Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет7/56
Дата27.01.2023
өлшемі2,08 Mb.
#63182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56
Байланысты:
ilovepdf merged

2- тапсырма: Егер фитнеске, бассейнге, спорт залға барып
жүрсеңіз, міндетті түрде сол күні үш адаммен әңгіме айтып
шығу керексіз. Үш әртүрлі адаммен. Ол сіздің тренеріңіз
немесе сізбен бірге бір топта барып жүрген адам болуы
мүмкін. Үшеуімен де үш түрлі әңгіме айтылуы керек.
3-тапсырма: Комплимент айту. Бір күнде үш әртүрлі
танымайтын адамға комплимент айтуыңыз керек. Киім, аяқ
киім, очки, бас киім. Егер аяқ киімі кір болса немесе киімі
жыртылып қалса ондай комплимент айтудың керегі жоқ.
Себебі, кемсіткен сияқты көрініп қалады.
4-тапсырма: Күнделікті аяқ астынан бір жақсы амал, іс-
әрекет жасау. Мысалы, дүкенге кіріп бара жатсаңыз,
алдыңыздағы адамға есікті ашып беріңіз. Егер машинаны айдап
бара жатсаңыз, алдыңыздағы адамға жол беріп, күлімсіреп
өткізіңіз. Бір қария кісінің жолдан өтуіне көмектесіңіз. Кафеде,
машинада, таксиде, автобуста отырсаңыз, жеп отырған
қолыңыздағы банан, конфет, печенье болса міндетті түрде
бөлісіңіз. Баланы көріп қалсаңыз «міне саған конфет, дәмін
көрші», жаныңызда әже отырса «бөлісіп жейін деп едім, жалғыз
жей алмаймын көп адам отырған кезде» деп айту. Әңгімені
бастаудың бір жолы қолыңыздағы бар затпен бөлісу. Мүлдем
таныса алмайтын, бірінші қадам жасай алмайтын адамдарға
арналады. Бұл не нәрсеге көмектеседі? Біріншіден,
сенімділігіңізді арттырады, екіншіден, көңіл-күйіңізді көтереді.
Үшіншіден, аяқ астынан адамдармен танысуға көмектеседі.
Осыған дейін қысылып, қымтырылып жүрсеңіз, 4-5 менің
тапсырмамды күнделікті орындағаннан кейін, сізге әлдеқайда
жеңіл болады. Не үшін? Себебі мен мұның барлығын
күнделікті жасаймын. Мен үшін бұл әдет болып қалған
нәрселер. Егер бұл әрекеттер сізге өте-өте қиын болса, сізге
керекті нәрсені сұрау арқылы бастаңыз. Танымайтын адамның
жанында «Кешіріңіз, сағат қанша екенін айтасыз ба?»,
«Кешіріңіз, мынау қай көше? Маған мына адреске бару керек
еді, айтып жібере аласыз ба?» Немесе бір кафені сұрайсыз.
«Осы көшеде “Самурай” деген суши-кафе бар еді. Мен таба
жақсы ер адамның бойы ұзын болса, кез-келген жерде қолың
жетпеген кезде сұрай саласың» деп ары қарай әңгімені
жалғастыруға болады.
Некеге дейін... 
16


 алмай жатырмын, қай жерде екенін көрсетесіз ба?» деп соны
сұрасаңыз болады. Танысқысы келетін адам сияқты емес, жай
ғана сізге сол ақпарат керек секілді сұраңыз. Егер жігіттерден
сұрай алмасаңыз әйел адамдардан сұрап бастаңыз. Ал барлығы
дұрыс болса онда бірден жігіттерден, жас азаматтардан сұрап
бастасаңыз болады.
Есіңізге түсіріңізші, қашан соңғы рет біреумен таныстыңыз?
Әйел, ата, апа, кішкентай бала, жігіт. Кім болса да, қашан сізде
соңғы рет жаңа таныстық болды? Бізге керегі дәл қазір іске
көшу. Дәл қазір бастау. Біз барлығын кейінге қалдырып
үйреніп қалдық. Мысалы, қазір бір жігітпен немесе бір қызбен
танысқыңыз келіп тұр. Ал оның айналасында достары көп.
Сондықтан сіз онымен сөйлеспейсіз, кейінге қалдырасыз,
жалғыз қалғанын күтесіз немесе дене бітіміңізді қалпына
келтіргіңіз келеді, бірақ дәл қазір бастай алмайсыз. Себебі,
қолыңыз бос емес, жұмыстарыңыз көп, фитнеске ақша керек,
дұрыс тамақтану қымбат т.с.с. Немесе қазір шаршап тұрсыз.
Жаңа таныстық ритуалдары сізде әдет ретінде қалыптасуы
керек. Мысалы, сіздің әлі жігітіңіз жоқ, бірақ тұрмысқа
шыққыңыз келіп тұр. Сізде мынандай әдет қалыптасады:
күнделікті жұмысқа бара жатқан кезде, міндетті түрде бір ер
адаммен танысасыз, сөйлесесіз және 15 күн өткеннен кейін, он
бесінші күні сіздің арманыңыздағы жігіт сізге сөз салатын
шығар, сізді кездесуге шақыратын шығар. Ал ол қай жігіт?
Сіздің жұмысқа бара жатқан кезде, өзіңіз бірінші қадам жасап
танысқан жігітіңіз болуы әбден мүмкін.
Некеге дейін... 
17


 Күніне 3 жаңа адаммен сөйлесіңіз. 
Жаңа таныстармен көп әңгіме - өзіңізге деген сенімділікті
арттырады.
1.
Мысалдарды айтып өттім.
Официанттар, лаш мейкер, нэйл стилист, дүкенші, мұғалім,
күзетші. Кез-келген жұмысы бар, сізге сұраққа жауап бере
алатын адамға сөйлеу керексіз. Тым болмаса есімін сұраңыз.
Егер қорқынышты өтей алсаңыз, әңгіме кемінде 5 минут болу
керек!
-Кітап оқып отырған адамға сұрақ қойыңыз;
-Сізбен очередьте тұрған адамға өтініш айтыңыз;
-Автобуста жаныңыздағы адамға сұрақ қойыңыз, уақыт
сұраңыз.
2. Күніне 3 жаңа адамға комплимент айту керексіз!
Киімі, дауысы, очки, сумка, көздері, не болса да комплимент
айтыңыз.
Жігіті барлар қыздарға, әпкелерге айтасыздар.
Жігіті жоқтар 2 әйел, 1 жігітке айтасыздар
3. Күніне аяқ асты 3 жақсылық жасаңыздар!
Асыңызбен бөлісіңіз, мысыққа тамақ беріңіз, даяшыға стол
жинауға көмектесіңіз, чаевые калдырыныз, балаға балмұздақ
алып беріңіз және т.с.с.
Бұл басқа адамдармен танысу үшін болмаса да, сіздердің
коммуникативті қабілеттеріңізді жақсартады.
Некеге дейін... 
18


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет