Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
10.6.2.2 дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштердің бірін есептеу әдісін түсіндіру (таңдау бойынша: ЖШӨ, ЖҰӨ, оның ішінде жан басына шаққанда, СҚП – сатып алу қабілетінің паритеті, гендерлік тепе-теңдік және т.с.с.)
Сабақтың мақсаты
Елдерді экономикалық даму көрсеткіштері бойынша салыстыру;
Даму деңгейі бойынша елдерді жіктеу;
Жиынтық ішкі өнім және жиынтық ұлттық өнім көрсеткіштері бойынша елдердің экономикалық дамуын анықтау;
Дамыған елдердің топтарын ажырату және мысал келтіру;
Жекелеген елдердің экономикалық даму көрсеткіштерін талдай отырып, болжам жасау.
Бағалау критерииі
елдерді экономикалық даму көрсеткіштері бойынша салыстыра алады. Даму деңгейі бойынша елдерді жіктей алады.
жиынтық ішкі өнім және жиынтық ұлттық өнім көрсеткіштері бойынша елдердің экономикалық дамуын анықтай алады. Дамыған елдердің топтарын ажырата алады және мысал келтіре алады.
жекелеген елдердің экономикалық даму көрсеткіштерін талдай отырып, болжам жасай алады