Тақырыбы: «Күзгі бал - 2022»
Мақсаты:
1. «Күзгі бал - 2022» сайысына қатысушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.
Жүргізуші:
Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, «Күзгі бал-2022» мерекесімен құттықтаймыз.
Ведущий:
Добрый вечер, дорогие друзья! Одно из самых загадочных и непредсказуемых времен года – осень. Про нее так много написано известными поэтами и писателями… Но не только они любят и боготворят эту пору. По всем школам проходят различные мероприятия, посвященные золотому времени, последнему отблеску тепла и радости лета. И Сегодня в этот зал нас пригласила наша чарующая прекрасная госпожа осень!
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
Ведущий:
Унылая пора! Очей очарованье!
Приятна мне твоя прощальная краса.
Люблю я пышное природы увяданье,
В багрец и золото одетые леса… - так когда-то выразил своё восхищение осенней природой А.С.Пушкин. А мне захотелось выразить свои чувства именно словами великого поэта.
Жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік
Сайыс 4 бөліммен тұрады:
1. Таныстыру (5минут) Знакомство
2. Музыкалық номер (5 минут) Музыкальный номер
3. Киім үлгісі және шаш үлгісі (5 минут) Осеннее дефиле с нарядом и прической
4. Күзгі композиция, күзгі сый (5 минут) Осенняя композиция
Ведущий: Мы все готовились к этому дню, а где конкурсы там и жюри
Жүргізуші:
Әділқазы , ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1.мектеп психологі-Айнур Болатовна
2.мектеп психологі-Курмангалиева Айгуль |
3.әлеуметтік педагог-Матайбай Қаламқас
4. жас маман-Сейдахмет Диана
5.көркем еңбек пәнінің мұғалімі-Нүсіпбек Назым
Ведущий: За окном сейчас осень… . По-разному мы называем её: холодной, золотой, щедрой, дождливой, грустной… . Но как бы там ни было, осень - прекрасное время года. Это время сбора урожая, подведение итогов полевых работ, это начало учёбы в школе. Это подготовка к долгой и холодной зиме..И прекрасна , привлекательна , очаровательна! И народная мудрость гласит: «Осень печальна, а жить весело». Так пусть сегодня звучит прекрасная музыка, льётся рекой безудержный весёлый смех, пусть вашему веселью не будет конца!Раз настроение у всех отличное, тогда можно начинать традиционный праздник осени «Осенний бал».
Жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді.
Ендеше, бірінші шартымыз «Таныстыру» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.
Ведущий: Давайте поближе познакомимся с нашими командами. Приглашаем на сцену все команды!
Жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты,- дей отырып, сайысымыздың.«Музыкалық номер» бөлімін бастаймыз.
Ведущий: Осенний бал – это праздник школьных друзей, а друзья стараются дарить друг другу радость. Например, подарить подарок или просто внимание. Художники дарят свое искусство, композиторы - музыку, поэты-песни, природа - свою красоту, а наши ребята свои таланты. А мы переходим к следующему конкурсу «Музыкальный номер»
Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған сән үлгілері мен шаш үлгісін тамашалайық.
Ведущий: Сейчас настало время посмотреть на наши команды, оценить насколько хорошо они подготовились и какой осенний след отразился на их нарядах.
Браво, ребята, считайте, что вы размялись перед следующим, очень непростым конкурсом, в котором вы попробуете передать весь осенний дух своей очаровательной композицией.
Жүргізуші: Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік күзгі сыйды жасапты,
Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп. «Күз сыйы» бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын. Олай болса, топтарымыздың өздері дайындаған табиғи материалдан әкелген жұмыстарын таныстырып өтсін. Жәнеде әділ қазылар алқасы да қарап бағалап жіберсе.
Ведущий:
Осыпаются астры в садах,
Старый клен под окошком желтеет
И холодный туман на полях
Целый день неподвижно белеет
Ближний лес затихает, и в нем
Показались повсюду просветы
И красив он в уборе своем,
Золотой листвой одетый!
Жүргізуші:
Келешекте әрі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар
Өнерлілер көбейсін күннен –күнге
Өмір күрес әлі талай жарыстырар- дей отырып , кешіміздің жеңімпаздарын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.
Ведущий: Слово предоставляется нашим строгим, но справедливым жюри.
ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ, МАРАПАТТАУ
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады.
1. «Креативті сынып»-2
2. «Сәнқой сынып»-2
3. «Өнерлі сынып»-2
4. «Шебер қолдар» - 3
5. «Ең белсенді сынып» - 2
Бас жүлде –
1-орын
2-орын
2-орын
3-орын
3-орын
3-орын
Ведущий: Подошел к концу наш праздник.
Спасибо всем участникам нашего мероприятия, а так же зрителям. Болельщикам.
А впереди у нас еще много удивительных праздников.
Жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
Құрметті ұсатздар және оқушылар, Жеңісті күндерде кездескенше!
До новых встреч!!! МУЗЫКА