Жалпы атрофияның, яғни жүдеуліктіц мынадай: алиментарлық (аштықтан немесе ас сіңбегенде дамитын); рак жүдеулігі, яғни рактық кахексия (грекше: kakos — жаман; hexis — жағдай); гипофиздік кахексия (Симондс ауруы), милық кахексия (гипоталамус зақымдалса) және басқа да қатты жүдететін аурулардан (туберкулез, бруцеллез, созылмалы дизентерия) дамитын түрлері бар.
Жергіліктіатрофиятүрлі себептерден дамиды; оның дисфункциялық; қан жеткіліксіздік; қысымдық; жүйкелік, физикалық жэне химиялық факторлардан дамитын түрлері бар.
Тіндік қүрылымның өзгеруі.Тіндік қүрылымның адаптациялық өзгерісі гиперплазия, регенерация жэне аккомодация үдерістеріне негізделеді. Мысалы, қанның магистрал тамырлар арқылы жүруі қыйындаса, қан та- мырларының қалыпты сабақтастығы өзгеріп, коллатералдық қанайналым қалыптасады.
Дисплазия. Бұл ерекше адаптациялық үдерістің атауы онкоморфоло- гияда қабылданған. Дисплазия кезінде эпителийдің пролиферациясы мен толысуы дұрыс жүрмей, жасушалық атипия қалыптасып, гистоархитектоникасы өзгереді. Жасушалық атипияқалыптасқан жасушаның көлемі мен пішіні әртүрлі, үлғайған ядросы гиперхромды, митоздық саны көп, атипиялы митозы болады. Гистоархитектоника- лық озгеріскезінде эпителийдің полярлылығы мен осы тінге немесе осы мүшеге тән нышандары (эпителийдің гисто- және органспецификалылығы) жойылады. Сонымен, дисплазия — жасушагаемес, тінгеқатысты.