ҮІ. Сабақты пысықтау: №5 Есепті әртүрлі тәсілмен шығару.
Шешуі: 1-тәсіл (15-8) ∙5=35 (л) 2-тәсіл (15·5)-(8∙5) =35 (л)
Жауабы: 35 л артық жанармай жұмсайды.
№6 есепті шығару.
Шешуі: 48:2: 2=12 (сағ) Жауабы: 2 қар тазалайтын машинаға 12 сағат қажет.
ҮІІ. Бекіту.№7 Амалдар ретін анықта және есепте.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 8. 16- бет. Бағалау
№ 88. Тақырыбы: Өткенді пысықтау
Мақсаты: оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін тиянақтау; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту; балаларды ақыл-ой, еңбек тәрбиесіне баулу, дәптермен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа, тазалыққа баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі:аралас сабақ Әдісі : түсіндіру, көрсету, өзіндік.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8. 16- бет.
ІІІ. Өткенді пысықтау: № 1 жаттығу есептеулерді қарастыр. Қалай есептегенін түсіндір.
ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ:№2 а) есептиеп, дұрыстығын тексеру.