Сабақтың тақырыбы: Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. (19-сабақ) Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет26/47
Дата12.12.2022
өлшемі261,52 Kb.
#56651
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
Күні:




Сыныбы:




Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Термохимиялық теңдеулерге есептер шығару
(27-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.3.1.5 -энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар біледі:

  • Реакция нәтижесінде энергия өзгерісін біледі.

  • Экзо- және эндотермиялық реакцияларды ажырата алады.

  • Бөлшектер теориясы бойынша энергия өзгерісін түсінеді.

  • Көпшілік оқушылар:

Термихимиялық реакциялар бойынша энергияның өзгеруін ажырата алады.

  • Кейбір оқушылар біледі:

Қарапайым бөлшектер теориясы бойынша энергия өзгерісін графиктік кескін арқылы түсіндіре алады.
Графиктер бойынша есептеулер жүргізе алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.



Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Ынтымақтастық атмосферасын құру.
(оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, сәттілік тілеу)
Сабақтың стартері:
Оқушыларды орындыққа түзу отырғызып, сабағымызды бастау үшін күнделікті тыныс алу процессіне тоқталуыңызды сұраймыз. Барлығымыз бірдей тыныс аламыз және бәріміз бірдей тыныс шығарамыз.
Тыныс алу және тыныс шығару процессін сипаттап берулеріңізді сұраймыз:
Оқушылар өз ойларын айтады.
Сол сияқты химиялық реакцияда энергия өзгерісі қалай жүзеге асады екенін ойланайықшы. (Оқушыларға ой салу)
 Оқушылардың пікірлерін тыңдағаннан кейін сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Слайд
№1-15

http://bilimland.kz





Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Слайд бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізу.
Кез келген химиялық реакцияларда бір зат басқа затқа айналғанда жылу бөлінеді немесе сіңіріледі. Сондықтан барлық реакцияларды экзотермиялық және эндотермиялық деп бөледі. Яғни, экзотермиялық реакция дегеніміз - жылу бөле жүретін реакция, ал эндотермиялық реакция дегеніміз - жылу сіңіре жүретін реакциялар.
Термохимиялық теңдеулердің басты ерекшелігі, оларда жылу эффектісінің шамасы көрсетіледі. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеулер деп аталады. 
С+О2→ СО2+402,24 кДж 
Н2О→ Н2↑+ О2↑- 572 кДж 
Ең алдымен реакция кезінде жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі реакцияға қатысушы реагенттердің табиғатына тәуелді болады. Мысалы, күкірт пен оттек әрекеттескенде жылу бөлінеді, ал азот оттекпен реакцияға түскенде жылу сіңіріледі. Жылу эффектісі температураға да тәуелді. Жылу эффекті әрекетесетін заттардың мөлшеріне не массаға тәуелді. Көмірді немесе ағашты неғұрлым көп салып жақса, жылу көп бөлінгендіктен бөлме іші қатты ысиды. 
Экзотерииялық реакция - жылуды бөле жүретін реакциялар (+Q).
Эндотермиялық рекциялар - жылуды сіңіре жүретін реакциялар (-Q).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет