бейнелеудің осы тектес ұмтылыстарын жергілікті теориялар мен
тұжырымдамалар деп белгілейді. Сонымен бірге жоғары дамыған елдер
авторларының әлеуметтану тұжырымдамаларында жаһандануға қарсы
тұжырымдамалар жиі кездеседі. Мысалы, француз интеллектуалдары мен
Германияның кейбір әлеуметтану мектептері жаһандануды француз және
неміс қоғамдарына төніп тұрған қауіп деп есептейді. Орталық Еуропа мен
Латын Америкасы елдерінің жаһандануға деген сенімсіздігі мен қауіптенуі
жоғары. Академиялық пайымдауларда әдетте жаһандану белгілі бір ғылым
шеңберінде қарастырылады, жаһандану сараптамасының ең жарқын мысалы
оның экономика пәні шеңберінде зерттелуі болып табылады, осы тектес
әдісті, экономикалық дамудың ерекше нұсқасын Иммануил Валлерстайн
ұсынды. Жаһанданудың идеологиялық пайымдаулары әдетте оған қарсы
шығудан немесе оны қолдаудан тұрады. Жаһандануды жақтаушылар оны
капитализмнің бүкіл әлем бойынша жеңісті жорығы деп суреттейді.
Жаһанданудың қарсыластары одан әлемнің батыстық емес аймақтарында
Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк немесе Дүниежүзілік сауда
ұйымы сияқты ұйымдар үстемдігінің орнығуын көреді.
Қазақстанның әлеуметтану ғылымы үшін жаһандану теориясының
маңыздылығы неде? Ең алдымен оның тәжірибелік маңызы бар. Жаңа заман
әлеміндегі кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттердің мүмкін-діктері мен
болашағын бағалау үшін әлем-жүйе сараптамасына бет бұру көп жағынан
жемісті болып табылады. Бұл әдіс әлеуметтік өзгерістерді мемлекеттік
деңгейде талдауға құрылған дәстүрлі теориядан артықшылығын осыдан
ширек ғасыр бұрын көрсетті, бұл халықаралық ғана емес, кейбір ішкі
“эндогенді” процестерді ұғынуды шектейді. Жаһандану теорияларының
кейбіреулерін егжей-тегжейлі қарастырып көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: