Сабақтың тақырыбы: Зақымданулар. Зақымдану түрлері: атрофия, анықтамасы. Атрофия жіктелуі. Сағат саны: 45 мин



бет51/108
Дата02.03.2022
өлшемі0,63 Mb.
#26809
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   108
Байланысты:
МІК әдістемелік өңдеу

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 13,5 мин (31%)

Регенерация(латынша — regeneratio — қайта туу, жаңару) деп зақымданудан кейін немесе өмір сүруі тоқтаған, жасушалардың тін элементтерінің, ағза қызметінің жаңарып, қайта қалпьша келуін атайды.

Көптеген бейімделу реакцияларының негізінде регенерация жатады. Организмде жүріп жатқан өр түрлі патологиялық үрдістер агза қызметінің бүзылуымен, тіндер мен жасушалардың күрылым-дық өзгерістерімен сипатталады. Осы өзгерген немесе жойылған қүрылымдар өз қалпына келгенде гана, ағза қызметі қоршаған орта талаптарына сай жауап қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады.

Регенерацияның 1) физиологиялық; 2) репаративтік; 3) пато-логиялық түрлерін ажыратады. Физиологиялық регенарация ешбір сыртқы әсерсіз қалыпты жагдайда үздіксіз өтіп жатады. Физиоло-гиялық регенерация тозыгы жеткен тіндер мен жойылып кеткен жасушаларды жаңартуға бағытталған. Оның мысалы ретінде терінің, асқазан-ішек, тыныс алу жүйелерінің эпителиінің үздіксіз жаңа-рып түруый келтіруге болады. Организмнің осы бөліктерінде жа-бынды эпителидің бүтіндігі әрдайым сақталуы керек.

Эпителий бүтіндігі бұзылғанда шырышты қабаттарда жара пайда болып, әр түрлі инфекциялар қанға тікелей өтіп кету мүмкіндігін алады, яғни қаошаған орта мен организм арасында қатынас бұзылады. Демек регенерация шырышты қабықтардың бүтіндігін , олардың қорғаныс қызметін қалыптастырады, ішкі және сыртқы орта тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Тіршілігі жойылған қан элементтерінің ыдырап, орнына жас элементтердің үздіксіз пайда болуы да, жасушаішілік ультрақұрылымдардың өз өзінен жаңарып тұруы да физиологиялық регенерация түріне жатады.

Реперативтік регенерация жасушалар мен тіндердің әр түрлі себептерге байланысты зақымдануы нәтижесінде дамиды.

Регенерация үрдісі барлық жан-жануарларда бірдей өтпейді.

Ағза қызметінің қайтадан, жанаруы, оның сыртқы пішінінің қайта қалыптасуына тәуелді емес. Мысалы, бауырдың жарты бөлігін алып тастағанда, кесілген жерде тыртық пайда болады. Ал бауырдың қызметі қалған жасушалардың, бөлініп көбеюі (гиперплазиясы) және жасуша ультрақұрылымдарының жаңаруына байланысты үлкеюі (гипертрофиясы) нәтижесінде өз қалпына келеді.

Регенерация үрдісінің морфогенезі: пролиферация (көбею) және дифференциация кезеңдерін қамтиды. Бірінші кезеңде жас, елі толық жетілмеген жасушалар саны көбейеді, ал екінші кезеңде олар белгілі бір бағытта жетіліп, сол жердегі жасушалардың орнын басады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет