Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет35/56
Дата27.01.2023
өлшемі2,08 Mb.
#63182
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56
Байланысты:
ilovepdf merged

Тапсырма:
Күнделікті:
1. Nur.kz, zakon.kz, информбюро, tengri news сияқты сайттардан
жаңалықтар қарап, сонымен бөлісесіз (жақын, әңгіме айта алатын
адамдармен).
2. Жігітіңіз қызығатын дүние жайлы оқисыз, жігітіңізбен
бөлісесіз.
3. Кітап бастап, күніне 15 бет оқисыз (досыңызга айтып бересіз). 
4. Әр сөзіңізді ойланып, грамотно жазасыз және айтасыз. Әр
әріпіне мұқият боласыз. 
5. Алдын-ала айтатын әңгімеңізді жоспарлап қоясыз
Некеге дейін... 
112


Бұл тақырып ер адамның қызын, болашақ әйелін тексеруі жайлы
болады. Көбіміз білеміз, ер адамдар әйел адамның құштарлығына
қатты қызығады, қараған кезде дене бітіміне қызығады
(сексуальность). Меніңше, егер жігіт "мен дене бітіміне, түріне
қарамаймын, ақылына, біліміне қараймын" деп айтса, ол өтірік
нәрсе. Себебі, біз де жігіттің түріне қараймыз және ер адамдар да
міндетті түрде әйелдің түріне қарайды. Оның білімі, ақылдылығы
2-3 кездесуде сыртқа шығады. 
Егер әйел адамның сұлулығы жігітке тым ұнайтын болса, ол
бірінші сізді арзандығыңызға тексереді. Ол не дегеніміз? Ол не
төсек қатынасы, не бірден бірінші кездесуде қол ұстасу, бірінші
кездесуде құшақтау, бірінші кездесуде сүйісу, бірінші кездесуде
төсек қатынасына шақыру. Оның барлығы ер адамның
тексерісінен басталады. Егер бірінші кездесуде сіз бірден
құшақтауына, қол ұстауына рұқсат берсеңіз, түнде 23:00-00:00-
де шақырғанда шыға салсаңыз немесе машинада екеуіңіздің
отыра тұруыңызға келіссеңіз, тексерістен өтпей қалуыңыз
мүмкін. Ер адам сіз туралы ойын бірден өзгертеді. Ол ойын
өзгерткенімен, сізбен әрі қарай кездесуі мүмкін. Бірақ нақты
қарым-қатынас құрамын деген мақсатта емес. Не үшін? Себебі,
ер адамдар психологиялық тұрғыда анализ жасайды. Егер сіз
бірінші кездесуде оған осындай нәрсеге рұқсат берсеңіз, бірінші
кездесуде араларыңызда жақындық болса немесе түнде жеке
қалуға шыға берсеңіз, демек, ол сіздің алдыңызда солай өтіп
жатқан бірінші және соңғы жігіт емес. Яғни оның орнында басқа
біреу болса да, сіз солай келісер едіңіз деген сияқты автоматты
түрде ой пайда болады. Ол сізбен әрі қарай араласуы мүмкін.
Бірақ оның ойында сіздің бағаңыз 2-3 есе түсіп кетеді. Одан
кейін сіздің көзіңізше ұятсыз қалжыңдарды айтуы мүмкін.
Себебі, сіздің көзіңізше ұялатындай, қысылатындай немесе сіздің
көзіңізше өз құнын жоғалтып алуға қорқатындай күйде
болмайды. Оның алдында сіздің бағаңыз керемет жоғары емес.
Некеге дейін... 
113


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет