ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Адам тұлғасын бейнелеу». Бүгінгі сабақта Адам анатомиясымен танысып , Адам тұлғасын белгілейтін өлшем бірліктерін қолдана отырып адам тұлғасын бейнелеуді үйренеміз. Сондықтан да жаңа сабақты мұқият тыңдап қатысып отырайық.
Портрет-өздерің білетіндей бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Портрет-(французша бейнелеу) Белгілі бір адамның көркем бейнесі деген ұғымды білдіреді. Портрет салтанатты, камералық және тек адамның басын қана бейнелейтін және автопортреттер болып бөлінеді.Көбіне суретшілер адамды алдынан бейнелейді , мұндай бейнелеу анфас деп аталады. Портетте ұқсастығын қана беріп қоймай, суретші бейнеленген адамның сырын, оның ішкі дүниесін ашу керек.
Адам тұлғасын бейнелеу үшін оның склетімен танысқан жөн. Адам склеті негізінен 3 бөлікке бөлінеді олар бас сүйегі, кеуде бөлігі және қол-аяқ сүйектері.Адам склетінің негізгі тірегі-омыртқа діңгегі 3 бөлікке бөлінеді. Мойын, кеуде бел омыртқалар.
Адам тұлғасын салға оның пропорциясын белгілейтін өлшем бірліктері адам басымен өлшенеді.Мөлшермен 8 бөлікке бөлінеді.Адам бойына байланысты 7 немесе 7,5 бөлікке бөлінеді.Бас пен кеуде қосындысы адам бойының жартысы болып табылады.
Суреттің қағазға орналасуын, композициялық құрылымын долбар сызықтармен шешкеннен кейін кейіпкердің құрылысын тұрғызуға көшеміз
Сурет салу кезінде үлкен бөлшектерге пропорциялық қатынастарды анықтай отырып , адам денесінің мүшелерін біржолата анықтауға көшеміз.Адам суретінің жарық пен көлеңкесін айқындаймыз.Адам тұлғасын мұқият қарар болсақ бастан табанға дейінгі аралықта жарық біртіндеп қоюланып көлеңкеге ұласады. Бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұратынын білеміз. Бүгінгі біздің адам тұлғасын бейнелеу үшін бір оқушыны ортаға шақырамыз .
IV.Тапсырмаларды орындау.
1. Тірек сызықтармен адам тұлғасын салу.
2.Оқушылар адам денесінің формасы мен прпорциясын анықтап , склет сүйектерін ойша байланыстырып отыру керек.
Атақты суретшілердің туындыларын мысалға келтіру:
3. Адам тұлғасына түскен жарық пен көлеңкенің алып жатқан орындарын анықтап, олардың шекараларын белгілейміз. Суреттің өңін айқындағанда тұлғаның ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешікті көлеңке дегеніміз – заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп – табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз. Түспе көлеңке дегеніміз – нақты бейнеленген тұлғаның бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз – меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Адам тұлғасының жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін шығарамыз. Штрихтың қоюлығы мен жиілігі, бағыты нәрсенің нендей материалдан істелгендігі мен оның бетінің өзіне тән ерекшелігін көрсететіндей болуы керек екнін ерекше айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |