Сабақты зерттеу үдерісі арқылы білім алушылардың метасанасын дамыту жолдары Астана қаласы әкімдігінің «70 мектеп-лицей» шжжқ кмм биология пән мұғалімі, педагог шебер Сагатбекова Сериккайша Кабылгазинова



бет2/2
Дата15.03.2023
өлшемі23,37 Kb.
#74453
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Метасананы дамыту жолдары -2

Зерттеу сұрағы:

  • «Белсенді оқыту әдістері арқылы, оқушылардың алған білімдерін қолдану мүмкіндіктерін қалай арттыруға болады?»

Зерттеу тақырыбы:

  • «Белсенді оқыту әдістері арқылы, оқушылардың алған білімдерін қолдану мүмкіндіктерін арттыру арқылы метасанасын дамыту»

Міне осы негізде 7 «Б» сыныбында биология сабағында «Жануарлардағы қан айналым мүшелері: буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылар тақырыбында 7 модульді ықпалдастыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуда Lesson Stadу өткізілді. Шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысты. Сабақты жоспарлауда топ мүшелері өзара келісе отырып, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың өзіндік білім алуларына және өзіндік бағалауларына жағдай жасауға мүмкіндік берілді. Сабақты биология пән мұғалімі ретінде Сагатбекова Сериккайша Кабылгазиновна өткізіп, қалған топ мүшелері бақылауға А, В,С деңгейлі оқушыларды бөліп алды. Бақылау барысында сабақта С деңгейлі оқушы топтық жұмыстарда өзінің білімін ерекшелеп көрсетпегенімен, топты алға тартып отырды. Себебі, топта қалған оқушылар С деңгейлі оқушының айтқанын жазып алып, өз аттарынан баяндаса, С деңгейлі оқушы өз тобына тек нұсқаушы ретінде ғана өз қызметін атқарып отырды. Себебі, берілген тапсырмаларды да С деңгейлі оқушы жылдам орындап, жаныдағыларға тек көшіртіп қана отырса, алдыңғы зерттеу сабақтарында кеткен олқылықтарды жою мақсатында жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін берді. Ол В деңгейіндегі оқушының сабаққа қатысу белсенділігінің артқандығынан байқауға болады. Сабақ басында оқу тапсырмасын тексеруде жеке жұмыс ретінде берілген «Quizizz» әдісі арқылы орындалған тапсырмаларда В деңгейіндегі оқушы белсенділік танытып, 1-ші орында болса, керісінше А, С деңгейіндегі оқушылардың белсенділіктері мен жылдамдықтары төмендеу болды. «Бэкроним» әдісі арқылы жұптық жұмыста В және С деңгейіндегі оқушылар жылдамдық танытса, А деңгейіндегі оқушының орындауы мүлдем төмен болды. «Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы мұғалім барлық топтарға бірдей жапсырма ретінде термин сөздер, суреттер берді. Бірақ әр топқа әртүрлі тапсырмалар берілді. Оқушылар берілген тірек сөздер мен суреттердің ішінен қажеттілерін таңдап, флипчартқа жапсырды. Әр топ бірлесе отырып берілген тапсырмаларды орындады. Топтар алдында қорғады. Осындай топтық жұмыста А деңгейіндегі оқушының да белсенділік танытқаны байқалды. Ол оқушы суреттерді жіктеп жапсыруға қатысса, В деңгейіндегі оқушы өз тобында спикердің қызметін атқарды. Ал С деңгейіндегі оқушы өз тобында тек бағыттаушы міндетін атқарды.
Биология пәні бойынша өткен сабаққа SWOT талдау жасалды

Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

В деңгейіндегі оқушының белсенділігінің жоғары болуы.
Тапсырмаларды жылдам орындап, көзге ерекше түсуі.
Топтық жұмыстарда барлық сынып оқушыларының жарыса орындап, қызығушылытарының жоғары болуы

А деңгейіндегі оқушының әлі де болса сабаққа қатысу белсенділігінің төмен болуы.

Мүмкіндіктері

Қауіп-қатер

Топтық әдістерді көбірек пайдалану.
Топ ішінде жұптық тапсырмалар орындату

Жоғары деңгейдегі оқушының қабылдауы өте баяу болуы.
Сабаққа қатысу белсенділігі қанағаттанарлық деңгейге түсуі

Бұдан кейін топ мүшелері жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдарды салыстыра отырып, «бақылаудағы оқушылардың» оқуын қадағалай отырып, болған айырмашылықтарын белгіледі, сыныптың тұтастай оқытылуын, зерттеу сабағының барысын, оқыту үдерісін талқылай келе келесі сабақтың мақсатын белгілеп, жоспары құрылды.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. 61-бет

  2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Екінші (орта) деңгей

  3. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар II деңгей

  4. Портал материалдары

  5. Мирсеитова. С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде (2011)

  6. Жанпейісова,М.М. Модульдік оқыту технологиясы Ақтөбе (1999)

  7. Қоянбаев. Р. Педагогика Алматы. (2000)

  8. Бабаев,С.Б. Оңалбек, Ж.Қ Жалпы педагогика NURPRESS Алматы. (2011)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет