Сабақтың тақырыбы: Зияткерлік ақпараттық жүйелер ғылым және оқу пәні ретінде



бет3/3
Дата14.01.2023
өлшемі43,54 Kb.
#61265
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Зияткерлік ақпараттық жүйелер туралы негізгі ұғымдарды анықтап,глоссарий құру.

Маккарти Джон (McCartthy, John) (1927 жылы 4 қыркүйекте АҚШ, Массачусуес штаты, Бостон), электронды-есептеуіш техника саласы бойынша американдық ғалым. Принстон университетінде докторлық дәреже алған. 1958 жылы LISP тілін жасап, алғашқы жасанды интеллект саласын зерттеушілердің бірі. Сондай-ақ қарама-қарсы желідегі көне құрылым теориясын (есептегенде пайдаланатын) жасайды. 1971 жылы Тьюринг сыйлығын, ал 1988 жылы Киото сыйлығын алады, ал 1990 жылы ғылыми еңбегі үшін Халықтық медальмен марапатталады.
1956 жылы Дартмут колледжінде (АҚШ) өткен семинарда Джон Маккарти «жасанды интеллект» (ағылш. artificial intelligence, AI) терминін еңгізеді. Қазіргі уақытта жасанды интеллекттің көптеген анықтамалары бар. Жасанды интеллекттің анықтамаларының бірі-ақылға қонымды мінез-құлықты автоматтандырумен айналысатын информатика саласы (информатика бөлімі). Ақылды мінез-құлық «зияткерлік міндеттерді» шешуде айқын көрінеді. «Жасанды интеллект» ұғымын әртүрлі контексте қарастыруға болатындығымен түсіндіріледі. Оны ғылым (информатика бөлімі), технологиялар жиынтығы немесе іске асырылған ақыл-ой моделі (мақсаты) ретінде қарастыруға болады. Кейбір ғалымдар жасанды интеллектті үнемі тайып кететін және қол жетімді емес нәрсе ретінде қарастырады.



3

Алан Мэтисон Тьюринг

Алан Мэтисон Тьюринг (ағылш. Alan Mathison Turing; 23.06.1912 - 07.06.1954) — информатиканың дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын математигі, логигі, криптографы. 1937 жылы абстрактілі есептеу және логикалық процестерді, принципінде алдын ала жоғары дәлдікпен жүзеге асыру мүмкіндігі туды. Алгоритм ұғымын анықтаудағы алғашқылардың бірі. "Тюринг машинасы" болды, ол кейіннен өмірге келген әмбебап-цифрлы есептеу машиналарының көптеген қасиеттерін бойына жинақтады. Тюринг үйрету машинасын жасаудың аса маңыздылығын ерекше атап көрсетті, бұл машина келе-келе тәжірибе жинақтап, сыртқы ортамен істестік барысында өз "мінез-құлқын" жетілдіре түспек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет