Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ой толғаныс кезеңі.
Жер бетінде суық ауа мен жылы ауа үнемі ауысып отыратындықтан, желдің жылдамдығы мен бағыты өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны сол бағыттың атымен айтады. Мысалы, жел солтүстіктен соқса, оны солтүстік (С) желі деп атайды. Желдің бағыты мен күшін анықтай білу парашют, тау шаңғысы, желкенді қайықпен жүзу, планермен ұшу сияқты белсенді демалыс және спорт түрлері үшін маңызды. Желдің бағытын желбағардың көмегімен анықтайды. Желбағар тік білік пен оған бекітілген көлденең бағыттаушыдан құралады. Бағыттаушы еркін қозғалып тұрады. Бағыттаушының бір жағы екіншісінен ауырлау болады. Жеңіл бөлігіне орнатылған бағыттама әрдайым желдің соғу бағытын көрсетеді. Ал ауыр жағы желдің көкжиектің қай тұсынан соғып тұрғанын білдіреді.
Сен білесің бе? Жер шарында тұрақты, яғни үнемі бір бағытта соғып тұратын желдер бар. Біздің елімізде тұрақты соғатын 23 жел анықталған. Олардың ішінде ең күштілері – Арыстанды-Қарабас, Мұғалжар, Ебі, Сайқан, Шілік, Атырау желдері. Олардың әрқайсысының жылдамдығы туралы ғаламтордан ақпараттар тауып, сол бойынша диаграмма жаса.
Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
Топтық тапсырмалар.
Кері байланыс
«Білім шыңы» кері байланыс.
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді.