Пән: Қазақ тілі
|
Бөлім: Зар-заман ақындары. Сын есімдер
|
Күні : 21.10.2022ж
|
Педагогтің аты-жөні: Бекболат Алтынай Мейрханқызы
|
Сынып: 6«Ә»
|
Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар:
|
Сабақтың тақырыбы: Зар заман ақындары
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
|
4.2.3.1* белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.2.4.1* жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
|
Сабақтың мақсаты :
|
Барлық оқушылар үшін:
Сын есім түрлерін және зар заман ақындарын біледі.
Көпшілік оқушылар үшін:
Сын есім ерекшеліктерін сипаттай алады, зар заман ақындарын біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Сын есім түрлерін ерекшеліктеріне сай қолдана алады,сын есім түрлерін ажырата алады
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7минут
|
«Достар лебізі» Қызығушылықты ояту үшін
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және
мақсатымен таныстыру.
|
Барлық оқушылар бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.
Мысалы: Сен бүгін өте әдемі болып тұрсың!, саған жақсы баға алуды тілеймін!
Дәптерлерін толықтырып келу.
|
Стикер
|
|
Сабақтың ортасы
30минут
|
1.Тыңда. Қайтала.
Зар заман ақындарының өлеңдерін оқыту
2.Оқылым.Айтылым. Жазылым
1-тапсырма
Зар заман ақындарына байланысты мәтін құрастыр.Мәтіннің ішінде сын есім болуы міндетті
3. Айтылым. Жазылым.
Берілген сын есімдерден
Зар заман ақындары жайлы эссе жаз.
Оқылым.Айтым. Жазылым
4-тапсырма
«Зар заман» ақындары деген кімдер?
Егер сен қазіргі зар заман ақыны болсаң қандай мәселелерді щозғар едің?
|
Тыңдалым,айтылым.
Сөздерді оқиды, қайталайды, сын есімнен сөйлем құрастырады. Мысалы:
Зар заман ақындары өте шыншыл,халқына адал болған.Олардың арыстандай айбатты , жолбарыстай қайратты қайсар мінездері ел бірлігін сақтауға көмектесті.
2.Оқушыларлың үйде ізденіп келген мәліметтері бойынша және оқулықтағы мәліметтер бойынша тұлғалар туралы эссе жазады.
3.Зар заман ақындары жайлы оқыған мәліметтері сұрақ -жауап арқылы баяндайды.
|
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Дескриптор:
а) Маңызды ақпараттар болу. Берілген сөздерді қолданады.
ә) Берілген сөздерден сын есім құрастырады.
Тіл байлығының құнды болуы;
Уақыт регламентін сақтау;
|
Слайд
Слайд
Оқулық 16 бет
|
|
Сергіту сәті
|
|
Сабақтың соңы
|
Қорытынды жасау
|
|
8минут
|
«Ыстық доп" әдісі
Сұрақ қою
Үй тапсырмасы
|
Оқушылар сұрақтар оралған допты бір біріне лақтырады.Қағып алған адам тез арада сұраққа жауап береді.
Сабақ барысында көңіл- күйің қандай болды?
Бүгін сабақта не білдің?
Сабақта қандай қиындықтар туындады?
«Қазіргі зар заман өкілдері туралы сын есімді қосып эссе жазу"
|
Доп
|