азақ елінің оқу-ағарту саласындағы ізденістер Дүниені дүр сілкіндірген қилы-қилы тарихи оқиғаларға толы XX ғасырдың бас кезеңі қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде де үлкен өзгерістер туғызды. Бұл Ресейдің алдыңғы қатарлы ғалымдарының қоғамның дамуына, білім мен ілімнің көркеюіне педагогика ғылымының берері көптігінен көз жеткізе бастаған мезгілі еді. Осы жағдайлар сол кездегі көзі ашық, көкірегі ояу, өз халқының қамын ойлайтын қазақ зиялыларына да түрткі болып, олардың сана-сезіміне, жан дүниесіне қозғау салды.
Сондықтан XX ғасырдағы қазақ зиялыларының рухани қалыптасуы мен олардың ұлттық педагогикалық ой-пікірлері жайлы ғылыми тұрғыдан сөз еткен, біріншіден, олардың сол кездегі кеңес заманының алдыңғы қатарлы әлеуметтік ортасынан және өздері қатар ғұмыр кешкен ойшылдарды бөлек алып қарауға болмайды. Екіншіден, қазақ зиялыларының шығармашылықтарындағы ұлттық педагогикалық идеяларды талдап М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедұлы еңбектерін сараптай отырып дүниетаным мен тәлімдік ойлардың қалыптасуына дүние жүзінің белгілі педагог ғалымдарының еңбектерін талдауымыз өте орынды. Әсіресе қазақ зиялыларының шығармашылықтарының мәйегі болған, ұлттық педагогикалық идеяның одан әрі дамуына мүмкіндік берді. Әсіресе қазақ зиялыларының шығармаларының мәйегі болған ұлттық педагогиканың дамуына мән берген. Халық идеясының басты мақсаты- қоғамның белсенді мүшесі болатын, жетілген тұлғаларды тәрбиелеу
Достарыңызбен бөлісу: |