10. Жаңа сабақты түсіндіру: 13,5 мин (31%)
Кома – ағзаның өте ауыр ахуалы, әр түрлі жарақаттаушы факторлар әсерінен пайда болады жүйке жүйесінің терең қанайналуымен сипатталады, ес жоғалады, гипо- және арефлексия болады, ағза ағзаларымен жүйелерінің қызметтік жетіспеушілігі дамиды.
Команың жиі себептері болып табылады:
Экзогенді факторлар – шектен тыс күш немесе уақыттылық.
Жарақатшақырушы факторлар, бірінші кезекте бас ми жарақаттары;
Қыздырушы (термиялық) әсерлер – қызып кету, күн тию, салқындау және б.;
Барометрлік қысымның айтарлықтай тербелуі;
Токсиндер – алкоголь және оның сургаттары, этиленгликоль, наркотиктер токсикалық дозасы, седативтік заттар, барбитураттар және т.б.;
Инфекциялық агенттер – вирустар, микробтар, солардың ішінде ерекше безгек, бөрітпе сүзек пен іш сүзек қоздырғыштары;
Экзогендік инфекциялармен аноксия.
Эндогендік факторлар, әр түрлі аурулардың және аурулық ақаулардың қолайсыз ағымда пайда болады – ишемияда, инсультте, ми ісігінде, тыныс жетіспеушілігінде, қан жүйесі патологиясында, бауыр және бүйректер жетіспеушіліктерінде және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |