Сабақтың тақырыбы Зерттеу әдістерінің түрлері



бет123/360
Дата24.09.2024
өлшемі26,72 Mb.
#145491
түріСабақ
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   360
Байланысты:
КМЖ 10 сынып жана

Биосфераның ластануы
Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдікбақылауинститутының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтерібойыншатабиғи орта жылдан-жылғанашарлапбарады. Интернет жариялағаннегізгімәліметтердежылсайын 16,8 млн. га тропиктікылғалдыорманжойылатыны, жердідұрыспайдаланбаусалдарынанжылсайын 6 млн. га шөл пайдаболатыны, қышқылжаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жылсайынбіздің планетамызда жыртылатынжердің 26 млрд. т құнарлықабатыжойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мыңтүріжойылып кету қаупіндетұрғаныатапкөрсетілген. Кейінгікездеатмосферағажылсайын 400 млн. т күкіртдиоксиді, азот жәнекөміртекоксид|оксидтері, қаттыбөлшектершығарылатыныанықталды.
Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экологиялық апатты аймақтарға айналуына антропогендік факторлар негіз болып отыр.
Зерттеулер көрсеткендей биосфераға жыл сайын 20 - 30 млрд. тонна қатты қалдықтар және 1 млрд. тоннаға жуық газды, аэрозольді ластағыштар түсуде.
Литосфераның ластануы
XX ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүниежүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік. Антропогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн км² – ден асып отыр. Бұл бүкіл құрлықтың 7%-ын құрайды. Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық. Физикалық ластану – радиоактивті заттармен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады. Биологиялық ластану – ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретінмикроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойы сақталса, ластанғыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аймаққа таралады. Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіпті кәсіпорындардың шығарымдары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешендері, атмосфералық жауын-шашын апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери өндірістік кешендері жатады. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе алып отырған жерлері белгілі. Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скважиналарын бұрғылауы кезінде қалатын қалдықтар жатады. Сонымен қатар топырақты ластаушы негізгі көздердің бірі автркөліктер болып табылады.


Антропогендік әсер:
атмосфераға;
гидросфераға;
литосфераға;
биосфераға.
1-тапсырма.Мұғалім нұсқаулық береді.
Оқушылар мәтінді Insert «түртіп алу» әдісі арқылы жеке оқиды. Мәтін парағының шетіне немесе мәтін жолдарына төмендегідей белгілерді түсіре отырып оқиды:

  • Білемін

Мен үшін жаңа ақпарат (+)


Мен олай ойламаймын, келіспеймін ( – )


Сұрағым бар (?).


Уақыты: 3-5 минут.
Топтың бір мүшесі жергілікті компонентті қамту мақсатында ғаламтордан ноутбуктің көмегімен (немесе ұялы телефон) топқа берілген тақырып бойынша Жамбыл облысына қатысты 1-2 ақпарат табады, топ мүшелерін таныстырады. Топта сыныптасының Insert әдісін қалай қолданғанымен танысып, мәтіннің негізгі мазмұнын бір біріне баяндайды.

Сабақ тақырыбының негізгі идеялары алдыңғы оқу жылдарында география және биология, химия пәндерінде қарастырылатындықтан 2-тапсырма орындалады.


2-тапсырма. Географиялық деректерді шығармашылық түрде визуализациялай отырып, топта мәтіннің негізгі мазмұнын сөзжұмбақ түрінде (кроссворд, сканворд, ребус, шарада, анаграмма т. б.) сыныпқа таныстыру ұсынылады.
Сөзжұмбақ критерийлері таратылады.
Дифференциация: сөзжұмбақ құрастыру барысында іске асады – ойлау дағдылары жылдам оқушылар тірек сөзді ұсынады, баяуырақ оқушылар тірек сөздің анықтамасын мәтіннен тауып, ұсынады, басқалары презентация парағына орналастырады, суретін салады, бояйды.
Уақыты: 8-10 минут.
Сөзжұмбақты презентациялау.
Уақыты: 3 минут
Кері байланыс. Мұғалім сыныпқа сұрақ қояды: Адамның әсерінен табиғаттың қай кешеніне көбірек әсер етеді екен?
Әр топтан бірнеше оқушының өз еріктерімен жауап беруіне мүмкіндік беріледі.

Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды


Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   360




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет