Сабақтың тақырыбы Зерттеу әдістерінің түрлері



бет281/360
Дата24.09.2024
өлшемі26,72 Mb.
#145491
түріСабақ
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   360
Байланысты:
КМЖ 10 сынып жана

Субаймақтар – бұл макроаймақтардың ірі бөліктері. Мысалы Латын Америкасын мынадай субаймақтарға бөлеміз: Мезоамерика немесе Орталық Америка (құрамында Мексика, Орталық Америка мен Вест-Индия аралдарының елдері), Анд елдері (Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили), Ла-плато елдері немесе Атлант жағалауы елдері (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия). Соңғы кезде жаңа атау да пайда болған: Оңтүстік конус елдері (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Чили).
Ал Латын Америка атауы осы аймақта тарихи орын тепкен роман тіл әулетінің (латын тілді) халқы – испандар мен португалдардың орналасуымен таралған. Қазіргі терминологияда Кариб елдері деген атауды да кездестіруге болады, себебі ол мемлекеттер латын тілді емес .
Казiргi әлем 16 тарихи-географиялық аймаққа бөлiнедi 
1.Батыс Еуропа
2.Шығыс Еуропа
3.Теуелсiз Мемлекеттер достастығы (ТМД)
4.Оңтүстiк-Батыс Азия
5.Оңтүстiк Азия
6.Орталық және Шығыс Азия
7.Оңтүстiк-Шығыс Азия
8.Солтүстiк Америка 
9.Латын Америкасы 
10.Солтүстiк Африка 
11.Батыс Африка 
12.Орталык Африка 
13. Шығыс Африка
14.Оңтүстiк Африка 
15.Аустралия 
16.Мұхит аралдары 


Енді тарихи –географиялық аймақтарды қарастырайық:
Европа - негізінен тарихи екі субаймаққа бөлеміз: Батыс және Шығыс Европа . Батыс Европаға 24 мемлекет кіреді. Оған микромемлекеттер де қосылады. Ауданы 3,7 млн.км2 және халқы 390 млн.адам. бұл мемлекеттердің барлығы капиталистік елдер. Ал енді Орталық Шығыс Европаға 16 ел (ауданы 1,7 млн. км2 халқы 130 млн. адам) кіреді. Бқл мемлекттердің 80 ші жылдардан кейін нарықтық экономикаға көшкен постсоциализм елдері.
Сәйкесінше:
Батыс Европаны 4 аймаққа бөледі;

  • Солтүстік Европа : Скандинавия елдері, Дания, Финляндия, Балтық елдері

  • Оңтүстік Европа – Жерорта жағалауы елдері,

  • Батыс Европа: ФРГ, Франция, Ұлыбритания, Австрия, Бельгия, Швейцария

  • Шығыс Европа: Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния и Болгария



Азияны 4 аймаққа бөледі; ауданы-44 млн км2 . 40-қа жуық мемлекет орналасқан. Саяси картасының қалыптасу кезеңдері Азия-екі жарты шарда бірдей орналасқан ең үлкен дүние бөлігі. Азия-"көшпенді өркениет" бесігі.


1.Оңтүстік-Батыс Азия : құрамына 17 ел енетін тарихи қалыптасқан аймақ, түгелімен Таяу ж/е Орта Шығыс деп аталатын тарихи-мәдени облысқа енеді. Аймақтың үш дүние бөлігі тоғысқан жерде орналасуы, аса маңызды халықаралық су жолдарының тоғысында жатуы және көпшілік аумағының мұнай қорына бай болуы бұл топтағы елдердің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтаушы басты факторға айналды. Суэц каналының іске қосылуы және Берлин-Бағдад теміржолының салынуы аймақтың геосаяси жағдайын нығайта түсті. Аймақ құрамындағы елдердің 
мемлекеттік құрылысы мен басқару формасы әртүрлі. Республикалар: Грузия, Израиль, Ирак, иран, Йемен, Ливан, Кипр, Сирия, Түркия, Ауғанстан. Конституциялық монархиялар: Иордания. Абсолютті монархия: Бахрейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы


2. Оңтүстік Азия -Гималай тауынан оңтүстікке қарай орналасқан 9 елді қамтиды. Аумағы жөнінен Жер шарының бар болғаны 4%-ын ғана алып жатқан бұл аймақта адамзаттың 1/5 бөлігі, яғни 1,5 млрд.-тан астам халық тұрады. Аймақтың Үнді мұхиты жағалауында орналасуы мұндағы елдердің мемлекетаралық сауда қатынастарына еркін енуіне жағдай жасаған.Қазіргі кезде бұл жағалау Еуропа мен Африканы Азия елдерімен және Аустралиямен байланыстыратын халықаралық қатынас жолдары өтеді. Мемлекеттік құрылысы мен басқару формасы бойынша: Республикалар: Үндістан, Пәкстан, Бангладеш, Шри-Ланка, Мальдив, Непал. Конституциялық монархия: Бутан,
Камбоджа,Лаос,
3.Оңтүстік-Шығыс Азия: Үндіқытай мен Малай топаралында (архипелаг) орналасқан 10 ел енеді. Республикалар: Вьетнам, Индонезия, Лаос, Мьянма,Сингапур, Филиппин
Абсолюттік монархия: Бруней, Конституциялық монархия: Малайзия, Таиланд, Камбоджа
4.Орталық және Шығыс Азия : Жапония, КХДР, Қытай, Тайвань, Корея Республикасы, Моңғолия енеді. Сонымен қатар Қытайдың арнайы әкімшілік аудандары болып есептелетін Сянган (Гонконг) пен Аомынь (Макао) да осы аймақта орналасқан.


Солтүстік Америкаға – АҚШ пен Канада кіреді
Латын Америкасын мынадай субаймақтарға бөлеміз:

  • Мезоамерика немесе Орталық Америка (құрамында Мексика, Орталық Америка мен Вест-Индия аралдарының елдері),

  • Анд елдері (Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили),

  • Ла-плато елдері немесе Атлант жағалауы елдері (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия). Соңғы кезде жаңа атау да пайда болған: Оңтүстік конус елдері (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Чили).

Африка 2 субаймаққа бөлінеді:

  • Солтүстік немесе араб Африкасы

  • Оңтүстік Африка

Әрбір жүп өздерінің таңдауы бойынша 1 тарихи – географиялық аймақты таңдап, оның ерекшелігіне сипаттама береді.



  1. Географиялық орнына сипаттама жасаңыз

  2. Тарихи – географиялық облыстың құрамына қандай ірі мемлекеттер кіреді анықтаңыз.

  3. Этникалық және діни ерекшеліктері бойынша (халқына сипаттама беріледі) Мәдениет және тұрмыс салтына шағын сипаттама беріңіз.

  4. Әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайына баға беріңіз

Ескерту: Оқушыларға көмек ретінде мәтіндер немесе ноутбуктерді/ғаламторды пайдалануға мүмкіндік жасау

  1. Батыс Еуропа

  2. Шығыс Еуропа

  3. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД)

  4. Оңтүстік Батыс Азия

  5. Оңтүстік Азия

  6. Орталық және Шығыс Азия

  7. Оңтүстік-Шығыс Азия

8. Солтүстік Америка
9. Латын Америкасы
10. Солтүстік Африка
11. Батыс Африка
12. Орталық Африка
13. Шығыс Африка
14. Оңтүстік Африка
15. Аустралия
16. Мұхит аралдары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   360




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет