Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет56/56
Дата27.01.2023
өлшемі2,08 Mb.
#63182
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
ilovepdf merged

ЕР АДАМДЫ 90 КҮНДЕ
ЖАУЛАП АЛУДЫҢ
ТЕХНИКАСЫ


ақылсынып, кеңес беруге тырыспаңыз. Мүмкін сіз онымен
күнделікті әңгімелесіп жүрген шығарсыз, бірақ мен ер адам
үшін өте маңызды тақырыпты айтамын. Бұл жұмыстағы
қиындықтар, жаман естеліктер немесе оның бизнесі туралы
әңгіме болуы мүмкін. Ол бірнеше сағат тоқтамай, ішіндегімен
бөлісіп ашылуы мүмкін. Сіздің міндетіңіз - осы уақытта
алаңдамай көңіл бөлу. Иә, ер адамдар да кейде ашық сөйлесіп,
ішіндегін шығара алады, ал оны тыңдай алатын әйел жігітке
ерекше әсер қалдырады. Егер сіз оның әңгімесі 3 сағат созылса
да, қызығушылықпен тыңдай алсаңыз, маған сеніңіз, бәлкім, сіз
оның өміріндегі алғашқы жалықпай тыңдап отырған әйел
боларсыз. Ол мұны өмірінің соңына дейін есінде сақтайды
және сізбен тағы да сондай керемет қарым-қатынас жасай
алатын сәтті асыға күтеді. Бұл 1: 0 есебімен сіздің пайдаңызға
айналады!
2. Ер адам сіздің ашуланатыныңызға морально дайын болған
кезде ашуланбаңыз. Яғни, бұл қандай да қателік жасап қойса
(кездесуге немесе үйге кешігіп, сіз үшін маңызды күнді
ұмытып, сіздің қасыңызда басқа әйелмен сөйлесіп) сізден
стандартты әйелдік мінез-құлықты күте алады: көз жасын төгу,
айқайлау, ыдыс-аяқтарды ұру, заттар жинап, кетіп қалу,
ұрсысу. Бірақ, сіз оны таңқалдырып, жоғарылағы әрекеттердің
бірін де жасамаңыз! Ол шокта болады(он в шоке будет).
Себебі, сіз ондай ештеңе жасамайсыз. Сіз оған жай ғана
сабырмен оның сізге жағымсыз екенін түсіндіріп бересіз. Бірақ
сіз жылауға және ренжуге ниет білдірмейсіз, өйткені сіз оны
барлық кемшіліктермен толығымен қабылдайсыз. Ол сізден
мұндай реакцияны күтпейді! Сондықтан сіздің мінез-
құлқыңыз ер адамға жағымды тосын сыйға айналады, оны ол
міндетті түрде бағалайды. Ал келесі жолы ол мұндай жаман
істер жасамауға тырысады. Сізде тағы бір балл бар.
3. Дәмді тамақтандырыңыз. Сіз әрине, оған үнемі тамақ жасап
бересіз, бірақ осы 3 айда кем дегенде бір рет оған ерекше,
таңқалдырарлық тағам дайындаңыз. Өз қолыңызбен. 
Некеге дейін... 
188


Махаббатпен. Ең дұрысы, тәтті тағам дайындап беріңіз,
өйткені десерт - адамның көңіл-күйін көтереді, оны мейірімді
етеді, бұл оған да, сізге де пайдалы болады. Бұл торт немесе
эклер, ерекше тоқаштар болуы мүмкін. Ол дүкеннен сатып
ала алмайтын нәрсе. Бұл кенеттен жасалатын тосынсый
болсын. Одан не ұнайтынын сұрамаңыз, таңқалдырыңыз. 
Сіздің ер адамыңыз өз қолымен жасаған, күтпеген дәмді
сыйлықты ұзақ уақыт есінде сақтайды. Сіздің қоржыныңызда
тағы бір балл бар.
4. Оған адам ретінде және маман ретінде тәнті болғаныңызды
көрсетіңіз. Ер адам сізге өзінің жетістіктері туралы немесе
жұмысының нәтижесін көрсететін сәтте шын жүректен
таңданыңыз! Таң қалуыңыз 5-10 минутқа созылса тіпті
керемет. Толқыныстан, қуаныштан, таңданудан көзіңізден жас
шығарып жіберсеңізде артық етпейді. Сол күн бойы 20-30
минут сайын бірнеше рет оның таланты мен жетістігіне
таңданғаныңызды білдіріп отырыңыз. Бұл уақытта жігіт
қысылып "Жай жасай салғанмын, бұны барлығы да жасай
алады" деп ұяла түседі.
5. Төсекте не ұнайтынын және не ұнатпайтыныңызды өз
еркегіңізге айтыңыз. Егер сізде жақын интимді қарым-қатынас
болса немесе олар енді басталса, ер адамға жыныстық
қатынаста не ұнайтынын айтуды ұмытпаңыз. Олар әйелден не
ұнататынын сұраудан қорқады. Епсіз, тәжірибесіз болып
көрінуден қорқады. Бірақ егер сіз өзіңіз жыныстық қатынасқа
түсер алдында айтсаңыз, ол сізге өмірінің соңына дейін
ризашылық білдіреді! Дұрыс емес нәрсе істеп жатырмын деп
ойламайтын болады. Оның еркек ретінде өзін-өзі бағалауы
жоғарылайды.
6. Қызығушылықтарыңызды көрсетіңіз және айтыңыз. Бұл
амалды айына 2-3 рет, басқаларымен қатар жасаған жөн. 
Өйткені, ер адам үшін бірдеңе туралы құштарлықпен айтатын
әйелден артық тартымды ештеңе жоқ. Сіз жаңа көйлек тіктіңіз
бе? Мұны өз еркегіңізге көрсетіңіз және эмоциямен қалай
тырысқаныңызды, 
барлығын 
қаншалықты 
мұқият
жасағаныңызды айтуды ұмытпаңыз. 
Некеге дейін... 
189


Сіз жаңа сурет салдыңыз ба? Сіз қызықты кітап оқыдыңыз ба?
Аспаздық шедевр дайындадыңыз ба немесе жылдың мәмілесін
жаптыңыз ба? Бұл туралы ер адамға жеке-жеке айтуды
ұмытпаңыз (хатта немесе телефон арқылы емес) және қуаныш,
бақыт эмоцияларымен.
Ал ер адам сіздің айтқаныңыздан бір сөз түсінбесін, бірақ ол
келетін энергияны сезінеді. Ол сізден сергектік зарядын алады
және ол сізді өз жетістіктерімен таң қалдырғысы келеді! Сіздің
дәл осы эмоцияңызды көру үшін таң қалдыруға тырысатын
болады. Нәтижесінде сіз оның музасына айналасыз, бұл оны
ерліктерге итермелейді. 
7. Сіз оның өмірлік мақсаттарына пайдалы бола
алатындығыңызды 
және 
бұл 
мақсаттар 
сізді 
де
қызықтыратынын көрсетіңіз. Оның тауға шыққанды
ұнататынын естідіңіз бе? Сіз де қызығатыныңызды білдіріңіз. 
Сіздің ер азаматыңыз құрылыспен айналысатынын білдіңіз бе?
Оған үй салуға дайын достарыңыз бар екенін айтыңыз. Ол
сізбен бизнес құру жоспарларымен бөлісті ме? Сіз де дәл осы
бизнеске идеяларыңызды қосыңыз. Ерлер практиктер. Олар
тек әдемі, талантты, көңілді ғана емес, сонымен бірге өзінің
өмірлік мақсаттарын онымен бөлісе алатын әйелді кездестірген
болса, онда оны мұндай қадір-қасиетке ие емес басқа әйелге
айырбастауы екіталай.
8. Сіз оны толықтай қабылдайтындығыңызды көрсетіңіз,
кемшіліктерді қабылдаңыз және оны түзетуге тырыспаңыз. 
Егер сіздің ер адам түнде қорылдаса, құлақшын сатып алып,
қасында ұйықтаңыз. Егер ол достарымен сыра ішуді ұнатса,
осы күндері достарымен бірге кафеге барыңыз. Ер адам
әрқашан жақсы әзілдей бермейді, әсіресе бейтаныс
адамдардың алдында? Қалай болғанда да, әзілдері өтпей қалса
да, оның әзілдеріне күліңіз. Өзін еш өзгертпестен қабылдайтын
әйелдерді ер адамдар алтыннан да жоғары бағалайды. 
Некеге дейін... 
190


9. Оның пікірі мен шешімі әрқашан басты орында болатынын
көрсетіңіз, әрине, егер оның өміріне қатысты шешім болса.
Сонымен бірге, ер адамға өз өміріңізге қатысты шешімдерді
өзіңіз қабылдайтындығыңызды түсіндіріңіз. Сіздің ер
азаматыңыз жұмысын немесе кәсібін өзгерткісі келе ме? Оны
қолдаңыз, ол ақымақтық немесе қаржылық жағынан тиімсіз
деп айтпаңыз. Ол жеке өсу тренингіне барғысы келе ме? 
Барлық мәліметтерді мұқият және сүйсініп тыңдаңыз (ақыры,
кез-келген адам дамығысы келмейді және бұл теледидар
алдында шорты киіп, сыра ішкеннен гөрі 1000 есе жақсы,
келісесіз бе?). Ол сізге құрбылармен отырыстан үйге қайт дей
ме, еш дауласпай келісіңіз. Сіздің ер азаматыңыз тілін
алғаныңызға қаншалықты қуанышты әрі көңілді болатынын
өзіңіз көресіз. Сіздің мақсатыңыз - жағымды эмоцияны
тудыру.
10. Одан көмек сұраңыз. Мүмкін сіз бұл мәселені күн сайын
қайталайтын шығарсыз, бірақ мен қазір сіз үшін өте маңызды
көмек туралы айтып отырмын. Көмегін алғаннан кейін, іштей
қуанышпен, ризашылықпен «Рахмет, қымбаттым! Сіз
болмасаңыз, мен оны ешқашан жасамас едім!», - деңіз. Бұдан
кейін ер азамат сізге өте керек адам екенін сезінеді.
11. Оның достары мен отбасына әрдайым жақсы көзқараста
болыңыз. Егер сіздің ер адам сізді өзінің достарымен немесе
ата-анасымен таныстыруға шешім қабылдаса, оларға ұнауға
тырысыңыз! Жақсы, мейірімді, көңілді және ілтипатты
болыңыз. Себебі достармен және ата-аналармен кездесу - бұл
сынақтың бір түрі. Олар бұл жағдайда сізді тексереді. Егер
сіздің жақын досыңыздың бірі де, анаңыз да сізге ұнамаса, ол
сізді әйел ретінде таңдайтын мүмкіндігі мүлдем азаяды. Сіз
оның отбасын да, достарын да сол күйінде қабылдауыңыз
керек. Оларды қандай-да бір түрде сынамаңыз. Сіздің ер
азаматыңыз бен оның отбасы мен достарының арасында
ешқашан араласпайтындығыңызды білдіріңіз.
Некеге дейін... 
191


12. Сіз оның бостандығын шектемейтіндігіңізді көрсетіңіз. Ер
адамға оны 24 сағат бойы байлап, бақылап отырмайтыныңызды
түсіндіріңіз. Сіз оның жеке кеңістігін бағалайтындығыңызды
және құрметтейтіндігіңізді көрсетіңіз. Егер ер адам сізді
ұнатса, сонымен бірге сіз оны өзіңізге байлауға тырыспасаңыз,
ер адам сізге қайта-қайта оралады. 
Міне, еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынастың
психологиясы осындай. 
Қорытынды:
1. Сіз әйелсіз! Сізге ер адамға белсенді түрде қол жеткізудің
қажеті жоқ. Ешқашан! Тек қызықтыру үшін, оны
қызықтырып, жақсы жағынан қоздыру керек, сонда ол өзі сізге
қол жеткізе бастайды.
2. Барлық ұсыныстарды қарапайым түрде орындаңыз. Ер
адамның көңіл-күйін сезінуге тырысыңыз және осы көңіл-
күйге бейімделіңіз, әйтпесе ешқандай әсер болмайды.
3. Барлық іс-әрекеттер тұрақты болуы керек, бірақ күнделікті
емес, әйтпесе ер адам зерігеді немесе ол оған үйренеді, бұл
одан да жаман. Идеал аралық - 7-14 күнде бір рет. 
4. Ер адамның қолыңызға түскенін сезсеңіз, бұл сізге
демалуға болатындығын білдірмейді. Еркектің бойына
жағымды эмоциялардың өсуін тудыратын, өзіңізге деген
қызығушылығын үнемі сақтай отырып, босаңсымайтын жаңа
әдістер ойлап табыңыз. 
Сондай-ақ есіңізде болсын: егер бұл амалдардан ештеңе
шықпаса, бұл СІЗДІҢ ер адам емес! Бұл жай ғана тағдыр
емес. Мен сізге осы 90 күнде болатын қазынаны бағалай
алатын басқа, қолайлы адамды іздеуді ұсынамын.
Мен сіздің жетістікке жететініңізге сенімдімін! 
Некеге дейін... 
192


Кітаптың соңына да келіп қалдыңыз, енді «қандай жігітті
таңдаймын? Қандай адаммен бақытты боламын?» деген
сұрақтар сізді мазаламайтын шығар.
Тұрмысқа шығу оңай, той жасау оңай, бірақ үй болу қиын.
Тұрмысқа шықпай тұрып өзіңіздің принциптеріңізді ұмытқан
болсаңыз, тұрмысқа шыққаннан кейін сізді барлығы таптап
тастайды. Бұл сіздің мәңгілік есте сақтайтын ұраныңыз болу
керек. Бізді кішкентайымыздан «отбасының бақыты-әйелдің
қолында» деп үйретеді, бірақ мен сіздерге бұл сөзді тұрмысқа
дейін айтпаймын. Дәл қазір «мен оны бақытты қылуым керек»
деп емес, «Бұл адам мені ертең жылатпай, құлатпай бақытты
ете алады ма?» деп ойдлауыңыз керек. Әйелдің статусына
қарай ер адам өзін соған тең ұстайды. Сондықтан соңына дейін
оқып шыққан кітаптың әр бөлімін, әр сөйлемін есте сақтап,
әрқашан қолданып жүріңіз. Мен сізге сенемін, сіздің
таңдауыңыз- сіздің болашағыңыз. Және соңғы сөйлемімді сізге
ерекше махаббатпен, ілтипатпен аяқтағым келеді. Егер өзіңізге
жақсы жігіт кездескенін қаласаңыз, егер тұрмысқа сәтті
шыққыңыз келсе, онда өзіңіз сол криетрияға сай болуға
тырысыңыз. Себебі Аллаһ Тағала Әділетті. Сіздің
қалағаныңыз, іздегеніңіз болмайды, сізге лайықтысы ғана
болады, осыны ұмытпаңыз.
Сізге тек жақсылық тілеуші құрбыңыз- Сабира.

жүктеу/скачать 2,08 Mb.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет