RAM ақаулықтары Ақаулы оперативтік жады Windows хабарламасындағы "өлімнің көк экраны" себебі болуы мүмкін, бірақ себебі тек ОЗУ-да болуы тиісті емес. Оған көз жеткізу үшін жады модулін сынау керек. Модульдерді кері алып, кірістіруге тырысыңыз. МП-дағы модульдерді, слоттарды мұқият қарап шығыңыз. Егер сіз сызықтарды, жарықтарды, күйген ток өткізгіш жолдардын көрсеңіз, онда мұндай модуль немесе слот, ең алдымен, жарамсыз болады. Модульді түрлі слоттарға қойып, жүйені іске қосыңыз. Егер сізде екі немесе одан да көп модуль болса, онда оларды МП-ға кезек орнатыңыз жəне ДК-ді іске қосыңыз. Егер қандай да бір модуль бір слотта жұмыс істемесе, онда ол ақаулы болуы мүмкін. 3.7.2.6 Қатты дискінің ақаулықтары 1) Қатты диск жұмыс істғеп тұр, мəселе басқада болса. Мүмкін себептерге: қатты диск дұрыс қосылмаған, онда бөгеттер дұрыс орнатылмаған. Мəселе сондай-ақ SMOS Setup бағдарламасындағы қате параметрлерде болуы мүмкін. 1) ОЖ қатты дискідегі SATA-дан жүктелмеуі мүмкін. Бұл жағдайда бірнеше себеп болуына орын бар: АТ (аналық тақта) SATA-ны көтермейді, BIOS жаңартуды талап етеді, ДК-де орналасқан операциялық жүйе ескерген – мысалы, Windows 2000 алғашқы нұсқалары. Кейбір платалардың SATA-ны көтеруге əлі жетеді, бірақ ықшам-дискілер SATA-жетектерін көтере алмайды. 2) Қатты диск “жартысы өлі”. Қатты диск периодты өшіріліп тұруы мүмкін, операциялық жүйемен “көрінбей” қалуы да болады. Деректер оқылуы кезінде қате көрсетіледі. Бұл жағдайларда мəліметтерді сақтап қалу маңызды. Басында утилиттер көмегімен қатты диск бетіндегі тексерісті өткізіңіз. Егер қателік секторлары көрсетілсе, бағдарлама оларды жұмыс істемейтін 138 деп белгілеп қояды жəне кейін олар жұмыс кезінде қолданылмайды. Бұл жердегі ең дұрыс нұсқа – мəліметті сақтау жəне дискіні тексерістен кейін қайтадан форматтау. Мұндай диск тағы да қызмет ете алады, бірақ ол əрі қарай бұзылып жалғасатын мүмкінді бар. 3) Қатты диск ақаулы. Мұндай диск жүйемен “көрінбейді” жəне оған жетімсіз болады. Егер бұл дискіде құнды мəліметтер қалған болса, оларды сақтап қалуға тырысқан жөн. Мұндай қызметпен əдейі мамандырылған компаниялар айналысады.
Үйге тапсырма беру. Мәліметтерді енгізу және шығару