Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет40/56
Дата27.01.2023
өлшемі2,08 Mb.
#63182
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56
Байланысты:
ilovepdf merged

КОМПЛИМЕНТ


Егер сіздің жігітіңіз манипулятор болса, былай деп қорқытуы
мүмкін: 
•Егер мені тыңдамасаң, онда айырылысайық.
•Егер ол жерге баратын болсаң, онда қоя салайық. 
•Егер мына нәрсені істемейтін болсаң, онда мен саған
хабарласпаймын. 
Міне, осы сияқты манипуляциялары бар. 
Енді сіз не істеу керексіз? 
Егер ең алғашқы манипуляциядан кейін өзіңізді тыңдайтын адам
ретінде көрсетсеңіз, яғни “жарайды, жарайды, мен сені
тыңдаймын, бастысы ешқайда кетпе, жарайды, мен сенің
айтқаныңды орындаймын, бастысы манипуляцияңды жасама”
дейтін болсаңыз, онда жігіт әрқашан, кез-келген жағдайда осы
манипуляцияны қолданатын болады. Кез-келген іс-әрекетті
осылай істеткісі келетін болады. 
Еркелегіңіз келсе "Сен басыма шығып кеттің, есіріп кеттің",- деп
тиісе бастайды. Хабарласпай кетсеңіз "Өзінше болып кетіпсің,
өзінше болсаң, менде сондай боламын",- деп манипуляция
жасайды. Ал сіз көнетініңізді көрсетпеңіз. Егер: -Достарыңмен
баратын болсаң, онда осы жерден доғарайық,- деп айтатын болса,
сіз не деп жауап бересіз? 
-Жаным, егер біздің осыншама уақыттағы жылы жақсы қарым-
қатынасымызды менің бір қыдырғаным үшін ғана бәрін
тоқтатқың келетін болса, жарайды, сенің айтқаныңдай болсын,-
деп айтыңыз. -Қазір менің қыдырғаным үшін мені осылай
қорқытып жатырсың. Егер ертең саған тұрмысқа шығатын
болсам, мен қалауымды істей алмай қалатын боламын. Демек, сен
маған одан да артығын көрсетесің, одан да артығымен
қорқытатын боласың.
Некеге дейін... 
126
ЖІГІТІҢІЗ ҚОРҚЫТА БЕРСЕ,
НЕНІ БАЙҚАУ КЕРЕК?


Осылай айту керек және қалауыңызды жасайсыз. Сіздің
қыдырғыңыз келеді, бірақ ол "қыдырмай-ақ қойшы, жаным, мен
сені қызғанамын,- деп емес, "егер қыдыратын болсаң мен сені
тастап кетемін", "егер қыдыратын болсаң мен сені анаңа айтып
беремін" тағы да осы сияқты сөздерді айтып манипуляция
жасайтын болса, "жарайды" деп жауап беру керек. Жігіт қалай
сіздің манипуляцияға көнбейтініңізді көреді, екінші рет олай
істемейтін болады. Екінші рет сізді қорқытпайды. 
Дәл осы манипуляцияны менің күйеуім жасайтын. Бір күні
базарға барғанбыз. Базарда маған “Болшы тез-тез кеттік, не
тезірек сатып ал, не үйге қайтамыз",- дейді. Үнемі сол сөзді
қайталай береді. Ал мен болсам қазір кетіп қаламыз-ау деп
уайымдағаннан, соның манипуляциясынан қорқып, заттарды тез
алуға тырысатынмын. Мен бір күні шаршап: -жарайды кеттік,-
дедім. Ол таңқалып қалды. Ылғи тез-тез заттарды сатып алатын
мен, қолыма бір наннан басқа ештеңе алған жоқпын, "жарайды
кеттік" дей салдым. Неге бәрін сатып алдың ба?- деп шошып
кетті. Мен: 
-Сатып алған жоқпын, бірақ сен мені қайта-қайта қорқыта бересің
ғой, жарайды, сенің айтқанындай болсын,- дедім. Екінші рет тағы
солай істедік.
Менің туысқандарыма қонаққа баратын кезде, ол тағы да қорқыта
бастады. Бір сөзге келіспей қалдық, сосын ол: 
-Менің ашуыма тие бермеші, әйтпесе мүлдем ешқайда бармай
қоямын,- деп мені қорқытты. Бұл да манипуляция. Мен:
-Жарайды, барғың келмесе бармай-ақ қояйық, Эльдар барғысы
келмеді деп айтамын,- дедім. 
Осыдан кейін ол ешқашан манипуляцияны қолданған жоқ. Сіздің
де жігітіңіз солай істейтін болса, жарайды деп келісуге
тырысыңыз. Бір рет келісіңіз, екі рет келісіңіз, үш рет келісіңіз.
Ол сосын сізге манипуляцияның өтпейтінін түсінеді.
Некеге дейін... 
127


Бұл тақырып жігітімен айырылысқысы келіп, бірақ айырылыса
алмай жүрген қыздарға арналады. Яғни жігітіңіз сізді бағаламай,
құрметтемей, қалай болса солай қарым-қатынас құрып жүрсе, сіз
онымен әлі де айырылысып кетпесеңіз, онда бұл тақырып дәл
сізге арналады. 
Біздің планетамызда 3,5 миллиард ер адам бар екен. Қазақстанда
18 миллион адам бар. Оның 9 миллионы ер адам. 9 миллион адам
еркек, ал біз болсақ өзімізге ұнамайтын қасиеттері бар немесе
түзегіміз келіп, одан жалынып, жалбарынып жүретін ер адаммен
әлі де біргеміз. Не үшін біз солай жасаймыз? Біз түкке тұрғысыз
жігітпен қосыламыз да, ол бізді адам құрлы көрмейді. Ол бізді
бағаламайды. Ал біз оны жақсы көріп, оның мәселелерін шешуге
тырысамыз. Ол бірде жоқ болып кетіп, мәселесі пайда болса
қайтып келеді. Ал біз әйел адам соған мәзбіз. Ол қиыншылық
кезде басқа қыздарға емес, тек сізге ғана келеді. Сосын біз
өзімізді ерекше сезінеміз. "Ол маған келіп қиыншылығын айтып,
ашылып жатыр, жүрегін ашып жатыр, демек мен оның өмірінде
ерекше орын алып жатырмын,- деп ойлаймыз. Жоқ олай емес.
Білесіз бе, не үшін ер адамдар көңіл-күйі де, өмірі де, қыздармен
қарым-қатынастары да керемет болып жатқан кезде сізге
келмейді, ал басына іс түскенде сізді іздеп, құшағыңызға жайыла
кетеді. Не үшін? Себебі, сіздің ыңғайлы болғандығыңызда және
ер адам өзінің самооценкасын көтеріп, өзінің біреуге керектігін
сезінуде. 
Қарым-қатынасыңыз керемет, егер жігіт жақтан сізге күшті сезім
бар болып жатса, әрине, қолдау көрсету өте жақсы нәрсе.
Ал егер жігітіңіз бірде бар, бірде жоқ, бірде көл, бірде шөл,
қиындық туғанда ғана келіп, күшті болып 1 апта жүріп, қайтадан
сол әдетіне басса, онда ер адам сол қиыншылық кезінде өзінің
біреуге керектігін сезінгісі келеді. Есіне кім бірінші түсетінін
білесіз бе? Ол үнемі қабылдай білетін, үнемі күліп қарсы алып:
Некеге дейін... 
128


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет