Сабақтың тақырыбы: Web беттер және сайтты жариялау



бет1/3
Дата13.09.2022
өлшемі6,14 Mb.
#38959
түріСабақ
  1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Web беттер және сайтты жариялау.
Тарихы 1991 жылы алғашқы web-сайттың пайда болуынан басталды.
Оның құрастырушысы Тим бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы URL адресациялау жүйесі,HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Web жаңа технологиясы туралы жазды.
Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді.
Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет –каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды.
Сөйтіп виртуалды шындықтың үш өлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды.
Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады.
Web- бет дегеніміз желідегі барлық ақпаратты сақтайтын құжат.Web- бет кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Мысалы, жоғарғы оқу орны үшін мынандай Web- беттерді дайындалады.
-Факультет атаулары, мамандықтар;
-Кафедралар, олардың қызметкерлері жөнінде мәліметтер;
-Әр жылда оқу орнын бітіруші студенттер тізімі.
Web- беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Web- бетте жазылған сөз не сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Оны гиперсілтеме деп,сілтеме енгізілген мәтінді гипер мәтін деп атайды.Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын не суретті белгілеуі мүмкін.
Экранда көрінген Web- бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша келесі Web- бетті экранға шығару үшін сілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол Интернеттің глобальды жүйесі 40-мыңнан аса әр түрлі локальды жүйелердің қосындысын құрайды.
Әрбір локальды жүйе түйін немесе сайт деп, ал сайттың жұмысын қамтамасыз ететін заңды тұлға –провайдер. Сайт әдетте бірнеше компьютер –серверден тұрады.
Олардың әрқайсысы ақпараттың анықталған түрін сақтауға арналған. Ақпаратты іздеу жүйесінің потенциалы (ИПС)(АIЖ) бүгінгі күнде жақсы дамыған. Қарапайым ортада кілтті сөз арқылы құжаттың арасынан ғана емес желілік адрес URL, серверлер атының арасынан, каталог және соңғы ақпараттық файлдар арасынан іздеуге мүмкіндік алуға болады.
World Wide Web жүйесін аралап көруді жүзеге асыратын арнайы программалық жабдықтамалар –web-броузерлер болады. Бүгінгі күнге дейін ең кең таралған браузерге Microsoft компаниясының Internet Exlorer программасы жатады, ол Windows нұсқаларының кез келгенінің құрамында бар.
Web- беттерді көруге арналған программа броузер деп аталады.Браузер WWW қызметінің ресурстарын шолу бағдарламасы.
Броузермен жұмыс істеу өте қарапайым боп келеді, оның адрестік өрісіне, web- сайт немесе басты парақ адресін енгізіп, Enter пернесін басу жолымен Интернет арқылы сол адрестегі Web-бет мәліметі алынып, экранда бейнеленеді.
Интернетке қосылу жылдамдығы мен web –сервермен байланысу сапасына және де парақ мәліметі көлеміне байланысты экранға керекті мәлімет бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылады.
Web парақтың кеңейтілуі:, htm. Түрінде айналған кезде тышқан түймесін шерту жеткілікті.
Сурет графикасы әдемі, сапасы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web дизайын дами түсті.Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады.
Қазіргі таңда web дизайын өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлығы және т.б.
Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа – құралдарының кең таңдауын, html және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді.
Web дизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді. Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді.
Мүмкін болар диапазон –мәтіннің қалай жазылғанынан HTML гипермәтіндік технология көмегімен қалай ұйымдастырылғаны, берілгені және құрылғанына дейін. Көрінетін бейнелері.
Бұл сайттағы экран кеңестігінің құрылуына қатысты. Құрылу әдетте HTMLCSS немесе Flash көмегімен жүреді және көркемдік не навигация қызметін атқаратын графикалық элементтерден тұрады.
Сайттың көрінетін бейнелері-web дизайнның негізгі аспектісі, бірақ ең маңыздысы емес, Технология. Оған бағдарлама көмегімен құрылған түрлі интерактивті элементтер кіреді.JavaScript сияқты клиент жағында жұмыс істейтін сценарий тілдерінен Java –сервер секілді серверлік қосымшаға дейін элементтер болуы мүмкін.
Жеткізу internet желісінде сайтты жеткізу жылдамдығы және бас тартпау бағдарламалық қамтаманы және желілік архитектура көмегімен байланысты. Тағайындау.
Сайттың қандай себеппен құрылғаныweb дизайнның негізгі бөлігі болып табылады.
Экономикалық сұрақтармен байланысты болғандықтан, басқа облыстарға қатысты кез келген шешімді қабылдағанда осы элемент ескеріледі.
Әрине web дизайнның әрбір облысының сайтқа әсері құрылатын сайттың типіне тікелей тәуелді. Мысалы, жеке бетте Internet-дүкенге тән экономикалық түсінік болмайды.
Өндірістік кәсіпорынның ішкі желісінде шым-шытырық фильмдерді жарнамалайтын сайттағыдай көрінетін бейнесі де болмайды.
Осылайша графикалық дизайн, бағдарламалау, желіні ұйымдастыру, қолданушы интерфейсін жобалау,қолдану ыңғайлылығы және басқа да көздерден тұратын web дизайн мультипәндік облыс болып табылады. Веб дизайнға қойылатын талаптар. Веб дизайн-сайтты дайындаудың алғашқы этапы. Ол көбіне Adobe Photoshop немесе Macromedia Flash MX бағдарламасында орындалады,webдизайнның кейбір элементтері Draw Adobe Шustrator векторлы графика, 3Dmax, Мауа, өлшемді моделдеу бағдарламаларынан импортталынады.
Бірақ web дизайн тек сайттың көркемдік жағы емес, оның қолданушыға ыңғайлы болуы-тұрақты қолданылатын элементтердің айқын ерекшеленуі, мәзірдің түсінікті болуы жатады.
Сондықтан сайттың дизайны бірнеше талаптарға жауап беруі керек:Web дизайн компанияның имиджін ерекшелеп көрсететін стильді болу керек.
Web дизайн компанияның фирмалық стилімен үндесуі керек. Web дизайн қолданушыға қолайлылық сезімін тудыру қажет, бетте мәтіннің дұрыс құрылуы, суреттердің ыңғайлы орналасуы және ойластырылған түстердің үйлесімділігі осыған септеседі. Web дизайн қолданушы сайтта басқару элементтері мен навигацияны іздетпегені дұрыс –мәзір анық та түсінікті болу керек.
Web дизайн сайтта жарнамаланатын тауар, қызмет көрсету және ақпаратқа сәйкес болу қажетWeb дизайн «жеңіл», яғни сайт беттері ұзақ жүктелмеукерек.
Веб дизайнда анимация жиі қолданылады. Анимацияланған суретті құрған кезде оның «салмағын» ескерген жөн.
Олар ұзақ жүктеліп, қолданушының сіздің сайтынызбен жұмысын қиындатады.
Әрине, анимацияланған суреттер статикалық суреттерге қарағанда көбірек көңіл аудартады, оларды мақсатпен және үнемді қолданса нұр үстіне нұр.
Web дизайн қалай құрылады?Webдизайн –бұл сайт жобасының бір бөлігі ғана.
Жалпы сайтқа техникалық тапсырма қойылады. Онда web дизайнға негізгі талаптар, беттегі басты элементтердің орналасу схемасы құрылады.
Осыдан кейін техникалық тапсырма дизайнерге беріледі,онымен бірігіп дизайн концепциясы жасалынып бекітіледі.
Бұл негізгі беттің дизайыны, ол барлық сайтқа бірдей стиль береді. Сайттың web дизайн жобалау мен іске асыру бірнеше күннен бірнеше жұмаға созылуы мүмкін.
Қазіргі таңда web дизайнға креативті, ерекше болу талабы қойылады.
Себебі онда жоғарыда көрсетілгендей өнер, маркетинг, технологиялар қиылысады. Негізгі бетке флеш-ролик, компанияның соңғы жаңалықтарын, логотипті сурет, бөлімдердің қысқаша сипаттамасын орналастыруға болады. Web дизайнда визуалды қабылдау үлкен рөль атқарады.
Экранның әр түрлі жерінде орналасқан элементтер ақпаратты көру және психологиялық қабылдауға әр түрлі әсер етеді. Экранның сол жақ жоғарғы бөлігінде көп қолданушыға таныс логотип орналасады.
Ал жаңа бастаған фирмалар логотипін оң жақ жоғарғы бөлікте орналастырса, қолданушы оны тез және оңай жаттайды.
Беттің жоғары жағының web дизайнын фотосурет, басқа графикалық суреттермен безендіру керек. Web дизайн құрғанда кейбір нәрселерге назар аудару қажет.Сурет тышқан сілтемесін жақындатқанда көмекші сөз шыққан дұрыс.
Бұл қолданушының сайтпен жұмыс жасауын едәуір оңайлатады.
Гиперсілтемелер жалпы мәтіннен ерекшеленіп, анық бейнелену тиіс ал шрифт өзгере алатын болу керек.
Бұл мониторларының өлшемі әр түрлі болатын қолданушыларға арналған.
Тышқанды қолданбайтын қолданушылар үшін табуляция клавиштерінің көмегімен бетте логикалық тәсілмен қозғалатын арнайы бағдарлама орнатуға болады.
Бұл web дизайн сапасын арттыра түседі. Тауарды жарнамалайтын сайттарда тауар бағасын суреттердің астына, ал адрес, сандық ақпараттарды беттің төменгі оң жағына орналастырғаны жөн.Баннер төменгі сол жақта орналасса үлкен танымалдыққа ие болады.Web
Дизайн кітап, газет немесе журнал баспасының полиграфиялық дизайны секілді маңызға ие.
Оның қысқа да нұсқа мағынасы –веб –беттің әдемі, көз тартарлық бейнелеуін бірнеше мақсат көздейді: бұл жақсы имидж қалыптастыру, клиенттердің сенімін күшейту, ақпаратты, қызмет көрсету мен тауарды сатуды көбейту.
Web дизайн тартымды да пайдалы болу үшін оны құру кезінде оған қандай тапсырмаса жүктелетінін, осы облыстағы бәсекелес сайттарды зерттеу, клиеттің жұмыс стилі, қандай мақсатты аудиторияға арналғанын білу міндетті.
Графиканы құру және оптимизациялау –күрделі жұмыс. Web-бетті графика құрмай-ақ шрифт, скрипт, стиль кестесі (CSS) көмегімен көрнекі етіп жасауға болады.
Алайда құжаттың нәтижесінде көптеген факторлар әсер етеді: браузер терезесінің көлемі, үнсіздік бойынша алынған шриф, түсі және аты.
Сонымен қатар, кей скрипт пен стилдер барлық браузерлермен ұстана бермейді. Ал егер сіз графиканы қолдансаңыз, қолданышы бетті дәл сіз құрғаныңыздай көреді.
Web-графикамен жұмыстың басты қиындығы –Интернет каналдарының өткізу қасиетінің төмендігі болып табылады.
Сондықтан сіз графикалық файлдың көлемі аз, бірақ сапалы болуын және оны оптимизациялауда қандай программалар қолдану қажеттігін қадағалауыныз қажет.
Векторлы және растлы графиканы редакторлар епті қолда қуатты құрал бола алады.
Растрлы суреттер түс градациясын және жартытондарды дәл береді, суреттің жоғарғы детализациясын қамтамасыз етеді.
Сол себепті олар тонды суретті берудің фотографияны сканерлеу оптималды құралы болып табылады. Растрлы графикада пикселдердің бекітілген көлемі қолданылады.
Бұл суретті өзгерту ( бұру үлкейту) кезінде бейненің бұрмалауына және объект шекараның қисық болып шығуына алып келеді.
Ал векторлы графика математикалық фигураны –векторлар негізінде құрылып, кординатасы, түсі және басқа параметрлі қисық және боялған шектелген облыстардан тұрады.
Векторлы суретті файл қисықтық координатасы мен параметрлерінен құрастырылады.
Оларды өзгерткенде сапа төмендемейді. Векторлы графика ұсақ көгілдір шрифттар қолданған цифрлы объектілер және анық контур қажет логотиптер жасауда пайдаланады.
AdobePhotoshop-растрлыграфиканы профессионалды өңдеудің ең қуатты пакеті.Әр түрлі фильтрлер мен эффекті жиынтығынан тұратын, растрлы суреттімодификациялаудың көптеген мүмкіндіктерінен құралған үлкен кешен болып табылады.
Web-беттің қалай құрастырылу принципін түсінгеннен кейін, олардың әрқилы мақсаттарда қолданатынын білеміз.
Сол себепті қазіргі таңда Web-дизайнға көп көңіл аударылады, өйткені желідегі қайсібір ақпараттық ресурстың танымалдығы тікелей соған байланысты.
Web-дизайнердің жалақысының жоғарғы болуының себебі де сол.Web-бетті құрушы адам,өзінің білімін шығармашылық потенциалымен ұштастырады.
Көз сүйсінерлік Web-бетті жасап шығару үшін суретші әрі программист қасиетіне ие болу шарт. Web қосымшаларын жасаудағы басты қиындық беттің көлемі және интернетброузерлердің
Сйымдылығы болып келеді.
Macromedia корпорациясыWeb-та барлық ақпарат түрлерінің соңғы жаңалықтарын қолдануға тырысты. MacromediaFlash-өте қуатты, сонымен қатар қолданыста қарапайым, интерактивтілікті ұстанатын векторлы графика негізінде анимациялық жобалар жасаудың құралы.
Flash суретшілер мен дизайнерлер үшін web-жобаны анимация және дыбыспен толықтыруда
таптырмайтын жұмыс құралы болып табылады.
Flash-ты Web стандарт ретінде келісім жасалғаны,ол HTML-мен оңай интерацияланды.
Алғашында бұл программа Splash Animator деп аталды және белгісіз Future Animator фирмасымен мультфильм жасау мақсатымен сатылды.
Аниматор –суретшілерге арналып, кең қолданыс таба алмады. WWW қосымшалары танымал бола бастаған кезде Macromedia секілді алып фирма оған көңіл аударып, сатып алды да Flash деп атын өзгертті.
Flash құрастырушылары жобаны жасауды оңайлату және автоматтандыру үшін программа интерфейсін өзгертті. Өзгеріс тек сыртқы бейнені ғана емес, құрамына да тарады.
Flash-та интерактивтілік түсінігі Action Script (Іс-әрекет) сценарийлерін қолдану арқылы кеңейді.
Ол электронды дүкендерді алғаш құрастырушы behaviors (интерфейс элементтерінің орнын ауыстыру, логика және математика ) күрделі іс әрекет стилін құрастыруға мүмкіндік береді.
Осы себепті программа Web-өңдеушілерінің арасында кеңінен қолданып, аниматор маманға керемет көмекші бола алады.
1996 жылы пайда болғаннан кейін Flash көрнекі мультемидийлік Web-бет құрастыруда стандарт болды. Мысал ретінде Citibank, Fox, Pepsi Cola, Paramount,Plymouth, Chrusler, Nestle жәнеWarner Bros серверлерін көрсетуге болады.Flash-та жұмыс жасау үшін программалаудың маманы болып қажет емес, бұл Java Script, Java немесе HTML кодтарын жазбай –ақ интерактивті Web-түйін жасауға мүмкіндік береді.
Интернетте кез келген Web-беттің негізін құжатты белгілеу және гипертесті ақпарат беруші HTML-тілі құрайды.
Flash технология HTML орнын баспағанмен, қазіргі таңда Flash көмегімен толыққанды бет –ролик жасап шығаруға болады.MacromediaFlash қолданылатын көптеген беттерде HTML мүлдем жоқ сияқты, мұнда HTML-код Flash арқасында минимумға әкелген.
Код мағынасы –Flash-клиптің дұрыс орналасуы. Аяқталған бір беттің түрін қарастырсақ:
Web-бет =HTML+ Flash Action Script-ты қолданғанда, бұл формуланыJavaScript толықтырады. CGI орындай отырып,Flash қайсібір параметрлерді бере алады.
Сонымен қатар CGI Flash-тан шақырылып, әрекет орындап, жауап ретінде алдын-ала әзірленген Flash-клипті көрсетеді.
Flash-технологияны қолданудың ең дұрыс шешімі –толыққанды HTML-құжатты кішігірім клиптермен көркемдеу. Көптеген танымал сайттар сәннен қалғылары келмей, осы жолды таңдады.
Осындай сайтттарға енген қолданушы не Flash-ролик әрекеттерімен сүйсініп не оны фон ретінде қабылдайды. Бұл жерде Flash-клиптер анимацияланған CIFсекілді қолданылады және бүкіл сайт үшін өмірлік маңызы болмайды, осындайда жаңа формуланы пайдалана аламыз:
Web-бет = HTML+DHTML(Java ScriptVB Script, CSS)+ Flash+CGI Flash Web-беттің сәнді қосымшасы ролін атқарады, Flash мүмкіндіктері.
Macromedia компаниясы Flash-ты шығара отырып, көптеген қуатты идеялар мен технологияларды бір программаға біріктірді, сөйтіп қолданушыға Web арқылы мультимедиялық презентацияларды көруге мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет