Саденова А. Е



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі260,46 Kb.
#7300

Саденова А.Е.  

                                                                       әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 

ЖОО дейінгі білім беру факультеті,    

                                                Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім 

                                                    беру дайындығы кафедрасының доценті. 

                                                                                                                                           

  

Сөйлеу жағдаятын тіл меңгертуде қолданудың ерекшелігі  



 

Адамдар  арасындағы  тілдік  қатынас  өмірлік,  қоғамдық  қажеттілікке 

сәйкес  қолданылу  ортасына  қарай  ерекшеленеді,  қалыптасады,  өмірдегі 

әртүрлі  тіршілік  жағдайына  байланысты  түрленеді,  сараланады.  Белгілі  бір 

жағдайлардағы  адамдар  арасындағы  қарым-қатынаста  кеңістік  пен  уақыт 

кесіндісінде  сөйлеу  әрекетінің  орны  ерекше.  Сөйлеу  әрекеті  сөйлеу 

жағдаятын қалыптастырады.  

«Жағдаят»  ұғымы  психологияда,  әдістемеде,  философияда  және 

лингвистикада  зерттелген  адамдар  әрекетінің  сипатын,  өту  барысын  т.с.с. 

анықтаушы маңызды категория. Әр ғылым саласы бұл ұғымды өз мақсатына 

қарай,  зерттеу  бағытына  қарай  әртүрлі  анықтайды.  Өйткені  «жағдаятқа» 

анықтама  беруде  мынадай  әртүрлі  көрсеткіштер  басшылыққа  алынады:            

1) айнала қоршаған заттар мен құбылыстардың қатысы арқылы анықталатын 

жағдай;  2)  сөйлеу  әрекетін  дүниеге  келтіретін  шарттар;  3)  сөйлеуші  мен 

объективті  құбылыстар  арасындағы  объективті  байланыс;  4)  шындықтың 

жиынтығы [1, 56 б].   

Сөйлеу  жағдаяты  сөйлеушінің  белгілі  білім  қоры,  тәжірибе  түрінде 

қарым-қатынас жасауға түрткі, уәж болатын шарттары арқылы айқындалады. 

Сөйлеу жағдаяты белгілі бір уақыт кесіндісіндегі өтпелі, уақытша сипатқа ие 

болады.  Сонымен  қатар  жалпы  қоғамдық  өмірмен  қалыптасатын  тұрақты 

жағдай да сөйлеу жағдаятын айқындайтын белгінің қатарына жатады.  

Тіл  үйретудің  алғашқы  күнінен-ақ  қарапайым  сұрақ-жауап  арқылы 

инофонды  диалогтық  сөйлеу  жағдайына  бейімдеу  әдістемелік  тұрғыдан 

тиімді  болып  табылады.  Сондықтан  көптеген  ғалым-әдіскер  сөйлеуге 

үйретуде тақырыптық ұстанымның орнына жағдаяттық ұстанымды ұсынады. 

Әрине, бұл ұстанымдар бірін-бірі жоққа шығармайды, керісінше, олар бірін- 

бірі ұштай түседі. Жағдаят диалогты тудырады. Оған орыс тілінің түсіндірме 

сөздігінде  мынадай  анықтама  берген.  «Ситуация  –  это  совокупность 

обстоятельств,  условий, создающих те или иные отношения, обстановку или 

положения» [2, 49-50 бб].   

Жағдаяттылық 

– 

инофонның 



үйренуге, 

меңгеруге, 

білуге 

қызуғышылығы,  меңгеру  жүйесіндегі  маңызды  стимул.  Жағдаяттылық 



(ситуативность)  –  сөйлеуге  үйретудің  маңызды  шарты.  Жағдаят  дегеніміз 

сөйлеуге  стимул.  Жағдаят  коммуниканттар  айналасындағы  заттар  емес, 

сөйлесушілердің  өзара  қарым-қатынас  жүйесі,  демек  әңгімелесу  дегеніміз 

шындық өмірде бір нәрсені сұрау, түсіну, сендіру, таңдану, ренжу және т.б. 

Сөйлеу жағдаяттарының  іс-әрекетіне байланысты болуы баяндау, әңгімелеу 


үшін стимул болып табылады, бұл-әдістемеде меңгеріп жатқан тіл – қатынас 

құралы  екендігін  де  сезінтетін  күшті  стимул.  Инофонның  сөйлеу  дағдысын 

және  сөйлеу  шеберлігін  қалыптастыру  үшін  жағдаяттылықты  өзектілендіру 

үнемі алға тартып отыру аса тиімді  [3].   

Диалогтың  қалыптасуына  сөйлеу  жағдаяты  тікелей  әрі  доминантты 

түрде  әсер  етеді.  Онсыз диалогтағы әңгіме  тақырыбын  түсіну  қиын.  Жалпы 

тілдің  қызметі  сөйлеу  жағдаяттарында  өзектіленеді.  Екеуінің  арасында 

белгілі бір байланыс бар

 

Жағдаят пен тілдің, диалогтың байланысын айтумен бірге ғалымдар тіл 



белгілі  жағдайда  керек,  сондықтан  тілді  үйретудегі  негізгі  мәселе  жағдаят 

болуға  тиісті  деген  пікірді  жиі  айтады.  Мәселен,  нақты  қатысымдық 

мақсатты орындату үшін бір тақырып көлемінде өзара байланысты бірнеше 

жағдаяттарды біріктіруге болады. Сөйлеу әрекетінің мақсаты тіл бірліктерін 

қолдану,  тіпті  өз  ойын  жеткізу  де  емес,  сөйлеу  мақсаты  шынайы  өмірде 

нақты  бір  әрекетке  итермелеу,  серіктесіне  өз  дегенін  орындату,  сондықтан 

инофондарды  нақты  жағдаяттар  моделіне  енгізу  арқылы  тілге  үйретудің 

тиімділігі  аса  жоғары  болмақ.  Ал  диалог  әсіресе  жағдаятқа  тәуелді  келетін 

сөйлеу құрылымы.  

Жағдаят  сөйлеу  тілін  үйреткенде  диалогтың  белгілі  бір  қажеттілікке 

сәйкес  болуын  қадағалап,  меңгерген  сөздерін  жеке-дара  емес,  бір  тақырып 

аясында  қолдануға  мүмкіндік  туғызған  жөн.  Жағдаят  тілдесім  барысында 

сөздерді  үнемді  жұмсауды  қамтамасыз  етеді,  хабарламаларды  қысқартуға 

мүмкіндік  береді.  Ал  бұл  өз  кезегінде  диалогқа  қатысушылардың  тілдік 

құралдарды  аз  жұмсай  отырып,  тақырып  бойынша  көбірек  мәлімет  беруге 

тырысатын  ынтасын  байқатады.  Мұндайда  инофондардың  айтпай  кеткен 

сөздерін, қысқартылған мәліметтерді жағдаяттық құрылым өзі толтырады.  

Тіл  меңгерудегі  сөйлеу  жағдаяттығының  мақсаты  –  инофондарды 

тілдесімге  дайындау,  сөз  арқылы,  диалогтық  сөйлесу  арқылы  тілдік 

қатынасқа,  диалогтық  тілдесімге  шығару.  Оның  негізінде  жағдаят  жатады, 

басқаша  айтқанда  тілдесім  жағдаят  арқылы  жүзеге  асады.  Инофонның 

әртүрлі  жағдаятқа  байланысты  қатысымдық  құзыреттілігін  қазақ  тілін 

меңгерудегі  әрбір  сабақтағы  лексикалық  минимум  арқылы  елтану, 

мәдениеттануға қатысты білімдері арқылы қалыптастыруға болады.  

Т.А. ван Дейк дискурсты прагматикалық мәнмәтінде қатысымдық оқиға 

ретінде  айқындай  отырып,  тілдесудегі  жағдаят  схемасын  талдап  қорытты. 

Бұған  тілдесуге  қатысушылардың  өзіндік  белгілерін,  диалог  жүріп  жатқан 

жердің  ерекшеліктерін,  мәнмәтін  сипаты  мен  тілдесуге  қатысушылар 

арасындағы  қарым-қатынасты,  олардың  әрқайсысының  өзіндік  жай-

күйлеріне,  сол  сәттегі  өздерін  ұстауларына  қатысты  өзгерістер  мен 

құбылыстарды,  сөз  болып  отырған  оқиғалар  мен  әрекеттердің  өздеріне  тең 

белгілерін жатқызады. Жағдаят схемасы сценарий ретінде жүзеге асады, яғни 

әңгіме белгілі тақырыптарда жүреді.  

Көптеген  ғалымдар  диалогтық  мәтін  немесе  дискурстың  пайда  болуы 

үшін  жағдаяттың  жалпы  сипаттамасы  (қалыпты,  тартысты),  екі  не  одан  да 

көп,  жеке  /  ұжымдық,  белсенді  /  баяу  серіктестері  әлеуметтік  рөлдері 



жағынан  тең  /  тең  емес,  серіктестердің  достық  /  ресми  сияқты  т.б.  тілдесу 

ахуалы хабарлама / ескертпе, әрі қарай нақтылауды талап етпеу сияқты тілдік 

қатынас  мақсаты  уақыт  тапшылығы  деген  сияқты  белгілер  қажет  деп 

көрсетеді  [4,  69  б.].  И.И.  Формановскаяның  пікірі  бойынша,  «дискурстық 

өзара  әрекеттесуді  туғызатын  қатысымдық  жағдаяттар  байланысты  бекіту, 

оны  қостау  және  тоқтату  сияқты  құрылымдық  бөлімдерден  тұрады.  Бірінші 

бөлімде  қаратпа  сөз  сәлемдесу  мақсатында  қолданылса,  екіншісінде  –  айту 

(адресация)    мен  қабылдау  (авторизация)  құралдары,  адамның  ықыласын 

ояту мен қуаттау мақсатындағы қызығушылық, эмоциялық белгілер және т.б. 

жатады. Үшінші бөлімде әңгіменің қорытындысы шығарылады, кешірім мен 

қолдау іске асады»,- деп түсіндіреді [5].  

Диалогтық  дискурс  аясында  жағдаят  деп  кең  мағынада  диалогқа 

қатысушы  серіктестер  мен  олардың  әрекеттері  арасындағы  құбылыстар  мен 

жайлардың жиынтығын айтады. Мұнда кім кімге не айтты, не туралы айтты, 

неге  айтты,  қандай  мақсатпен,  қандай  жағдайда  айтты  деген  мәселелер 

қамтылады.  Алайда  кез  келген  жағдаят  сөйлеуге  шақырады,  сөйлеуді  қажет 

етеді, сөйлесуді талап етеді деп ойлауға болмайды. Оқу-сөйлеу жағдаяты деп 

тек  қана  сабақ  үстінде,  сабақ  тақырыбына  сай  сөйлеуді  немесе  сөйлесуді 

туғызатын  әрекеті  бар  жағдаятты  айтамыз.  Алайда  «жағдаят»  түсінігін  тек 

қана өмірдегі бар нәрселердің, көзге көрініп тұрған дүниелердің маңайында 

деп  есептеу,  қателік  болады.  Бұған  көзге  елестету  арқылы  пайда  болып, 

сосын барып сөйлеу әрекетін туғызатын жағдаяттарды да жатқызуға болады.  

Сонымен  бірге  инофон  үшін  жаңа  әлеуметтік  ортада  қажет  типтік 

коммуникация  салаларын  анықтап  алу  керек.  Мұндай  сөйлеу  салаларына 

әлеуметтік-тұрмыстық,  оқу-тұрмыстық  және  әлеуметтік-мәдени  салалар 

жатады. Содан соң шынайы өмірлік талаптары, коммуникативтік сұрақтары, 

әлеуметтік  рөлі  оқытылады,  анықталады.  Коммуникативтік  ұстаным 

бойынша  диалогты  ұйымдастыруда  практикалық  қатынаста  өзекті  болып 

табылатын  жоғарыда  аталған  салаларға  тән  стандартты  сөйлеу  жағдаяттар 

анықталады.  

Сөйлеу жағдаяттары тұрақты және өзгермелі екі негізгі түрге бөлінеді. 

Тұрақты  (стандартты)  жағдаят  –  өзгермейтін  бағдарлама,  дайын  сценарий 

яғни  адамның  сөйлемейтін  әрекетіндегі  және  сөйлейтін  әрекетіндегі  нақты 

сәйкестік.  Ал  өзгермелі  жағдаят  та  сөйлеу  формалары,  оның  мазмұнына 

байланысты емес, жағдайға қарай өзгереді.  

Тіл  меңгерудің  бастапқы  кезеңінде  жағдаяттың  осы  екі  түрінің 

күнделікті  өмірде  жиілігі  жоғары,  таралымдығы  кең  стандартты  түріне  көп 

көңіл бөлінеді.  Қатысымның  тұрақты  (стандартты)  жағдаяттарын  тіл 

меңгерудің  кезеңіне  енгізе  отырып,  инофондардың  бірінші  кезектегі 

практикалық талаптарын, олардың коммуникативтік интенциясын басты етіп, 

коммуникативтік  сөйлеу  мақсаттарын  іске  асыруға  үйрету  жүзеге 

асырылады.  Демек,  қатысымға  қажетті  сөйлеу  нормаларын  меңгерту  қолға 

алынады.  Үйреніп  отырған  тілдің  сөйлеу  нормалары  жүйеленген  диалог 

арқылы тіл меңгерту бірте-бірте инофонның елтанымдық білімнің кеңеюіне, 

тілдік құзыреттілігінің қалыптасуына әкеледі.  


 

Қазақ  тілін  екінші  тіл  ретінде  меңгерудің  бастапқы  деңгейінде 

қатысымның  стандартты  жағдаяттары  «лингвоелтанымдық  аспектіні  де 

қамтуы»  тиіс.  Лингвоелтанымдық  аспекті  тіл  жүйесінде  қалыптасқан  қазақ 

тіліне  тән  сөйлеу  нормаларын,  қазақ  тіліне  тән  фразаларды  қамтиды.  Тіл 

меңгерудің  бастапқы  кезеңінде  стандартты  қатысым  жағдаяттары  мен 

олардың  салаларын  іріктеп,  оны  меңгеру  үдерісіне  біртіндеп  енгізген  жөн. 

Тіл меңгеруде берілетін микрожағдаяттарда ұлттық-мәдени мен елтанымдық 

білімдердің болғаны жөн.  

Елтанымдық диалогтардың ауқымы жоғары. Бастапқы деңгейде соның 

бір  ғана  түрі  –  узуалды-дәстүрлік  түріне  сипаттама  беріп,  оны 

лингвоелтанымдық  ұстаным  тұрғысынан  түсіндіріліп,  мағынасын,  оған 

сәйкес  белсенді  коммуникативтік  ұстаным  болатыны  айқындалғаны  дұрыс. 

Узуалды-дәстүрлік  термині  тілдік  мәліметтер  мен  дәстүрлік  сипаттағы 

мәліметтер  тығыз  байланысқан  мәтіндерге  тән  болып  табылады.  Узуалды 

фразалар  дәстүрлік,  салттық  қағидалар  бойынша  беріледі.  Демек,               

Е.М.  Верещагин.,  В.Т.  Костомаров  бойынша  айтсақ,  узуалды-дәстүрлік 

мәтіндер  дегеніміз  –  «бұл  берілген  сөйлеу  жағдаяты  үшін  міндетті  болып 

табылатын сөйлеу нормалары мен мінез-құлық нормаларының байланысуы» 

[6].  Узус  ұғымы  сөйлеу  жағдаяты  мен  сөйлеу  нысандарының  арасындағы 

байланысты көрсету үшін қолданылады.  

Кез  келген  адам  күнделікті  өмірде  белгілі  бір  әлеуметтік  іспен 

айналысады,  рөлді  ойнайды,  сол  арқылы  әлеуметтік  ортаның  өкілі  болады. 

Мысалы, қоғамдық көлікке мінсе – жолаушы, дүкенге кірсе – сатып алушы, 

үйге  келгенде  –  ата-ана,  жұмыста  –  маман,  қызметкер  т.б.  Осындай  қым-

қиғаш  өмір  салтына  байланысты  адамдар  қарым-қатынас  жасаудың 

рөлдерінің  бірінен-екіншісіне  көшіп  отырады,  кейде  бірнеше  рөлде 

қатарынан көрінеді.  

Сондықтан әр адам күнделікті өмірде өзі араласқан әлеуметтік ортаның 

ыңғайына  қарай  әрекет  жасап,  сөз  саптайды.  Пікір  алысушылардың  қай 

әлеуметтік  ортадан  екені,  әлеуметтік  белгісі,  әлеуметтік  рөлі  оның  сөз 

саптауына,  яғни  сөз  әдебіне  тікелей  ықпал  етіп  отырады.  Қарым-қатынас 

жасаушы, сөйлесуші белгілі бір әлеуметтік жіктің өкілі десек, онда адамның 

дағдылы  іс-әрекеті  немесе  әлеуметтік  әдебі,  оның  ішінде  сөз  әдебі  сол 

әлеуметтік  жікке,  ортаға  лайық  болады.  Бұл  тілдік  қарым-қатынастың 

әлеуметтік  сипатын  білдіреді.  Осыған  орай  сөйлеушілердің  мынадай 

әлеуметтік белгілері сараланады:  

-

 



жас ерекшелігі (бала, ересек, қарт); 

-

 



мекені (ауыл тұрғыны, қала тұрғыны); 

-

 



кәсібі, жұмысы (қызметі); 

-

 



отбасындағы орны (әке, шеше, отбасы мүшесі т.б.). 

Күнделікті  қарым-қатынаста  сөйлеушілердің  әлеуметтік  белгілері  бір-

бірімен  сабақтасып  жатады.  Мұнда,  негізінен,  кез  келген  адам  өзінің 

әлеуметтік  белгілеріне,  ондағы  орнына  қарай  сөйлейді:  бірінші  

сөйлесушілердің  тұрақты  әлеуметтік  белгілері  (жасы,  жынысы,  ауыл,  қала 

тұрғыны екендігі, қоғамдағы орны т.б.) және айнымалы әлеуметтік белгілері 



(жолаушы-жүргізуші,  емделуші-емдеуші,  тұтынушы-сатушы,  студент-

оқытушы,  оқушы-мұғалім,  оқушы-кітапханашы  т.б.);  екінші,  осындағы 

сөйлесушілердің  арасындағы  қатынастың  түрі  (таныс,  бейтаныс,  көзтаныс, 

көше  таныс,  жақын  адамдар  т.б.)  және  онда  сөйлесудің  қандай  жағдайда 

өтетіні (ресми, бейресми, салтанатты, бейтарап); үшінші, осы сөйлесудегі сөз 

тақырыбы  (тұрмыстық,  саяси,  ғылыми  т.б.)  ондағы  сөздің  қандай  тілдік 

ерекшелікте (әдеби, ауызша, жазбаша сөйлеу тілі (диалог) диалект, жергілікті 

қарапайым тілдік қолданыс т.б.) көрінуі жатады [7].   

Байқағанымыздай,  мұндағы  диалог  күрделі  сценаридің  вербалды 

көрінісі түрінде беріледі. Сөзге қатысушылар көп болғандықтан, инофоннан 

көп  икемділік,  неғұрлым  көбірек  әлеуметтік  рөлдердің  тілдік  кодын  білуді 

талап етеді. 

Дискурстық  жағдаяттардың  тобы  әлеуметтік-мәдени  салаға  да 

байланысты.  Ол  сөйлеу  актісіне  қатысушылардың  ресми  немесе  бейресми 

жағдайдағы  тілдесімі  саясат,  экономика,  ғылым,  экология,  мәдениет,  соғыс 

және  бейбітшілік;  ынтымақтастық  мәселелерін  талқылауы;  сонымен  қатар 

театр,  кино,  мұражай,  концертке  баруы;  стадион,  бассейн  т.б.  спорт 

кешендеріне  баруы  және  басқа  қоғамдық  шараларға  қатысуы;  кітапханаға 

баруы;  әдебиетке    қызығушылығы;  тарихи  ұлы  оқиғалар,  ел  мен  қаланың 

әсем табиғатын және көрікті жерлерін аралауы түрінде болуы ықтимал. 

Жағдаяттардан тағы мынадай проблемалық ситуациялар құрыла алады: 

демалыс  пен  көңіл  көтеруді  ұйымдастыру;  жастар  мен  еліміздің  өміріндегі 

мәдениеттің, спорттың, өнердің алатын орны; БАҚ-тың рөлі мен қызметі т.б. 

Осылайша,  тіл  меңгеруде  берілген  дискурстың  түрлеріне  байланысты 

жағдаяттар, проблемалар анықталғаннан кейін тіл үйренушілердің мәртебесі 

және  олардың  комммуникативтік  мақсаттары  белгіленіп  көрсетіледі. 

Сонымен бірге «әлеуметтік лингвистика саласы бойынша институционалдық 

дискурсқа»  [8,  28  б]  да  назар  аударылуға  тиіс,  мұнда  қатысушы-агент  пен 

клиенттің қатынасына байланысты мынадай түрлері болуы мүмкін: ұстаз бен 

шәкірт;  дәрігер  мен  науқас;  сатушы  мен  сатып  алушы;  полиция  қызметкері 

мен тұрғын, делегация мүшелері мен қабылдаушы; жүргізуші мен жолаушы; 

конференцияға қатысушы мен мекеме (елшілік) қызметкері т.б.  

Қорыта айтқанда, белгілі бір халықтың, ұлттың тілін үйренуде өзге елдің 

өкілі  алдымен  сол  халықтың  тіліндегі  әлеуметтік  қарым-қатынас 

ерекшелігіне назар аударады. Тіл үйренуді қарапайым қалыпты (стандартты) 

жағдаяттарды білдіретін (амандасу, рақмет айту, кешірім сұрау, комплимент 

айту  т.с.)  диалогтық  дискурстар  құрып,  әлеуметтік  белгілері  бар  сөздерден 

бастайды.  Бұл,  әрине,  диалогтық  дискурстың  жағдаяттық  типологиясының 

байланыс орнату, қарым-қатынасқа ұйытқы болу тәрізді өзіндік қызметі мен 

ерекшелігіне байланысты.  

Жағдаят  арқылы  тіл  үйренушінің  қазақ  тілін  екінші  тіл  ретінде 

меңгеруге  деген  қызығушылығын  арттыру  маңызды  мәселе.  Аталған 

мәселені  шешу  үшін  бүгінгі  тәжірибе  көрсеткендей,  тіл  меңгеру  үдерісінде 

белсенді оқыту формаларын қолдану керек. Бұл формалар екі жақты біріккен 

әрекетке жетелейтін инофонды тіл меңгеру үдерісінде басты субъект ретінде 


қарастыратын,  ал  қазақ  тілін  меңгеру  үдерісінде  әрекетке  бағыттайтын  тіл 

меңгертудегі жағдаят болып табылады.  

Жағдаят  арқылы  тіл  меңгеру  тіл  үйренушілер  айналасымен,  сонымен 

бірге  қазақ  тіл  иесі  ортасымен,  тілдік  орта,  қоршаған  оқу  ортасымен,  өзара 

әрекет етуде жүзеге асады. 

 

 



 

 

 



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1



 

 Ерназарова  З.Ш.  Қазақ  сөйлеу  тілі  синтаксистік  бірліктерінің 

прагматикалық негіздері:фил. ғыл. докт. … дис.:10.02.02. –Алматы, 2001.-246 

б. 


2

 

 Скалкин В.Л. Обучение диалогической речи:  пособие для учителей. 



 

Киев: Род. Школа, 1989. 



 156 с. 


3

 

 Күзекова  З.С.  Екінші  тіл  ретінде  қазақ  тілі  оқулығы  теориясының 



лингвистикалық  негіздері:  филол.  ғыл.  докт.  …  дис.:  10.02.02. 

  Алматы, 



2005. 

 307 б. 



4

 

 Дученко Т.Д. Обучение клишированной диалогической речи на основе 



ситуативно-тематического минимума на 1-курсе языкового вуза (английского 

языка): автореф. … канд. филол. наук. 

 Киев, 1984. 



28 с. 


5

 

 Формановская  Н.И.  О  коммуникативно-семантических  группах  и 



интенциональной  семантике  их  единиц  //  Языковое  сообщение  и  его 

единицы. – Калинин, 1986. – С. 18-27. 

6

 

 Верещагин 



Е.М., 

Костомаров 

В.Т. 

Язык 


и 

культура: 

лингвострановедение в преподавании русского языка как иностранного. 

 4-е 



изд., перераб. и доп. – М., 1990. 

 246 с. 



7

 

 Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. докт. 



... дис.: 10.02.02. 

 Алматы, 2007. 



 336 б. 


8

 

 Сүлейменова  Э.Д.,  Шаймерденова  Н.Ж.,  Смағұлова  Ж.С.,  Ақанова 



Д.Х. Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі. 

  Астана:  «Арман-ПВ», 



2008. 

 392 б. 



 

 

Резюме 

В  статье  идет речь  о  особенностях  ситуации  при  усвоении  казахского 

языка как второго. 

 

                                               



 

Resume 

This  article  touch’s  upon  the  peculiarities  of  a  situation  in  learning  Kazakh 

language as the second language. 


  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет