Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
1.Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын
анықтау;
2.Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру;
3.Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын ,елін-
жерін қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ойын элементтері, «Озық ойлы оқушы» ойыны
Көрнекілігі: видеопроектр, карта, суреттер, сызба-нұсқалар
І.Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты 5 топқа бөлу.
І топ. «Жәнібек »
ІІ топ. «Керей »
ІІІ топ. «Қасым»
IVтоп «Есім»
V топ «Абылай»
I асу – «Бәйге»Әр ойыншының қолыңда 1-5 нөмірленген карточка. Қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап
береді. Әр жауап 10 ұпай.
1.Керей мен Жәнібектің басшылығы мен қазақ халқы қай өзендердің жағасында хандықтың қазығын қақты? Шу мен
Тала.
2. Кіші жүздің Ресейге қосылған жылы және барған қазақ елшілерін ата?
3. Ең соңғы қазақ ханы кім?
4. Сабалақ қай ханың бүркеншек аты?
5. Хан емесін қасқырсың .... Авторын ата?
Полиглот кезеңі: шарты әр топқа бір-бір сұрақтан қойылады , сұрақтарға жауап үш тілде қайтарлады. Толық жауапқа
10 ұпай, екі тілдегі жауапқа 7 ұпай, бір тілдегі жауапқа 5 ұпай.
1.XV ғ Сыр бойындағы қалар үшін Қазақ хандары мен Шайбани хан арасындағы шайқас неше жылға созылды?30жыл
2. Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр хандығынан бөлініп қол астына көшіп келген халықтың саны? 200 мың
3. Сауран қаласы қай ғасырда қазақ хандығының қарамағына түпкілікті өтті? XVI ғ
Мақал -мәтел кезеңі: шарты мақал –мәтелдің жасырылған бөлігін дәл табу.
Елдің атын ері шығарады, ...... (ердің атын елі шығарады)
Батыр бір..... (оқтық)
Туған жердің .... қымбат (түтіні)
Отан ... ыстық (оттан
Досы көпті жау алмайды, .... дау алмайды (шешен- биді)
Жорға кезеңі: шарты қазақ батырларының жауға мініп шапқан аттарының атын атаңдар.
1.
Қабанбай батырдың тұлпары? Қубас
2.
Исатай батырдың тұлпары? Ақтабан
3.
Қобланды батырдың тұлпары? Тайбуырыл
4.
Қамбар батырдың тұлпары? Қара қасқа
5.
Алпамыс батырдың тұлпары? Тайшұбар
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Озық оқушы» ойыны