Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Оқушылармен Оттек және озон молекуласын анықтау. Аллотропия анықтамасын шығару. Дәптерге жазу.
7-10 мин. Озон мен оттек газдарының қаситтері салыстырмалы кесте құру. (слайд 5)
Оқушыларды 2 топқа бөлу: Оттек тобы қыздар және Озон тобы ұлдар.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
15 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Әр топ оқулықпен жұмыс жасап, ортақ плакатқа кестені толтырады.
Плакатты қорғау, бір-бірін тексеру. (слайд 6-7)
Озон қабатымен байланысты экологиялық мәселені талқылау.
Ең үлкен озон жыртығын көрсету. (слайд 8)
Озомарт ойынын өткізу. Оқушыларға Озомарт тауарларын таратып беріп, экологиялық мәселені еске түсеіре отырып, қандай тауарларды сатып алатын едің деген сұрақ қою. Оқушылар тауарларды озон қабатына зиян келтіретін және келтірмейтін тауарларға жіктейді. Талқылайды.
Жұппен жұмыс. Сұрақты талқыллау: Озон мәселелерін қандай шешімін ұсынасындар?
|
|