Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет6/56
Дата12.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#42627
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
ilovepdf merged

1-Тапсырма: сізге кез-келген қызмет көрсететін, әсіресе
автобуста жаныңызда отырған адамдармен танысу. Сіздің
мақсатыңыз - сұрақ қою арқылы немесе өзіңіз жайлы айтып
беру арқылы әңгіме құрушы адамның атын білу, оның қай
жерде тұратынын немесе оның өмірі туралы бір фактті білу.
Қарапайым мысал келтіретін болсам, маникюрға барған кезде
алдымен «Қандай түспен бояймыз? Қалай ойлайсыз, қараға
бояйын ба немесе аққа бояйын ба?» деп жұмысына байланысты
cұраймын. Себебі, ол міндетті түрде жауап беруі керек. Ары
қарай онымен сөйлесе отырып, өзім туралы айта бастаймын.
«Аз уақыт бұрын осы жаққа көшіп келгенмін. Осы жерге, бұл
салонға бірінші рет келіп тұрмын. Егер маған жұмысыңыз
ұнаса, тұрақты клиентіңіз болатын шығармын. Сіз осы жерде
жұмыс істеп жатқаныңызға көп болды ма?» деп сұрақ қоямын.
Бұл адам туралы факт білудің бірінші сұрағы. «Айтпақшы,
менің атым-Сабира» Ол да өз атын айтады. «Номеріңізді алып
қояйын, келесі жолы маникюрға келетін болсам, сізге
хабарласуым мүмкін» деп номерін білесіз. Осылай кете береді.
Жігіттермен де танысқыңыз келсе дәл осылай шешуге
болады. Кафеге барсам да, дүкенге барсам да мен сол жердегі
адамдармен міндетті түрде танысып, әңгімелесіп кетемін. Мен
үшін ол әдетке айналып кеткен. Мені танымайтын жаңа
адамды көрсем, өзімен-өзі бір сұрақтар пайда болады.
Некеге дейін... 
14
Қандай танысу варианттары бар?


Көшеде, кафеде, машинада болсын кітап оқып жатқан
адаммен міндетті түрде сөйлесіп кету керек. Сұрақ қою
арқылы. «Мына кітапты көптен бері оқығым келіп жүр еді,
қалай сізге ұнап жатыр ма?» деп бір сұрақты қойсаңыз болады.
Магазинде, супермаркетте кезекте тұрсаңыз, сол жерде тұрған
жігітпен сөйлесіп кетсеңіз болады. Әңгіме емес, жай сұрақ қою
арқылы. «Кішкене жылжисыз ба, өтініш, менің сумкам өтпей
жатыр» десеңіз болады. Немесе «өтініш, ана жерде тұрған
шоколадты алып бере салыңызшы. Қолым жетпей жатыр» деп
айту. Жоғарғы жақта тұрған сокқа қолыңыз жетпей жатса
«Азамат, кешіріңізші, сізден өтініш сұрайын деп едім, бойым
жетпей жатыр, алып беріп жібересіз бе? Ой рахмет, қандай
Өзіммен өзім сол адаммен байланысып кетемін. 
Егер сізге жаңа адаммен танысу қиын болып жатса,
комплиментпен бастау керек. Мысалы, қызға көйлегі туралы,
шаш үлгісі туралы комплимент айту. Комплимент айту өте
маңызды нәрсе. Себебі, комплимент адамның көңіл-күйін
көтереді. Көңіл-күйі көтерілген адам сізбен әрі қарай
байланысқысы, танысқысы, араласқысы келетін болады. Кез-
келген адамға өзі туралы жақсы әңгіме естіген ұнайды. Егер
жігітпен танысқыңыз келсе, дәл солай комплимент айтуыңызға
болады. Таксиге отырсаңыз машинасы, музыкасының күшті
екенін айтуға болады. Машинаның маркасын сұрауға болады.
Көбінесе бірінші қадамнан кейін жігіт егер әйелі немесе қызы
болмаса ары қарай өзі жалғастырып кетеді. Егер сізбен
ешқандай контактқа түскісі келмесе, уайымдаудың қажеті жоқ,
басы бос емес адам болуы мүмкін. Танысу сіздерге қиын болса,
жай ғана жаңа адамдардың аттарын біліп үйреніңіз. Бүгін
кафеге барасыз тапсырыс қабылдап жатқан кезде «Кешіріңіз,
атыңыз кім?» деп сұрайсыз. Себебі сізге даяшының атын білу
керек. Самат дейді. «Өте қуаныштымын, менің есімім-Сабира.
Самат, мына кафеде мен бірінші ретпін. Қандай нәрсені маған
ұсына аласыз, кеңес бере аласыз? Мен сорпа ішкім келіп тұр.
Қайсысы дәмді?» Жалпы айтқанда, жұмысы жайлы сұрап
бастайсыз, бірақ, ең бастысы әңгімені атыңыз кім деп сұраудан
бастаңыз.
Некеге дейін... 
15




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет