Сабақтың тақырыбы Зерттеу әдістерінің түрлері



бет337/361
Дата19.01.2023
өлшемі26,72 Mb.
#61994
түріСабақ
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   361
Байланысты:
10 сынып ҚМЖ новый формат (1)

Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы



Ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.7.1.1 адамзаттың дамуындағы проблемаларын топтастыру

Сабақтың мақсаты



Ғаламдық проблемаларды анықтайды.
Ғаламдық проблемаларды жіктейді

Бағалау критерииі

адамзаттың дамуындағы проблемаларын топтастыру жүйесімен танысады

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта жағымды орта құрамын. Күндеріне сәттілік тілеймін. «Үндеме » тренингі оқушылар үнсіздікте сапқа тұрады. Бойы, салмағы , жасы, туған күні, айы, бала саны, шашы ұзындар,
-сынып оқушыларын осыдан кейін санау ретілігі арқылы топтастырамын.
(2 мин)
-үй тапсырмасын тексеру (3 мин)
« сұрақ бізден» әдісі екі топ бір біріне сұрақтар қояды



Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



Ұялы телефон
Және интернет желілері
Кітап



Ортасы


  • Жаңа тақырып бойынша жетекші ұғымдар мен түсініктер:
    Ғаламдық проблема ұғымы.
    Ғаламдық проблема түрлері

Жаңа тақырып бойынша тірек схемалармен жұмыс
«Түсіну» теориялық білім
Ғаламдық проблема ұғымы. Адамзаттың ғаламдық мәселелері
ХХ ғасырдың соңғы 10 жылы дүние жүзі халықтары алдында көптеген шиеленіскен және күрделі проблемаларды қойды. Олар ғаламдық проблемалар деген атқа ие болды.
Ғаламдық проблемалар дегеніміз – бүкіл адамзатқа қатысты проблемалар. Олар дүниежүзілік қоғамдастық елдерінің арасындағы қарым - қатынастарды, қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды, ресурстармен қамтамасыз етуді бірлесіп шешу мәселелерін қамтиды. Ғаламдық сұрақтар мен қоғамдық жауаптардың болуын, оларды шешу үшін кең көлемді халықаралық ынтымақтастық болуын талап етеді.
Ғаламдық проблемалар өзінің бір – бірімен әрекеттесуінде өзінше мынадай үшбұрыш құрайды.
АДАМ – халықтың әлеуметтік дамуы;
ҚОҒАМ – экономикалық дамуы;
ТАБИҒАТ – айналадағы ортаға ықпалы.
Проблема түрлерінің байланысы:
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ ПРОБЛЕМА:
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРОБЛЕМА:
ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМА:
Ғаламдық проблема түрлері
Сипаттары жағынан ғаламдық проблемалар әр түрлі, бірақ олардың бәрінің арқауы адамзаттың географиялық бірлігі және оның аман қалуы идеясы.
Ғаламдық проблемаларды қаншалықты қуатты болса да бірде - бір мемлекет, не мемлекеттердің бірде - бір тобы өз күшімен шеше алмайды. Тек бейбітшілік жағдайында барша елдер күш біріктіргенде ғана, өзара тәуелді екендігін баршамыз ұғынып, жалпы адамзаттық міндеттер бірінші орынға қойылған күнде ғана халықтар ертеңгі күнге сенімді бола алады, әлеуметтік және экологиялық апаттардың алдын алуға болады және түптеп келгенде аман қалудың амалы да осы.Ядролық қыс» концепциясы.
Ядролық жарылыстардың салдарынан жаппай өрт шығып, атмосфераға орасан көп мөлшерде күйе, күл, улы газдар жайылады. Ұнтақ күлден түзілген қою бұлт күннің сәулесін жерге жеткізбей, кері шағылыстырып жібереді. Жер үстін қара түнек -«ядролық түн» басады. Осының салдарынан планетаның радиациялық балансы бұзылады, жер бетіндегі температура әп - сәттің арасында шамамен 15 - 20 градусқа төмендейді. Атмосферадағы циркуляция жүйесі түбірімен өзгергендіктен, бұл орасан зор климаттық апат бірнеше аптада бүкіл жер шарына жайылып, тіршілік атаулы құриды.
Ядролық қыстың түсуінің математикалық үлгісінің жасалуы - терең, орны толмас, адамзаттың жер бетінен құрып кету қаупін туғызатын ядролық апаттың планеталық ауқымы.
«Жылу әсері» парниковый эффект ғылыми болжамы. Климатолог - ғалым М. И. Будыко т. б. ғалымдар «Жылу әсері» парниковый эффект ғылыми болжамы бойынша климаттың ұдайы жылынуы нәтижесінде қалыптасқан ғаламдық өзгерістер соңғы жүз жыл ішінде Жердегі орташа температура 0, 6 ºС көтерілді. Жылу әсері дами беретін болса ғаламдық температура 3 - 4 ºС көтерілетін болса, Антарктида мен Гренландия, Солтүстік мұзды мұхит мұздықтары еріп Дүниежүзілік мұхит деңгейі 66 км көтерілген болар еді. Бұл бүгінгі адамзаттың ¼- і тұратын жерлерді басып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   361




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет