Паренхималық дистрофиялар — заттардың алмасуы орындайтын қызметі жағынан жоғары специализациялы жасушаларда бұзылатын үдеріс. Алмасуы өзгерген заттың түріне қарай, паренхималық дистрофиялар белокты (диспротеиноздар), майлы (липидоздар) және көмірсулы түрлерге бөлінеді.
Гиалин-тамшылы дистрофия Гиолин-тамшылы дистрофия дамыған цитоплазмада бір-бірімен бірігіп, жасушаның цитоплазмасын толтырған, гиалинге ұқсас ірі белок тамшылары пайда болады да, жасушаның ультрақүрылымдық элементтері қирайды.
Гидропиялы дистрофия Гидропиялы,яғни супы, дистрофиякезінде жасушаның цитоплазма- сына сұйықтық жиналған вакуольдер пайда болады. Ол тері мен бүйрек өзекшелерінің эпителийінде, гепатоциттерде, бүлшықет пен жүйкелік жасушаларда жэне бүйрекүсті безі қыртысының жасушаларында жиі байқалады.
Гидропиялық дистофияның даму механизмі күрделі. Су мен электролиттердің және белоктардың алмасуы бұзылады.
Паренхималық майлы дистрофия да белокты дистрофиялар дамитын жерлерде, яғни миокардта, бауырда, бүйректе жиі дамиды.
Майлы дистрофияның бауырда дамумеханизмдерімыналар: гепатоциттерге май қышқылдары тым көп түседі немесе олар жасушаларда тым қарқынды түзіледі.
Бүйректің майлы дистрофиясы кезінде май тамшылары проксимал және дистал өзекшелердің эпителийіне жиналады. Әдетте, нейтрал майларды, фосфолипидтер мен холестеринді өзекшелік эпителийіден де, бүйректің стромасынан да көруге болады. Нейтрал майлар өзекшелердің тар сегменті мен жинайтын түтікшелер эпителийінде физиологиялық жагдайда да кездесе береді.