Кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы, ғалым, ақын А.Байтұрсыновтың туғанына –140 жыл, «Қазақ әліпбиінің» жарық көргеніне – 100 жыл
Кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына бүгін 140 жыл толды. 1929 жылы 12 мамырда НКВД-ға берген түсініктемесіне қоса, өз қолымен жазған өмірбаянында толық көрсетілген. Сонда Ахаң «мен 1872 жылы 5 қыркүйекте, мешін жылы тудым» деп айтады. Соңғы уақытта анықталған Ахаңның туған жылы мен күні туралы бұл деректің шындыққа сәйкес келетіндігін Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен мұрасын зерттеушілердің бірі Рәбиға Сыздықова да айтқан еді. Сондықтан осыған дейін 1873 жылғы 28 қаңтар «Ахаңның туған күні» делініп келсе, оны Ахаңның өз қолымен жазылған өмірбаянындағы күнге ауыстыру туралы осыдан бірнеше жыл бұрын республикалық баспасөзде бірнеше мақала жариялап едік. Ел тарихындағы осындай маңызды мәселеге тиісті министрліктің осы күнге дейін немқұрайдылық танытып, жеткілікті көңіл аудармай келе жатқаны кім-кімді де таңғалдырады. Сондай-ақ жаңа заман ағартушылығына бастау болған Ахаңның «Қазақ әліпбиінің» 1912 жылы Орынбор қаласынан басылып шығып, елінің қолына тигеніне 100 жыл толмақ.
Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.
...Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді...
Тақырыбы: Рахмет пен алғыс айту
Мақсаты:
- рахмет пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;
Кіріспе сөз. Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір - бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден - бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын... Айтпақшы, РАХМЕТ!!!
Барысы:
1. «Шаттық шеңбер» қатысушылардың бәрін шеңберге шақырамыз.
2. «Амандасу»тренингі
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… арқамен.
3. «Аппликация» жаттығуы:
Бұл бөлім бойынша әр оқушы өзі таңдап алған түсінен сыйлық жасап оқушылар бір - біріне рахмет және алғыс айта отырып сыйлау.
4. Эссе жазу:
«Рахмет, Анашым! Маған өмір сыйлағаныңыз үшін, мені шексіз сүйіспеншілікке баулығаныңыз үшін!» хат жазу.
Оқушылар А4 қағазына аналарына рахмет және алғыс айта отырып хат жолдау және баланың аты - жөні айтылмай бірнешеуін оқып шығу.
5. Миға шабуыл:
Ал сіз тағы кімге, не үшін рахмет айтар едіңіз?
Оқушылар тағы кімнің рахметке лайықты екені туралы пікір алмасып талдау жасау. Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан - дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның парызың жан - жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу.
Мысалы:
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін... т. б.
Қорытындылау:
– Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір - біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
Ән: «Ұстазым»
Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс - әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым - қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым - қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді.
Проблемалық сұрақ:
«Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?
Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»
Видео ролик: «Жақсылығың қайтар өзіңе»
— Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
Тақырыбы: «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз»
Мақсаты:
-Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.;
- оқушылардың ой-өрісін дамыту, талғампаздыққа, әсемдікке баулу.
- Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрін үйренуге, құрметтеуге тәрбиелеу
Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы, мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
1-жүргізуші: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Той шашуға тойыңдар,
Бұдан кейін ойын бар.
(Шашу шашылады)
Көркемсөз.
Наурыздағы салт – дәстүрлер
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт-дәстүрлерге берсек …
Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.
Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
Наурызнама – шат – шадыман, ойын-сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп аталатын дәм дайындалып, тартылады.
Наурызша - Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
Ата – салтың – қазынам
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
1. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
3. Наурыз тілек деген не? (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)
4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
5. Наурыз бата дегеніміз не ? (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)
Ертеде «Қыдыр ата» наурыздың 21-нен 22-не қараған түні келетін күнді кімде-кім қарсы алса, соған беретін сыйының бар екені туралы әлемге жар салыпты. Сыйдан дәмелілердің барлығы күнді қарсы алуға дайындалыпты. Бұл сыйдың иегері қандай жануарлар екенін білесіздер. Қане, атап жіберейік. Теңдессіз сыйдан адамдар да құр қалғысы келмеген. Түнімен «Қыдыр атаны» тосқан екен. Сонда ұйықтап қалмас үшін, жастар «Ұйқыашар» ұйымдастырған екен. Ол туралы Зарина апасымен және Амина айтып берсін. Зарина мен апасының және Аминаның көрсетілімі. Мұғалім: Ал, ұлдар қыздарға жауап ретінде қонаққа келгенде «Селт еткізер» сыйлаған екен. Ұлдар қыздарға сыйлықтарын береді. Бұл жерде ән айтылып, өлең жырланып, ойындар ойналған екен. Ән: «Наурыз» Болатова Маржанның орындауында. «Сақина салмақ» ойынын Маржан Камзинова апасымен көрсетеді. «Тақия тастамақ» ойынын Маржан Болатова анасымен көрсетеді. Мұғалім: Түнімен дайындалған ел күнді қарсы алуға далаға шыққан, есік терезелерді ашып қойған. Бұл – Қыдыр ата үйге келіп кетсе екен, терезеден көріп кетсе екен деген тілек. КҮН: Еңлік: Самарқанның көк тасы, Ериді мен келгенде. Тоң боп қатқан топырақ, Жібиді мен келгенде. Енесіне баласын, Телиді мен келгенде. Тар көңілдер түнерген, Кеңиді мен келгенде. Ақ жүзіңді бері бұр, Тұсыңа бір келгенде. Еңлік пен Дильназ төс қағыстырып амандасуды көрсетеді. Мұғалім: Деп атқан таңды қарсы алған халық бір-бірін құттықтап, амандасып көріскен екен./ Еңлік пен Дильназ төс қағыстырып амандасуды көрсетеді./ Ата – аналар, балалар құшақтасып көріседі. Осы жерде наурыз бата берілген. Бекарыс «Наурыз батасын» береді. Мұғалім: Бұдан кейін халық мейрамды бастап кеткен екен. Мерекенің берекесі «Ас». Бұл күнгі негізгі тамақ «Наурыз көже» болған. Бұл туралы Бекарыс анасымен айтып береді /Бекенов/. Аружан әкесімен ағаш отырғызу туралы айтады. Мұғалім: - Бұл күні үйленбегендер жанұя құрып, сәбилер дүниеге келсе, шілдехана жасап, қадам басса, тұсау кесіп жатады. Соның ішінде «Саумалық» дәстүрі туралы Анель апасымен айтып береді. Анель мен апасына сөз беру. Мұғалім: Қоғамдық өмір өрістеп, Сан ғасыр зулап өтсе де, Наурыз тойын теріс деп, Айтпаған ешкім әйтсе де. Өйткені оның бойында Еңбек, бірлік, достық бар
Достарыңызбен бөлісу: |