«Ана – біздің күніміз, біз ананың гүліміз» тақтаға ілу гүлдерді
Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)
Күлімдеген …. мейірімді. (күн) Кіршіксіз ақ …. мейірімді! (қар)
Таза мөлдір…. мейірімді! (су) Бәрімізді көтеріп түрған …. мейірімді! (жер)
Аяулы …. мейірімді! (анам) Қадірлі …. мейірімді! (әкем)
Әлпештеген …. мейірімді! (әжем) Еркелеткен …. мейірімді! (атам)
Жылы жүзді …. мейірімді! (ұстазым) Тату-тәтті …. мейірімді! (достарым)
Жағдаяттарды шешу: 1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Мұғалім: -Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.
Сабақты бекіту: -Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер? Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер? (оқушылар жауабы)
-Дұрыс балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта білуі керек.
Жүректен- жүрекке Мұғалім: «Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырдым. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір – біріне деген жақсы тілектерін білдіреді , мысалы «Ажар сен ғажайыпсың, Абылай сен ақкөңілсің т.б».
Балалар бәрі қосылып: «Балалардың мейірімді жүрегі,Сіздерге бақыт, шаттық тілейді» – деп қонақтарға өздері жасаған жүрекшелерді ұсынды.
Рахмет осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.