Қазіргі кездегі сабақтың талдауын жасау
Сабақты талдау үлгісі
№48 мектеп-лицей директоры З.Ж.Садықова Қазіргі сабақ қандай болуы қажет? Қалай бүгінгі сабақта дәстүрлі және жаңашыл әдістер ұштасады? Сабақты абстрактно талдауға болмайды. Ең басты, әр сабақта бүкіл құралдар мен әдістер қолданылады деп күтуге болмайды.
Сабақ талдағанда қандай жағдайларды ескерту қажет? а) тақырыптың ерекшелігі;
б) мектептің мүмкіндіктері, кабинеттің, техникалық құралдардың, көрнекі құралдардың бар болуы;
в) осы сыныптың құрамы, оқушылардың қабіліт және даму деңгейі;
г) мұғалімнің жеке даралығы, дайындық деңгейі, мінез ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, бұрынғы жұмыстар нәтижелері.
Сабақты талқылау формасы: а) педагог өзі сабағы туралы әңгімелейді: не ойлағандай болды, не жүзеге аспады;
б) сабаққа қатысушы сабақтың позитивті жақтарын талдайды;
в) содан кейін жағымсыз жақтарын талдайды;
г) содан кейін ғана кемшіліктерден құтылуға көмектесетін ұсыныстар беріледі;
д) талдаудан кейін педагог қайта өзінің пікірін білдіреді, содан кейін ғана басқа қатысушылар проблеманың талдауына қосылады.
Сабақтың сипаттамасы: 1) Қазіргі заман сабағының жалпы педагогикалық сипаттамасы:
- сабақтың тұжырымдамалық ерекшеліктері, қазіргі тұрғыларды жіктеу және оларды сабақта дарыту;
- сабақтың жалпы педагогикалық ерекшеліктері – оқу-тәрбие үрдесінің ұйымдастыру формасы;
- сабақ типологиясы, олардың әр түрлі типтері мен түрлерінің құрылым сипаттамасы (оның кезеңдері, бөлімдері).
2) Сабақтың әдістемелік ұйымдастырылуы және жабдықталуы, оның әдістемелік логикасы.
Сабақты талдау және өзін – өзі талдау формалары: 1) қысқа (бағалау) талдау;
2) құрылымдық (поэтапный) талдау;
3) жүйелік талдау;
4) толық талдау;
5) құрылымдық-уақыттық талдау;
6) аралас талдау;
7) психологиялық талдау;
9) аспектты талдау;
10) құрама (комплексті) талдау.