Мектеп талаптарына байланысты балада қандай өзгешеліктер болады?
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасында негізінен баланың мінезі қалыптасады. Оның негізгі белгілері мен ерекшеліктері қаланады. Ол бала кейінгі практикалық іс - әрекетте және адамдармен қарым – қатынасына әсер етеді. Заттық практикалық іс - әрекет кезінде, айқындалатын жағымды мінез белгілері ретінде, мақсатты талпынысын, еңбекке қабілеттілігін табандылығын, жауапкершілігін, адалдығын айтса болады, ал өзара жеке қарым – қатынас сферасына жататын салаларға мысал ретінде ұласу немесе қатынасу (контактность), көңіл жықпастық (покладность), мейірімділік, берілген адалдық және орындаушылықты, атқарғыштықты келтіруге болады.
Баланың мінезінің қалыптасуы ойында, үй жұмыстары мен еңбектік өзара жеке даралық қарым – қатынасында, ал мектепте білім алуынан бастап бұл іс - әрекеттерге оқу қосылады. Аталған іс - әрекеттердің бәрінің екі аспектісі бар: заттық және өзара жеке даралық.
Сәйкес келетін іс - әрекеттің заттық мазмұны ойын іс - әрекеттегі сапалар тобын қалыптастырып бекітеді. Ал өзара жеке даралық еңбекте және оқуда байқалады. Мұндай сапалар тобы балада едәуір қиындықтар тудырады. Заттық мінездің проблемасын шартты түрде “материалдық кереғарлығы„ деп атаса болады. Бұл баланың қандай да бір іске кіріседі бірақ, оның қандай да бір себептен атқарылмайтыны кезінде пайда болады. Мысалы мектепке дейінгі бола өз қолымен: құрастырғысы келсе, сурет салуда, бірдемені жасауда (слепить) сәтсіздікке ұшырады дейік. Бірақ ол қайта – қайта іске кірісіп ақырында өз дегеніне жетеді. Бұл жағдайда балада өз мінезі бар деп айтамыз. Ал басқа, бала бір сәтсіздіктен кейін – ақ жұмысты тастай салады. Мұндайда балада мінезі қалыптаспаған деп айтамыз.
Оқытуда педагогикалық қараусыз қалған балалар кездесетін болса, ондай балалар тәрбиелеуде де кездеседі. Бұл баланың мінезіне де қатысты. Педагогикалық қараусыз қалған балалармен қалай жұмыс істесе танымдық дамуы қараусыз қалған балалармен де солай жұмыс істеу керек, яғни өткен кейінгі даму сатысына қайта оралу, жіберген кемшіліктерді түзету және қалып кеткен есесін толтыру керек. Бұл әрине баланың мінезін дамытуда арнайы жұмыстар жүргізу мен ұйымдастыру қажеттілігін көрсетеді. Ол қарапайым іс - әрекеттің түрлерімен өзара жеке даралық қарым – қатынас кезінде жұмыс жүргізу деген сөз.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуде маңызды орын алатын іс - әрекет бұл үй жұмысына, еңбегіне баланың қатысуы. 4 – 5 жастан бастап, бала үйде ылғи да істейтін жұмыс жүктелуі тиіс және бұны норма деп қарастыру керек. Ол баланың жеке даралық дамуына зор ықпал етеді. Үй жұмысы кезінде балада мұқияттылық, жауапкершілік, еңбекқорлық және т.б. пайдалы сапалары тәрбиеленеді. Бұл тек қана ата – анасына көмектесу үшін ғана қажет емес, сонымен қатар болашақта сәтпи үйрену үшін де қажет.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар бұл тірлікті әжептеуір өздігінен дербес орындай алуы мүмкін. Тек кейде ғана ересектерден көмек сұрауына болады. Ересек адам балаға қажет көмегін көрсетіп, болған соң, оның ары қарай ойлауына, барлық қол жетерлік тәсілдердің әрекетіне өзі жетуі керек.
Осы уақытқа дейін біз мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеудегі “ересек„ іс - әрекеті туралы әңгіме еттік. Енді баланың іс - әрекетіндегі ең маңыздысы ойын туралы сөз қозғайық. Бала өз уақытының көп бөлігін оқу мен еңбекке емес, ойынға бөледі, және де іс - әрекеттің ішіндегі тәрбие процесінің дамуына зор ықпал жасайтын, басқасынан еш кем түспейтін түрі болып табылады.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларда ойын және еңбек іс - әрекет арасындағы ауысулар едәуір келісім шартты болып келеді, өйткені балада бір іс - әрекет түрі байқаусыз жайлап екінші түріне және керісінше ауысып отырады. Егер тәрбиелеуші баланың оқуында, қарым – қатынасында және еңбегінде қандай да бір жеке даралық сапаның жеткіліксіздігін аңғарса, онда ең алдымен баланың ойынын ұйымдастыруда сәйкес сапалардың пайда болуы мен қалыптасуына көңіл бөлу керек. Егер баланың оқуында, қарым – қатынасында және еңбегінде кейбір жеке даралық сапалар байқалса, онда осы сапаларды басқара отырып едәуір күрделі жағдайында жаңа сапаларды құрудың дамуын жоғарылататын ойындарды ұйымдастыруға болады.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларда едәуір дамыған рефлекстік сезімді байқауға болады, яғни баланың дұрыс бағалауы мен түсіну қабілетінің болуы мысалы өзінің сырттай қалай көрінетінін өзінің қылығын сынау, әлеуметтік нормада адамгершілік қасиетіне жататынын, жатпайтынын аңғару, сонымен қатар ұят, намыс, адалдық т.б. өнегелі жеке даралық сапаларды түсінеді және өзінде едәуір қалыптасады.
Оқу іс - әрекетті қарым – қатынасты және өзара әрекетті болжайтын болғандықтан жеке даралық әсер: баланың жеке даралығына үлкен ықпал жасайды. Олай болса, оқу іс - әрекетінде тек қана оқыту мен үйрету ғана емес, сондай – ақ нақты бір жеке даралық сапалары: қабілеті, қызығушылығы, қажеттілігі, мінез белгілері және т.б. асып бекиді.
Достарыңызбен бөлісу: |