Сабира Нурпеисқызы


ТЫМ ЖОҒАРЫ САМООЦЕНКАНЫҢ ЗИЯНЫ



Pdf көрінісі
бет44/56
Дата27.01.2023
өлшемі2,08 Mb.
#63182
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56
Байланысты:
ilovepdf merged

ТЫМ ЖОҒАРЫ
САМООЦЕНКАНЫҢ ЗИЯНЫ


мені ұнатып қалыпты ғой деген сияқты артық дұрыс емес
ойларыңыз пайда болады. Тым жоғары самооценкасы бар әйел,
өзінен төмен деп есептейтін әйелдердің кемшіліктерін айтып
отырады. Мүмкін өсек ретінде немесе әңгіме ретінде
құрбыларына айтып отырады. Фигурасын, көзін, түрін,
жұмысын барлығын мақтанып айтып отырады. Басқа адамды
жамандаумен энергетикасы толады.
Самооценкасы қалыпты жоғары әйел
1.Барлық ер адамға сыйластықпен қарайды. Тіпті ер адамның
бетін қайтарса да сыпайы жауап береді. Ешқашан дөрекі, суық
болмайды. Яғни, онымен танысқысы келген ер адам өз амалы
үшін өкініп қалмайды. 
2.Айнаға қарағанда өте әдемі әйелді көреді. 
3.Барлык әйел затына комплимент айтуға асық болады. Өзінен
әдемірек әйелдерге тамсанып қарайды және өзін олардан кем
сезінбейді. 
4.Ондай әйел тәкаппар емес, оған қадам жасаған ер адам сұлу
болмаса да, оған мүмкіндік бере алады. Ол өзінің
мүмкіншіліктерін шектемейді. 
5.Өзінің бойында өзгертуге болатын, өзіне дәл қазір ұнамайтын
жерін өзгертуге тырысады. Жай ғана өзін кемсітіп қарап
отырмайды, оның әр қадамы өзін жақсартумен болады. 
6.Әдетте оның ер адаммен қарым-қатынасы "дұрыс бағытта".
Яғни әйел өзінің кемшіліктерін қабылдай біліп, ер адамның да
өзгерте алмайтын қасиеттерін толық қабылдай алады.
7.Самооценкасы төмен ер адамдардан алшақ жүреді.
8.Айналасында ер адамдардан "внимание" көңіл, көзқарас өте
көп болады. Себебі ол ешкімді кемсітпейді, ондай әйелмен кез-
келген жігіт бір рет болсын сөйлесіп көргісі келеді.
Некеге дейін... 
146


Самооценка жайлы жалпылама түрде айтып өткім келеді.
Самооценканың керегі не? Яғни оған не әсер етеді?
Самооценка қарым-қатынасқа қандай септігін тигізеді? Осы
жайлы талқылап көрейік.
Қарым-қатынастың үш факторын алдыңғы тақырыптарда
айтып өткен болатынмын. Оның ең біріншісі - өз-өзіңе деген
қарым-қатынас, яғни самооценка. Осы терминнің өзін
дұрыстап қарау керек. Самооценка-өзіңді бағалау, құрметтеу
деген мағынадағы сөз. Яғни менің айтып өткім келгені, әр
адамның өзінің самооценкасы бар, бірақ дәрежесі әртүрлі.
Мысалы, сізге біреу "Вечер" деген конфет берсе, сіз оған
"рахмет" деп жегіңіз келсе алып, жей саласыз. Бірақ сізге
"Merci" берсе, 80 мың теңге тұратын италияндық, әлемде екі
ғана түрі бар шоколадты беретін болса, сіз қуана-қуана аласыз
ба? Сіз ұялып кетесіз, оны ұят қой деген сипаттамамен жауып
қоя саласыз. Ол сізге ұсынып тұр ғой. "Ала ғой, жей ғой",- деп
ұсынып тұр. Бірақ сіз ол кезде: "Қойшы ұят қой, қымбат емес
па",- дейсіз. Сіздің өзіңізде ой болады: "Мен бұл шоколадты
алатын болсам, орнына бірдеңе қайтару керек, не мен оған
ақша беру керекпін, мен оған әлі көмектескен жоқпын немесе
қазір алып қойсам, ертең оған көмектесу керекпін. Миымызда
сонша сөздер, ойлар, пікірлер қалыптасып кетеді, біз өзімізге
бұл шоколадты алмауымыз керек деген сияқты ой
қалыптастырамыз. Немесе қарым-қатынаста қыз бен жігіт
жүріп жүреді ғой, әлі үйленген жоқ. Жас қыздарға көбінесе
айтамын. Егер жігіт бір ерлік қадамға барамын десе, ешқашан
жолын кеспеу керек. Жоқ деп айтпау керек.
Менің бір жақын құрбым бар. Жігіті сондай романтик, аузын
аштыртпайды, кез-келген нәрсені алып береді. Бірақ ол қыз
соның барлығын қабылдауға ұялады.
Некеге дейін... 
147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет