Сабақтың түрі: Дағдылармен іскерлікті жетілдіру сабағы Сабақтың типі: Тәжірибе Сағат саны: 4 сағат


Оқушылардың практикалық тәжірибелерін игеруге арналған



бет10/16
Дата31.12.2021
өлшемі3,44 Mb.
#21101
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
№ 5. Мерез

Оқушылардың практикалық тәжірибелерін игеруге арналған

методикалық нұсқаулар.

Оқушы игеру керек:

1. Венерологиялық ауру адамның денесін тексеру әдістемесі.

2. Венерологиялық аурумен ауыратын науқастардың амбулаторлы картасын құру.

3. Шұғыл хабарландыру-іс қағазын толтыру.

4. Бозғылт трепонемаға патологиялық материалды алу.

5. Мерезбен ауыратын науқастармен жұмыс істегенде қол мен құралдарды дезинфекциялау.

6.Мерезге қарсы препараттарды екі моментті енгізу.


  1. Венерологиялық ауру адамның денесін тексеру әдістемесі.

Тексерглетін адамның мерез ауруына шалдыққанның анықтау реті. Тексерстін адамды шешіндіріп оның терісінің бүркеніш қабын қарайды және көзге түсетін кілегейлі қабығын тексереді.

Бастың шашты бөлігінде ауруға тән қасқа бастануды, дифузиялық (әсіресе самай маңында немее ошақты) шаш куйе жеген тері сияқты болады, бұл қайта қайталанған мерез ауруында кездеседі. Бұнымен қатар, қас пен кірпіктер сирейді.

- Бастың шашты бөлігінде маңдайда (шашпен шектескен жерде) желкеде (шашпен шектескен жерде) құлақтың артында, ауыз-мұрын катпарларында, иекте кайталанган мерезде іріңсіз және іріңді безеулердің элементін көруге болады. Маңдайда үшінші рет қайталанған мерезден кейін бір-бірінен алыс орналасқан терең суйекке дейін жеткен ұсақ тыртықтарды немесе бұдырларды көреміз.

- Мұрын пердесін құрайды: Мерез ауруларында қуыстың суйегін тесу (перфорация) байқалады, бұл мерездің гумозды процесін өткізгендерге кездеседі. Кейде оларда үшінші мерез жарасын табуға болады.

- Қарашық жағдайына көңіл аударады: олардың бір келкі болмауы, аккомадация мен жарыққа реакциясы бұзылса, жүйке-жүйесінің мерезін болжауға болады.

- Дененің бүйір беткенде, білектің жазылатын бетінде және иықта розиолиозды, папулезды, пустолезды мерездің екіншілік кезеңін анықтауға болады. Көбіне бір уакытта кездеседі, бір-бірнеше қосылмайды және науқаста субъективті көріністер шақырады. Екіншілік мерезде папуланы қолтық асты ойыкта да байқауға болады. Мойынан, әсіресе, артқы және бүір беткелерден, кеуде мен арқадан, алдыңғы және артқы қолтық асты ойығынан екіншілік мерездің патномоникалык көрінісі - мерездің лекодерманы іздеу керек:

- Денеден, қолдан бір-бірінен шектелген, көбінесе топталған, тығыз қабыну төмпешіктерін немесе жеке түйіндерді, кейде осы элементгердің ыдырауынан болған жаралар, олардың жазылуынан кейінгі тыртықтарды анықтауға болады. Бұл көріністер арқылы үшіншілік мерезді болжауға болады.

- Алақан мен табанды қарайды, оларды кейде папулезда мерез ошақтары болады.

- Ауыз ыдысын қарайды: қатты және жұмсақ таңдай, тілше, бөбешік, жұтқыншақтың артқы қабырғасы, тіл, ұрттың шырышты қабат еріннің ішкі беті, қызыл иек.

- Жұмсақ таңдай аймағында, бөбешікте мерездік эритематозды ангинаны анықтауға болады. Бөбешікте эрозиялы, жаралы немесе амигдалит пішінді (бөбешіктің күрт үлкеюі), көбіне бір жақты қатты шанкр ошағы пайда болады. Таңдайда және бөбешікте екіншілік мерездің папуласын көруге болады. Оларды, сонымен қатар, тілдің бетінен немесе төменгі бетпен ұрттың, шырышты қабатынан іздеу керек. Іріңнің ішкі бетінде қызыл иекте эрозиялы мерездің элементін байқауға болады. Төменгі және жоғарғы ерінде жыныстан тыс жұққан қатты шанкр орналасады.

- Ауызда тілшенің болмауын көруге болады. Артқы таңдай дозасының жұтқыншақтың артқы қабырғасына өсіп кетуі таңдай перфурациясы жұтқыншақтың қабырғасында таңдай пердесінде әр түрлі пішінді тыртықтар болады. Олар үшіншілік мерез ағымы өткендігін көрсетеді. Кейде іш беті бөлшектенген терең жүлгелерімен тілінген болады, пальпация кезінде жеке туйінде немесе ушіншілік мерезден тығыз қойылымдар анықталады.

- Тері асты лимфа түйіндері аймағы пальпацияланады; Жақ асты, мойын, шүйде, бұғана асты және үсті, қолтық асты, шынтақ, шап. Осы жерлерінде орналасқан лимфа түйіндерінің үлкен байқалса, науқаста мерезін болжауға болады. Сыртқы жыныс органдарын қарайды. Ерлерде жыные мүшесінде, машонкада, шапта қапы шанкр жаралары мен эрозияны суланған екіншілік мерез папуласын байқауға болады. Жыныс мүшесін терең беткей белінде тығыздалған түрден (немесе дипигменттелген турлі немесе гиперпигменттелген) бұрыңғы қатты шанкр орынын іздеу керек. Әйелдерді креслода қынапқа кіру аймағын артқы спайканы, жыныс еріндерінің тері мен шырышты қабатын қарайды. Қатты шанкр, сонымен қатар, екіншілік мерез папуласын анықтауға болады.

- Шап аралықты артқы жол аймағын қарайды. Бұл жерлерде папулездің мерездің, жиі суланған кең кандиломаларды, қатты шанкрларды анықтауға болады.

- Аяқтарды қарайды. Оларда кейде екіншілік мерездің эктимасы, жиі жаралар, гумозды, мерездің тыртығы орналасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет