Сабақтың тақырыбы Зерттеу әдістерінің түрлері


Мемлекеттердің мәдени дипломатиясына ықпал етуші бірқатар факторларды ерекше­ леуге болады. Атап айтқанда



бет234/360
Дата24.09.2024
өлшемі26,72 Mb.
#145491
түріСабақ
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   360
Байланысты:
КМЖ 10 сынып жана

Мемлекеттердің мәдени дипломатиясына ықпал етуші бірқатар факторларды ерекше­ леуге болады. Атап айтқанда:

  1. Сыртқы саясатының басым бағыттары.

  2. Елдің халықаралық аренада жағымды имидж қалыптастыруға деген ұмтылысы.

  3. Елдің тарихы.

  4. Мәдени саясаттың қорлары және олардың қаржыландырылуы.

  5. Елдің мемлекеттік тілінің әлемде таралуына жағдай жасау.

  6. Мемлекеттің коммерциялық мүдделері.

  1. Мәдени дипломатия бастамалары шеңбе­рінде төмендегідей шаралар пайдаланылады:

  1. Өнер туындылары, оның ішінде кинематография, музыка, би, бейнелеу, мүсіндеу.

  2. Көрмелер, халықаралық көрмелер, ЭКСПО.

  3. Білім беру бағдарламалары, академиялық ғылыми алмасу бағдарламалары, шетелдердегі тілдік тәжірибеден өту бағдарламалары.

  4. Әдебиет туындылары, шетелдерге ұлттық әдеби туындыларын аударып тарату.

  5. Басқа елдерге жаңалықтарды және мәдени бағдарламаларды тарату.

  6. Діни дипломатия, оның ішінде дін аралық үнқату шаралары.

Осы орайда ерекшелейтін мәселе, Ресей саясаттанушылары, тарихшылары, мәдениеттанушылары, саясаткерлер тарапынан әлі күнге дейін Ресейлік «мәдени дипломатияның» немесе халықаралық қауымдастыққа ұсынатын өзіндік бір идеяның өзегі әлі күнге дейін ашылмай келеді. Ресей Федерациясының сыртқы саяси бағытында «мәдени дипломатия» мәселелеріне ХХІ ғасырдың басынан бастап ерекше назар аударылып, халықаралық қауымдастықта жағымды имиджін қалыптастыру маңызды мәселеге айналды. 2012 жылы елшілердің Кеңесінде Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин: «Ресейдің шетелдегі бейнесін қалыптастырумен біз айналыспағандықтан, көп жағдайларда әлемдік өркениетке, мәдениетке Ресейдің қосқан үлесі шынайы түрде көрсетілмей, теріс арнада беріліп жүр. Ресейдің халықаралық қатынастардағы ұстанымы да бір жақты түрде қабылданады. Бұл мәселеде өз ұстанымдарымызды дұрыс түсіндіре алмаған біз ғана кінәліміз», деп тоғытқан [3]. 2013 жылы жарияланған Ресей Федерациясы сыртқы саясатының тұжырымдамасында «жұмсақ күш» түсінігі енгізіліп, «дәстүрлі дипломатияға балама түріндегі, азаматтардың бірлестігі, ақпараттық-коммуникациялық, гуманитарлық және т.б. мүмкіндіктерге сүйене отыра, сыртқы саяси міндеттерді шешудің кешенді құралы» ретінде анықталған [4]. «Жұмсақ күш» түсінігінің Ресейлік сыртқы саясаттағы ерекшелігін 2012 жылы В.В. Путиннің «жұмсақ күш – бұл қару қолданудан бас тарта отыра, ақпараттық және басқа да ықпал ету тетіктері арқылы сыртқы саяси шешімдерге қол жеткізу құралдарының кешені» деп, берген анықтама шеңберінде қарастыруға болады [5].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   360




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет