Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту «Шаттық шеңбері» әдісімен бір-біріне жылы тілектер айту арқылы сыныпта жақсы көңіл-күй орнату.
Шеңбер жасап тұрған оқушылар 1, 2, 3 реттік санау арқылы 3 топқа бірігеді.
1-топ. Бірінші 2-топ. Екінші 3-топ. Үшінші Топтың ережесі: Тыныштық сақтау.
Топ басшысына бағыну.
Белсенді болу.
Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.
Белгіленген уақыт шеңберінде жұмыс істеу.
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
Қандай мультфильмдерді ұнатасың? Ойыңды ортаға сал.
1-суретте танымал мультфильмдердің суреттері берілген. Бұл мультфильмдерді білесің бе? Қысқаша баяндап бер.
Мультфильм өнері жайлы мәтін мен суреттен тұратын құжатты қалай жасауға болады?
Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Мақсаты. Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі. Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.