып екі сөзбен сипаттау(сын есім)
Үшінші жолда-тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу(етістік)
Төртінші жолда-төрт сөзден тұратын бір сөйлем
Бесінші жолда-тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
1-топ:Амперметр
2-топ:Вольтметр
3-топ:тоқ көзі
Рефлексия: «Көңіл күй»
Оқушыларға үш түсті белгілер беріледі.
Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ.»
Көк түс - “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.”
Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.»



Әр түсті
жапырақ
тәріздес
стикерлер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет