Жоғарғы сезімталдықтың ( иммундық кешендік) түрі. Үшінші типтегі жоғарғы сезімталдық иммундық кешеннің тіндерге зақымдаушы әсер етуіне, оның компломенті белсендіру мүмкіншілігіне байланысты.
Иммундық кешен қанда немесе антидене қан тамырынан шыққанда, жергілікті, пайда болады. Кейін иммундық кешендер қан тамырларының қабырғасына немесе тіндерге, әртүрлі сүзгілерге (мысалы, бүйрек сүзгісіне ) шөгіп қалады. Осыған байланысты иммуно – кешендік аурудың жергілікті және жүйелі түрлерін ажыратады.
ЖБТ реакциясы жасушалық иммунитетпен байланысты, көбінесе созылмалы инфекцияларда кездеседі. Қабыну ошағында лимфоциттер, макрофагтар, тіндік гистиоциттер топталады. Антигендік құрамы өзгерген жасушалар мен тіндерді сенсебилизацияға ұшыраған Т – лимфоциттер өздерінен лизосомалық ферменттерді бөліп шығарып ыдыратады. Бұл үрдісте жасушалық иммунитет медиаторларының да маңызы зор.Олар оттегі метаболиттерінің жәрдемімен нысана жасушалар мембранасының өткізгіштігін арттырып, жасушаның ішіне цитотоксиндік факторлардың кіруіне жол ашады. Нысана жасушалардың жойылуы табиғи киллердің қатынасымен басталады.Олардың цитотоксиндік айырмашылығы әсері антигенге тәуелді емес.
Достарыңызбен бөлісу: |