Сабақтың түрі: симмуляциялық Тобы: м -22у1 Мамандығы: 09130100 «Медбикелік ісі»



бет3/4
Дата30.03.2023
өлшемі133,17 Kb.
#77463
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
диеталар (ко

Емдік тамақтандыру (диетотерапия)-комплексті емдеудің ең маңызды элементі. Әдетте, ол емдеудің басқа әдістерімен (фармакотерапия, физиотерапевттік ем-шаралар) қатар жүргізіледі. Кейбір жағдайда ас-қорыту жүйесін немесе зат алмасу процестерін емдегенде емдік тамақтандыру басты емдік терапияға жатады, басқа жағдайда науқастың тезірек сауығуына жағымды тиімділігін береді.
Тәуліктік емдеу рационын диета деп атайды. Диеталық тәртіп аурудың ерекшелігіне, оның кезеңдеріне, сырқаттың жағдайына қарай белгіленеді.
Кез-келген диета емдік тамақтандырудың келесі негізгі принциптерімен сипатталуы керек: Калориялығы және химиялық құрамы (ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар, дәрумендердің белгілі мөлшері);
Тағамның физикалық қасиеттері (көлемі, салмағы, температурасы, консистенциясы);
Рұқсат етілген тағамдардың толық қамтылуы;
Тағамды өңдеудің ерекшелігі;
Тамақтану тәртібі.
Диетотерапияда қолданылатын принциптер:
«Сақтау, қорғау» принципі - белгілі бір мүшені тітіркендіретін немесе патологиялық процесті күшейтетін тамақтану факторларын (химиялық, термиялық тітіркендіргіштер т.б.) шектеу. Бұл принцип ас қорыту мүшелерінің аурулары диетотерапиясының негізгі принципі болып саналады.
«Жаттықтыру» принципі - алғашқы тағайындалған қатаң диетаны кеңейтуден тұрады. Бұл бір жақты толыққанды диета емес. Бұл жеңіл тағамды диетаны қолдану арқылы іске асады. Олар калориясы шектелген немесе химиялық құрамы қайта түзілген тағамдардан тұрады. Оларды 7-10 күнде 1 рет тағайындайды.
«Коррекция» принципі - аурудың өршуіне алып келетін кейбір тағамдарды азайту немесе мүлде алып тастау. Мысалы - қант диабеті ауруы. Кейде диета коррекциясының өзі қандағы қант деңгейін қалпына келтіреді.


Емдеу сауықтыру ұйымдарында М.И.Певзнер ұсынған 15 диета қолданылады.
Диеталық столдар
№ 1 диеталық стол – Асқазан, ұлтабар жарасы, қышқылдығы жоғары
созылмалы гастрит.
№ 2 диеталық стол – Қышқылдығы төмен созылмалы гастрит.
№ 3 диеталық стол – Іш қатумен сипатталатын тоқ ішек дискинезиясы.
№ 4 диеталық стол – Іш өтумен сипатталатын энтериттер.
№ 5 диеталық стол – Бауырдың және өт жолдарының аурулары.
№ диеталық стол Подагра ауруы.
№ 7 диеталық стол - Бүйрек аурулары.
№ 8 диеталық стол – Семіздік.
№ 9 диеталық стол – Қант диабеті ауруы.
№ 10 диеталық стол – Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары.
№ 11 диеталық стол – Туберкулез ауруы.
№ 12 диеталық стол- Жүйке-психикалық аурулар.
№ 13 диеталық стол – Жедел жұқпалы аурулар, қызба кезеңдері.
№ 14 диеталық стол – Несептің сілтілі реакциясы мен фосфор-кальций
тұздарының дамуымен сипатталатын фосфатурия.
№ 15 диеталық стол – Жалпы стол, арнайы диеталық стол тағайындауға көрсетпелердің болмауы және ас қорыту жүйесі қызметінің қалыпты болуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет