Сабақтың түрі: Рөлдік-ойын сабағы, географиялық кеш



бет1/4
Дата23.12.2023
өлшемі76 Kb.
#143104
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
География апталығының ашылуы География патшалығы




География патшалығындағы бір күн
Мақсаты:
Жер планетасы, материктер туралы сабақта алған білімін жинақтап, одан әрі таным деңгейін арттыру, әр метерикті жете тануға қызығушылығын ояту, актерлік шеберлікке, табиғатты аялап, сүйе білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Рөлдік-ойын сабағы, географиялық кеш.
Көрнекіліктер: Карта, Нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер, тақ, хан сарайына керекті
жабдықтар, домбыра, суреттер, суретті плакаттар т.б.
Мұғалім
Саламатсыздар ма ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «География патшалығындағы бір күн атты» кешімізге хош келдіңіздер! География әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен география қызықтырар әркімді..
География патшалығына қонаққа барған оқушының басынан өткізген қызықтарын бірге тамашалайық.


Көрініс барысы:
Қоңырау соғылды. Сахнаға үсті-басы олпы-солпы 2 алған оқушы сабақтан шыққан қалпында жабырқау кейіп білдіріп:

  • Уһ, географиядан да құтылдым-ау! Тағы да 2 алдым. Апырым-ай осы жұрт географияны қалай оқиды екен?! Бәрінен де ағайды айтсайшы - ?! Соншама жер атауларын, бүкіл Жер шарында болып жатқан оқиғаларды қалай ғана кіп-кішкене басына сыйғызып жүргеніне таңмын. «Гидрасфера, атмосфера, биосфера, литосфера ... не бір қиын тапсырмаларды тақта бетіне толтыратынын қайтесің?» Айтыңдаршы балалар, географиядан екі алмағандарың бар ма? Ә, мен білемін, бәрің де 2 алғансыңдар. Озаттарың да, екпінділерің де шамалы бағамен оқитындарың да географиядан екі алмадым деңдерші? Оқығым келмейді географияны ...

Осы кезде сахнаға сиқыршы – География патшасы шығады. Сиқыршыны көргенде оқушыда үрей қалмады, сасқалақтап:

  • Сіз кімсіз, кім боласыз ? – деді.

  • Мен бағанадан бері өзің даттап жер-жебіріме жеткен География патшасымын.

Жер бетінің әр бір құмын, әр тасын,
Мен зерттеймін, ей, балақай, байқашы.
Мені білгің, оқығын, сен, азамат,
Сиқыршымын - мен География патшасы
Ал, балақай, жүр, мен сені География патшалығына апарайын, географияның қызығына қандырайын (оқушы жасқанады) Қорықпа, жүр!
Екеуі География патшалығына келеді. Сахна төріндегі таққа География патшасы отырады да, оқушыны қасына шақырады.
Осы кезде Жаршы жарлық оқиды.
«Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! География патшасының сарайында той болады. Бәріңізді де тойға шақырамыз Келіңіздер, көріңіздер бағаларыңызды беріңіздер.»
География патшасы өз тұрғындарының өнерімен қасиетін таныту мақсатында физикалық география мен экономикалық географияны айтысқа ортаға шақырады.

  1. Экономикалық география

Армысыздар бүгінгі кешті көретіндер.
География десе жанын беретіндер.
География кереметін жыр ғып айтам,
Сөзіме сенетіндер, көнетіндер.
Есімім – экономикалық таныстырсам,
Жеңілер деп ойлама жарыстырсаң,
Географияның тірегі мына менмін
Не қыласың күшіңе қарсы тұрсам?!

  1. Физикалық география

Көруге география кешін жиылғандар
Эротосфенге құдайындай сыйынғандар
Қош келдіңдер бүгінгі ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар.
Физикалықпын несіне жасырайын,
Сенен достым күшімді асырайын.
Физикалықтың күшіне географияда
Тұра алар дәті шыдап қасымда кім ?

  1. Экономикалық:

Экономика - өмір, тұрмыс тірегі,
Құрамына саясатта кіреді
Халықтар мен елді мекен, нәсілдір
Мен арқылы байланыстар жүреді.
Менен болар халықтардың санағы
Машинаға мен керекпін қараңыз
Талшық, көмір, мұнай мен газ сатамын
Мені оқыңыз жеткенінше санаңыз.

  1. Физикалық

Күн жүйесін Жер шарын зерттеймін мен
Зерттеймін мен жазықтар мен тауларды
Көрікті табиғат, пайдалы қазба беремін
Тұзсыз дәмі кіруші ме еді тағамның?
Мақтанасың сен бекерге бас ұрып
Уланудан дерті кетті асқынып
Мұнай сатып, темір, көмір өндіріп,
Табиғатты ластадың сен қатырып.

  1. Экономикалық

Құдайға шүкір жақсарып жатыр жағдайың
«Ластадың» деп балағаттап қызбағын.
Пайдасы қайсы, мақтағанда тигізген
Аралыңды басып жатыр тұздарың.
Мен арқылы өндірістер басталды
Басталды да ел жағдайы жақсарды.
Пайдам бар менің тағы басқа көптеген
Өз бойыма көп қасиет жиыппын.

  1. Физикалық

Байлығымды адамзат қолданады.
Жұтсаң - ауа, ішсең - су қолда бары
Топырақ пен өсімдік күн сәулесі
Түнып тұрған байлыққа көз болады
Әрқашанда ашық ғылым картасы
Көп мақтанып кеудеңді сен қақпашы
Төрелігін берсін География патшасы


География патшасы:
Физикалық және Экономикалық!
Дауласудың қажеті жоқ, екеуің де өмір тірегісіңдер.


Жаршы:
География патшалығының үштен екі бөлігіне билігі жүретін премьер-министр - Гидросфера:
Гидросферамын, судың нағыз өзімін
Мұхит, өзен, көл, бұлақпын, жаңбырмын.
Түссіз, иіссіз, дәмсізбін мен ежелден
Жер астында да, тау басында да боламын
Толқындарым электр тогын береді
Менімен болар қандай істің есебі
Кемелерің меніменен еседі
Адам суды өмір нәрі деседі.
Каспий бұл көлдерімнің төресі
4 мұхитым жер бетіне таралған
Тіршіліктің тынысы су мен боламын
Ішіп жүрген уақытында қалаған


Жаршы: Тіршілік министрі Биосфера ханзада сөз алады:
Мен биосферамын – баға жетпес тіршілікпін
Басты қасиетім - өте тез көбейгішпін.
Аңдар менен өсімдікті түзуші
Тіршіліктің көзі болып кете алдым
Жануарда да, адамда да бармын мен
Тіршілікті өмір сүруге икемді қылып
Өсімдік пен жануар түрін жасадым
Сөйтіп мәңгі тарихта қалдым мен
Қайткенде де болашағым мол менің
Адамзат та артты маған зор сенім
Тіршіліктің тірегімін, көзімін
Дұрыс болар есте сақтап сенгенің


Минералды ресурстар министрі Литосфера ханшайымды тыңдап көрейік.
Мантия, ядро, жер қыртысынан құралдым
Өмір бойы керегіңе жете алдым
Литосфералық тақталардың картасы
Венегердің көргенімен ашылдым
Бөлініп тұрған үш түрге тау жынысын
Қыртысымда сен олармен кездесесің
Артық болмас қойным толы байлық десем
Ғарыштағы ракетада, ұшақтан
Қолтаңбамды табасың сен іздесең.
Литосферамын – жердің қатты қабаты
жер бетінің минералды әр тасы
Сан құрылыстың мен сәулеті, негізі
Қаланады менен ғана ойланшы.
Жаршы ортаға Әуе министрі Атмосфера ханшайымды шақырамыз:
Бүкіл әлем тыныс алар ауамын
Менсіз ешкім шыдай алмас, дауамын.
«Ауадай қажет» деген сөз осы емес пе?
Пайдасы көп адамзатқа ауаның.
Тропосфера, стротосфера қабаттар,
Ауасыз еш өтпейді әр бір сағаттар.
Болмаса ауа минутта шыдамай
Сондықтан да ластануда ағат бар.
Қорғаңыздар ауа атты қабатын,
Боласың сен осыдан пайда табатын.
Жануар да, өсімдік те, адам да
Тыныс алар ауа деген затымен.


Жаршы: ән «----------------------------------- «
Жаршы:
Мың сан халқы ізіне ерген
Келешекке берік сенген,
Қасиетті туған өлкем,
Кереметсің қандай көркем!
О, Жер-Ана қадіріңе жетейін,
Көрерменді сырға қанық етейін
Жер-Ананы шақырып ап ортаға,
Сіздерге толық таныстырып өтейін – деп ортаға Жер-Ананы шақырайық.
О, Жер-Ана бізге жылдам келіңіз
Сізге әр кез дайын біздің төріміз. (Жер-Ана келеді)
Міне, Жер-Анамыз да көрінді. - Саламатсыз ба Жер-Ана!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет