5 .Ережемен жұмыс.
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтары қойылады.
Мысалы :
Ол кім? Ол оқушы.
Ол кім? Ол әнші.
Ол кім ? Ол күйші.
Ол не? Ол аққу.
Ол не? Ол арыстан.
Ол не? Ол қой .
Ол не? Ол үй .
Ол не? Ол нан.
6. Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма. Балалармен тақтада жазу.
2-тапсырма ауызша орындау.
7. Саусақ жаттығулары .
Бір үйде біз нешеуміз ?
Кел санайық екеуміз.
Басбармағым- атам
Балан үйрек –әжем.
Ортан терек –әкем
Шылдыр шүмек -анам.
Кішкене бөбек -өзім.
Бір үйде біз бесеуміз.
8. Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізу.
9. Сергіту сәті
Бала,бала, балақан
Кәне ,қайсы алақан.
Саусақтарым әйбат
Былай-былай ойнат.
Топ-топ басайық
Жалаудан күн жасайық.
Жаса,жаса алтын күн!
Жаса, жаса жарқын күн!
10. Бейнеролик тамашалау.
Мультфильм. Аия мен Әли
Мультфильмнен көрген зат атауларын атау. Сұрақ қою.
Басбармақ әдісі арқылы бағалау.
-Бүгін не үйрендік?
-Не білдік?
«Күншуақ» стратегиясы арқылы бағалау.
Күн --- сабақты жақсы түсіндім
Күн бұлтты --- түсіндім бірақ көмек керек.
Бұлт --- маған көмек керек.
|
1-тапсырма
Жас баланы қалай атайтынын тауып жаз.
Үлгі : сәби, нем..ре, бө..ек , ба..апан.
2-тапсырма. Ауызша орындау.
Кезектесіп оқы.
Оқушы.Әнші.Күйші. Аққу. Арыстан. Нан. Үй. Қой.
Жұмыс дәптерімен жұмыс
1-тапсырма
Көркем жаз. Төмендегі сөздер қандай сұраққа жауап береді?
Мектеп, оқушы, бала, қыз,
мұғалім,сынып,аула.
|
1-тапсырма
Жас баланы қалай атайтынын тауып жаз.
Үлгі : сәби, нем..ре, бө..ек , ба..апан.
2-тапсырма
Суреттер бойынша заттың атауын ата.
Оқушы.Әнші.Күйші. Аққу. Арыстан. Нан. Үй. Қой.
Жұмыс дәптерімен жұмыс
1-тапсырма.
Сөздерді оқы. Суреттен көрсет.
Сұрақ қойып,суреттерді ата.
Бала, қыз, аспаз, мұғалім, биші
|