Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
10.3.1.2 табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, баға беру (жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде)
Сабақтың мақсаты
Барлық білім алушылар: Табиғатты пайдаланудың қажеттілігін анықтап, қоршаған ортаға әсерін бағалайды;
Білім алушылардың басым бөлігі: Ғаламдық және Қазақстандық экологиялық проблемаларды айқындап, шешу жолдарын ұсынады;
Кейбір білім алушылар: Табиғатты ұтымды және ұтымсыз пайдаланудың әсерін талдайды.
Бағалау критерииі
Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға теріс әсерін анықтайды;
Табиғат пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсеріне баға береді;
Табиғат пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жолдарын ұсынады.