3) «Пазл» бөлшектері арқылы сыныпты 3 топқа бөлемін. Пирамида, Цилиндр, Конус бейнелерін тауып топқа бөлінеді.
«Жасырын конверт» әдісі арқылы ширату жаттығуын қолдана отырып үй тапсырмаларын тексеремін. Оқушылар конвертте көрсетілген сұрақтар мен фигуралардың формулаларын өз беттерінше жазып, жауаптарын тексереді көршілеріне тексертеді.
=? =?
=? =?
Конус дегеніміз не? Оның элементтерін ата.Сызбасын сыз.
Конустың жазбасын түсіндіріп, ауданын табудың негізгі формуласын жаз.
Іштей және сырттай сызылған конустар дегеніміз не?
Кері байланыс бере отырып смайликтер арқылы бағалаймын.
Анықтама: Қиық конустың бір табанының қайсыбір нүктесінен екінші табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр қиық конустың биіктігі деп аталады.
Егер Қиық конустың бүйір бетін қайсыбір жасаушысының бойымен қған соң жазықтыққа жазсақ, онда бүйір беті толық конус жазбасының бөлігіне, яғни қиық конустың екі жасаушысымен және екі доғамен шектелген дөңгелек сектордың бөлігі шығадыОсындай фигураны қиық конустың бүйір бетінің жазбасы деп атайды.. Суретін салып түсіндіреміз
Теорема: Қиық конустың бүйір бетінің ауданы табан шеңберлері қосындысының жартысы мен жасаушысының көбейтіндісіне тең