Сабақтыңтүрі: Өздіктеріненжұмысістеу Сабақтыңәдіс-тісілдері: түсіндіру, білім беру, оқыту, оқу, практикалық



бет3/16
Дата04.04.2022
өлшемі0,71 Mb.
#29724
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
8 бағыт сабақтары

Хор: «Наурыз думан»
«Жүзік салу» әдісі бойынша Қандай ұлттық ойындарды білетінің сұрау.

«Жүзік салу» ойының ойнату

Ұлдарға «Білек сынасу» ойынын ойнату

Жеңілген оқушылар наурызға арналған өлең жырларын айтады

«Наурыз бата» берілген

Ерсултан бата береді



Уа, құдайым, оңдасын,

Жаманшылық болмасын.

Әруақ біткен жар болып,

Қызыр бабам қолдасын.

Аман сактап, төл басын,

Еккен егін солмасын.

Орта толып ырысқа,

Бейбіт өмір орнасын.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі бақи жаппасын.

Пәле-жала қазақты,

Іздесе де таппасын. Әумин!


«Абайлаңдар балалар!»
Жолда жүру ережесін білеміз бе?



Мақсаты: оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету; - жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін
түсіндіру, қызығушылығын дамыту; - жолда жүру мәдениетіне, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке,
өзара достыққа тәрбиелеу.

- Балалар, жол деген не? «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс


жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге
арналған деп екіге бөлінеді.

Тротуар деген не? Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған


жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе
жүгіруге болмайды.Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен қатар, аса қауіпті болып табылады.
Жол жиегінің бойындағы қапталдар не? Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын
бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр
француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы
бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.

Балалар! Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді «Жол белгілері» деп атаймыз.


Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?
Біз көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өтуіміз керек. Оны «Зебра» (жолақ
жол)деп атайды.Балалар, жолдағы жол белгілері не үшін керек деп ойлайсыңдар? Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі.Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.

Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:


1. ескерту белгілері басымдылық белгілері тыйым салу белгілері ақпараттық-көрсеткіш
белгілері қызмет көрсету белгілері қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар).

«Ескерту белгісі»



Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған

Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,


Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
Ескерту белгілері - жолдың қауіпті бөлігінің
жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл
жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы
үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін
айқындайтын шартты белгілер салынады.



«Тыйым салу белгісі»
Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын,
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.
Тыйым салатын белгілер.
Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады

«Нұсқау белгісі»


Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
Нұсқау белгілері – бұл топтағы белгілер
жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер
жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да
болмасын көлік түрлерінің біреуінің
нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат
береді.

«Ақпараттық көрсеткіш белгісі»


Баратын сапардың жақынын, қашығын,
Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпенен боялған төртбұрыш, шырағым.
Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға,
жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік
аялдамасы, көлік тұратын орын туралы хабарлайды.
Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде
жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты
белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс
бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе
жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м
қашықтықтан анық көрінетіндей болып
жарықтандырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет