Шоғырлы аймағы
ГКС зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді, әсіресе
катаболикалық процестерді күшейтеді. Мұндай жағдайда терінің,
бауырдың, еттің, майдың, дәнекер және лимфа тканьдерінің
клеткалары нысана-клетка рөлінде болады. Тканьдерде ГКС-дың
әсерінен бір қатар ферменттердің (трансаминаза, оксидаза, т.б.)
белсенділігі күшейеді. ГКС-дың белоктың алмасуына әсері:
а)барлық тканьдерде, әсіресе ет тканінде белоктың ыдырауы
күшейеді. ГКС-дың зат алмасуына ықпалынан диафрагма мен
жүрек еттері резистентті болады тіпті кортизонның әсерінен
жүрек
етінің салмағы да артады; ә)қандағы аминқышқылдар мен
несептегі
азоттың мөлшері көбейеді; б)бауырдың мочевина түзеу қызметі
артады; в)аталған әсерлерге байланысты, әсіресе белок алмасу
өзгеруінен организмнің салмағы азайып, өсуі кідіреді.
Торлы аймағы
Жыныс гормондарына қарағанда бұлар анағұрлым әлсіздеу келеді.
Дегенмен бұлар жыныс бездерінде түзілетін гормондар тәрізді әсер
етеді. Бұлардың маңызы әсіресе балалық, кәрілік шақта зор болады.
Адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде
бүйрекүсті бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші ағза болып
қалады.
Достарыңызбен бөлісу: