Суреттермен жұмыс(Қосымша №1)
«Таным таразысы»
Бұл суреттерден қандай ортақ ой түйіндеуге болады?
Неліктен экологиялық проблемалар туындайды?
Олар қай уақытта апатқа айналады?
Экологиялық проблемалар Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
Неліктен бұл мәселелер ғаламдық деңгейде қаралуда?
Оқушылар осындай проблемалары бар негізгі аймақтары белгіленген Қазақстанның картасы бойынша пікір айтады.Мұғалімнің кейбір ұғымдарды ашып айтып түсіндіруі.
III. Кім алғыр?
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң қай жылы қабылданды?(1997 жылы)
Қоршаған ортаның жағдайын бақылау, байқау, бағалау мен болжаудың кешенді жүйесі қалай аталады?(Мониторинг)
Әлеуметтік экология қандай жүйені зерттейді?
(Қоғам- қоршаған орта)
Қорықтар дегеніміз не?
(Мемлекеттік қорғауға алынған аумақтардың жиынтығы)
Қазақстанда неше қорық бар?
Экологиялық апат аймақтарын ата?
(Арал өңірі мен Семей ядролық полигоны)
Қазақстандағы табиғаты тамаша аймақтар.
(Бурабай, Баянауыл, Сарыағаш)
Қызыл кітап ең алғаш рет қай жылы шықты?
(1978 жылы)
Экология сөзі қандай мағынаны білдіреді?
( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы.)
№1 тапсырма:Бейнебаянды пайдалана отырып, төмендегі кестені толтырыңыздар.
Қазақстандағы экологиялық апатты аймақтар
|
Апатты аймақтардың пайда болу себептері,салдары
|
1.
|
|
2.
|
|
3.
|
|
4.
|
|
№2 тапсырма: Кейс әдісі арқылы мәтінмен жұмыс.Арал теңізі. Талқылаудың нәтижелері тіркеліп отыру үшін, мақсатты түрде топтарға төмендегі көрсетілген шаблон түрін ұсынуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |