Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет34/56
Дата12.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#42627
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
Байланысты:
ilovepdf merged

АРАЛАРЫҢЫЗДА ӘҢГІМЕ
ЖОҚ БОЛСА


ғылыми тұрғыда түсіндіргенді жақсы көремін. Орамалды
әйелдер 40 жасында қалай жас көрінеді, орамалсыз жүрген
әйел адамдар 40 жасында кішкене әжім, шашының жылтыры
қалай кеткені соның барлығын дәлел ретінде адамға бөлісемін.
Бұл маған өте жағымды. Менің әңгіме құрып отырған адамым
одан сайын менімен әңгіме өрбіте бастайды. "Жоқ, орамал
тақпай-ақ құр жабық киінуге болмайды ма?" деген сияқты
әңгімелер айтып бастайды. Егер менің әңгіме құрып отырған
адамым соншалықты ақымақ болса, ешқандай білімі болмаса,
егер оған менің әңгімем қызық емес болса онда мен онымен
мүлдем сөйлескім келмейді. 
Бір сөзді 1045 рет қайталайтын, интонацияны дұрыс
жеткізбейтін немесе білмесе де білетін түр жасайтын
адамдармен әңгімелескім келмейді. Олар талпынса да мен
жақтан ештеңе шықпайды.
Дәл сондай жағдай сіздің жігітіңізбен болып жатқан жоқ па?
Соны анықтаңыз. Егер сіз іш пыстырарлық адам болсаңыз,
жігітіңіз сізді ренжітіп алмау үшін немесе сізбен ұрсысып
қалмау үшін сізге азырақ хабарласуы мүмкін немесе ешқандай
әңгіме айта алмауларыңыз мүмкін.
Араларыңызда аздап қызықты әңгімелер болуы үшін не істеу
керек? 
Біріншіден, күнделікті ақпараттық порталдарды оқыңыз.
Жігітіңіз неге қызығады, мүмкін көлікке, спортқа, киноға,
музыкаға қызығатын шығар, сондай ақпараттық тақырыптарда
жаңалық іздейсіз. Ютубқа кіресіз, гуглға жазасыз. Мен мысалы,
күніне 2-3 жаңалықты оқып, кешке сол жайлы күйеуіммен
талқылағанды жақсы көремін.
Екіншіден, бір өзіңізге ұнайтын кітапты оқып бастайсыз.
Мүмкін ғылыми, әдеби, экономика, психология, егер үнемі
қазақша сөйлесетін болсаңыздар қазақ тілінде кітаптар
оқыңыз. Осы кітаптардың күніне 15-20 бетін оқисыз және
жаныңыздағы сізді тыңдағысы келетін, сізді тыңдағанды
ұнататын адамға қысқаша айтып бересіз. 
Некеге дейін... 
109


Тіл байлығының аздығынан да әңгімеге қызығушылық болмауы
мүмкін. Көп нәрсені білесің, керемет әңгіме айтқың келеді,
бірақ тіліңмен айтатын кезде екі сөздің басын құрай алмайсыз,
сол үшін сізді ешкім тыңдағысы келмеуі мүмкін. Не істеу
керек? Тіл байлығымызды дамыту керек. Ең басты керегі ол
кітап оқу, кітапты бір рет қана оқымай екі реттен оқу. Бір бетін
бір рет тез-тез оқып шықтыңыз. Ал екінші рет оқыған кезде
сізге ұнайтын, күнделікті өмірде қолдануға болатын сөздердің
астын сызып оқисыз. 
Мен университетке түспей тұрып, менде күшті жасайтын іс
болатын. Көшеде кетіп бара жатқан кезде, орыс тіліндегі
плакатқа қарайтынмын. Орысша ұзын қиын сөздерді әріптеп
оқитынмын. Себебі, жазған кезімде қате жібермеу үшін.
Айтқан кезде есімде сақтау үшін солай қайта-қайта
қайталайтынмын. Жолда кездескен кез-келген сөздерге солай
жасайтынмын. Кітаптан оқыған сөздерді де солай есте
сақтайтынмын. Мүмкін сіздерге де керек болатын шығар.
Мен тағы бір ерекшелікті айтқым келеді. Ауызекі сөйлеу стилі
бізде әр қала аймағында әртүрлі. Шымкентте "шли" деген
сөздер бар. Тағы бір жерде "тұғын, барың, отырың, берген
тұғын" деген сөздер қолданылады. Сосын Ақтөбеде "бара
қойшиш, істей қойшиш" деген сияқты диалект сөздер бар.
Бірақ ол диалект сөздер тек өз қаласына ғана жағымды және
қарапайым күнделікті сөздер болып естіледі. Бірақ жігітіңіз
басқа қаладан болса немесе сіздің әңгіме құрушы адамыңыз,
өзіңіз басқа қалаға жұмысқа тұрсаңыз сізді түсінбеуі мүмкін
және біреудің құлағына ол жағымсыз естілуі мүмкін. 
Мен мысалы мынандай сөздерді ұнатпайтынмын: 
Қай жаққа бара жатырсың? деген сөзді көбінесе "қаяқа
баратсың?" деп айтады. 
Не істеп жатырсың? деген сөзді "нестеватсың" -деп айтады. 
Қайдансың?-деген сөзді "қаяқтансың" деп айтады.
Міне осындай сөздер естуші адамның құлағына кішкене
жағымсыз естіледі. Мен үшін солай болатын. 
Некеге дейін... 
110


Егер сіздің әңгіме айтатын адамыңыз ақымақ болмаса, білімге
кішкене құштарлығы бар, айтатын сөзі біліми тұрғыдан,
мемлекеттік жаңалықтар, өзінің айналысатын хоббиіне
байланысты болса, ол екі жаққа да өте жақсы болады.
Өмірлеріңізде мынандай жағдай болды ма? Адаммен 5-10 минут
қана сөйлесесің, бірақ күні бойы сол әңгіме туралы ойланып,
оның саған айтқан сөзін, сен оған айтқан ақылды сөзіңді
ойлайсың да, сол адамға ұқсағың келіп, сол сияқты болғың
келеді. Сондай нәрсе болады ма? Менде үнемі болады. Ақылды,
білімді адамдармен әңгімелессем менде одан сайын әңгімелесуге
шабытым ашылады. Күйеуіммен көбінесе жаңалықтармен
бөлісіп отырамыз. Меніңше, сол үшін арамызда іш пысу жоқ.
Күніне 10-15 рет маған хабарласады, үйге келген соң тағы 2-3
сағат әңгімелесеміз. Бірақ әңгімеміз бітпейді. Не үшін? Себебі,
адамның миы ақпаратқа толы. Екеуіміздікі де толы. Бірақ ол
көбінесе машина, бокс туралы қарайды. Соның өзінде менің
әңгімемді жалғастырып алып кетеді. Маған ол ұнайды. 
Менде іш пыстырарлық, әңгімесі маған мүлдем ұнамайтын,
қалжыңдай алмайтын, менің талғамымдағыдай әңгімелесушілер
өте көп болды. Алдыңғы тақырыптардағы айтқан идеалды
жігіттің бір минусы ол-сауатсыздық болды. Біраз нәрсені оқитын
сияқты, бірақ ойын тиянақты жеткізе алмайтын. Мен
білгеніммен бөлісейін десем, әрі қарай алып кетіп, күштілеп
әңгімеге кіргізе алмайтын. Сол үшін маған өте іш пыстырарлық
болды. 
Ол 
маған 
хабарласпайтын. 
Мен 
де 
оған
хабарласпайтынмын. Көбінесе хабарлама немесе кездесу ғана
болатын. Не үшін деп ойлайсыздар? Себебі, айтатын сөз жоқ,
әңгіме жоқ. Ол әңгімелесе алмайтын. Сондықтан барлығын
өздеріңізден көре бермеңіз, мүмкін бар мәселе жігітіңізден
шығар. Әңгіме кез-келген адаммен күшті болады.
Некеге дейін... 
111


Құрбыңызбен кездескенде біраз әңгіме айтып отырасыздар ма?
Бітпейтін тақырыптар болады ма? Соны ойлаңыз. Егер сіз іш
пыстырарлық адам болсаңыз, сіздің таныстарыңыз аз,
достарыңыз аз, бір жиынға баратын болсаңыз ешкім сізбен
әңгімелеспейді немесе сіз бір әңгімені бастағыңыз келсе, үнемі
сөзіңізді бөліп тастайды, басқа тақырып айтып кетеді, бір сөзбен
айтқанда сізді тыңдамайды. Сіз әңгіме құмарсыз ба, ойыңызды
дұрыс жеткізе аласыз ба, тіліңіз бай ма? Соның барлығын
осындай белгілерден көруге болады. 
Ал жігітіңізбен әңгіме болуы үшін алдын-ала жоспар құруға
болады. Егер күніне 2-3 рет сөйлессеңіз немесе сағат сайын
сөйлессеңіз, ал кездескен кезде бір-біріңізге жай ғана қарап
отырмас үшін алдын-ала ойластырыңыз. Қағазға немесе
телефонға жазып алсаңыз болады. Сіз қазір оған не айтасыз?
Қандай тақырыпты қозғайсыз? Мүмкін ауқымды мәселе шығар,
мүмкін өзіңіздің көзқарасыңыз шығар, мүмкін бір тақырыпты
талдайтын шығарсыздар. Міне соның бәрін алдын-ала
ойластырып алыңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет